Оқылым. Абай Құнанбаев қазақтың бас ақыны Абайдың әкесі Құнанбай оқуды, білімді бағалаған. Ол өзінің балаларын қалаға жіберіп, оқытқан. Анасы Ұлжан сабырлы, тапкыр адам болған.…
Оқылым. Абай Құнанбаев қазақтың бас ақыны Абайдың әкесі Құнанбай оқуды, білімді бағалаған. Ол өзінің балаларын қалаға жіберіп, оқытқан. Анасы Ұлжан сабырлы, тапкыр адам болған. Абай есімін оған бала кезінен «ойлы», «ақылды» деген мағынамен берген. Абай он екі жасынан бастап өлеңдер жазған. Абайды әкесі он жасында оқуға берген. Ахмет Риза медресесінде үш жыл оқыды. Кітапты бір рет оқып, екінші рет кітапқа қарамай, жатқа айтып шығатындай зерек, ұғымтал бала болған. Ол көп талпынған. Абай медреседе Науаи, Сағди, Физули сияқты ақындардың шығармаларымен танысқан. Ол мұсылманша оқумен шектелмей, Семей қаласындағы Приходская школаға түсіп, орысша да оқи бастаған. Сабақтарды оқып, білу Абайға оңай болған. Сондықтан барлық уақытты өз бетімен кітап оқуға жұмсаған. 1-тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтыр. 1. Абайдың әкесі-Құнанбай 2.Ол үш жыл оқыды. бағалаған. 3. Абай мұсылманша шектелмей, да оқи бастаған.
- Абайдың әкесі-Құнанбай оқуды, білімді бағалаған.
- Ол үш жыл оқыды.
- Абай мұсылманша шектелмей, Семей қаласындағы Приходская школаға түсіп, орысша да оқи бастаған.