Новая Школа - онлайн-школа подготовки к ЕГЭ
Задача Задача №1170326
А
Аноним
27 мая 2024 07:41 · публичный вопрос
А
Аноним

Тіл - біздің түп-тамырымыз, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші, ғасырлар бойы сақтаушы асыл қазына. Адам баласының рухани байлығы, тәрбиесі, білімі бәрі де тіл арқылы жетіледі. Тіл…

Запрос пользователя

Тіл - біздің түп-тамырымыз, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші, ғасырлар бойы сақтаушы асыл қазына. Адам баласының рухани байлығы, тәрбиесі, білімі бәрі де тіл арқылы жетіледі. Тіл үйрену арқылы адам жаңа бір әлемнің есігін ашады. Көптілді білім-көп мәдениетті тұлғаны қалыптастыруға жол көрсетеді. Сондықтан бүгінгі таңда елімізде «Үш тұғырлылық» жобасы аясында қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйренуге барынша жағдайлар жасалуда. Тілдердің үш тұғырлылығы идеясына байланысты Елбасы "Қазақ тілі мемлекеттік дәрежесінде «бүкіл қоғамымызды біріктіруші» қызметін атқарса, орыс тілі ұлт өкілдері арасындағы қарым-қатынастарға қызмет етеді, ал ағылшын тілі әлемдік экономикаға, әлемдік қауымдастыққа кірігуімізге қызмет етеді" деген болатын. «Әр елдің тілін, өнерін білген кісі өзгемен бірдейлік деңгейде сұхбаттаса алады» депті Абай атамыз. Ал үш тіл білу-мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін манызды құралы болып табылады. Тіл-мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтын рухани байлығы. Тіл- тәуелсіздіктің қуатты құралы. Өйткені тіл-адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастырып, табыстырады. Жалпы тіл арқылы өнер-білім, мәдениет, қоғам дамиды. Халық өзінің ғасырлар бойы жасаған асыл мұраларын ұрпақтан ұрпаққа алдымен ана тілі арқылы табыс етеді. Ендеше, ана тіліміздің ұлттық құндылығын сақтай отырып, көптілді меңгерудің мүмкіндігі мол екендігін ұмытпайық. ВЫПИШИ ИЗ ЭТОГО ТЕКСТА 3 ГЛАВНЫХ ПРЕДЛОЖЕНИЯ

Ответ нейросети
27 мая 2024 07:41
  1. Тіл - біздің түп-тамырымыз, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші, ғасырлар бойы сақтаушы асыл қазына.
  2. Тіл үйрену арқылы адам жаңа бір әлемнің есігін ашады.
  3. «Әр елдің тілін, өнерін білген кісі өзгемен бірдейлік деңгейде сұхбаттаса алады» депті Абай атамыз.