Запрос пользователяҚазақстандағы панисламизм және пантүр- кизм. Қазақстанның көпұлтты мемлекет ретін- де тарихи дамуының негізгі ерекшелігі оның жергілікті халқының түркітілдес халықтардан қүралуында еді. ХХ ғасырдың басында панис- ламизм және пантуркизм ұлт-азаттық қоз ғалыстардың идеясына айналып, тегі мен тағ- дыры бір түркі халықтарын жақындата түсті.
Түркі-мұсылман әлемінің өкілдері қазір де Қазақстан халқының басым бөлігін құрайды. Қазіргі кезеңдегі түркі және мұсылман халық- тары өздерінің ұлттық идеологиясының негізінде этномәдени және діни ұқсастықтарын сақтауға тырысады, түркі халықтарының даму жолдарын біріктіру амалдарын қарастырады.
Осылайша пантуркизм идеясының мәні түркі халықтарын біріктіру, ал панисламизм идеясының мәні мұсылмандарды біріктіру болды. Пантүркизмнен шыққан «жәдидшілдік» екі идеяның ағар- тушылық пен діннің бірігуін білдіреді. Жәдидшілдіктің негізін қалаған Исмаил Гаспринский (1851-1914)
1883 жылы Ресейдегі мұсылмандар «тіл, идея, әрекет жагында да
бірігу керек» деп атап көрсетті.
ХІХ ғасырда ресейлік мұсылмандар, әсіресе ханафи мазхабын ұстанатын қырым татарлары, башқұрттар, қазақтар және т.б. араскаль «надияным» деген атау алгии когамдык сався войне пояткері козгалыстар өріс алды.
тармандар тобы мен дінге Рефераты. Жолидтілдер молдалар мен дінге еритін барлык махнат три оркениеттің артыкшылыктары тарбие беру мен
гарту арнсиянында жадидизм агартуменгеруді, гылымндері мен аркылы көрсетуге талпынды. Кен на дамуын, авырлы пәндерді меңгеруді, ғылымның жетіс тіктерін қолдануды, ойелдер тендігін білдіреді.
Жадиднілдік қозғалысы мектептер мен медреселерде «усул-и жодида аталатын оқытудың дыбыстық жаңа әдісін қолданудан металды. Жәдидшілдер діни фанатизмді сынады, ескі діни мектеп- Ферден ұлттық зайырлы мектептерге көшуді талап етті, ғылым мен мәдениеттің дамуын қолдады, газет-журналдарды ана тілінде шығаруға ұсыныс жасады. Бұл қоғамдағы демократиялық күштерді біріктіруге ықпал етті.
1905 жылы Бүкілресейлік мұсылман одағы (Иттифак муслимин) құрылып, оған қазақ дінбасылары да мүшелікке кірді.
1917 жылы Ақпан революциясынан кейін осы идеялар негізінде бірқатар саяси партиялар пайда болды. Мысалы, «Ислам кеңесі» («Шура-ислами»), «Діни қауым кеңесі» («Шура-улема») және т.б.ХХ ғасырдың басында өлемдегі күшті империялардың түркі халықтарының бірігуінен немесе ислам дініндегілердің бір ұранның астына жиналуынан алаңдағаны сонша, бұл идеяларды заңсыз деп таныды. Сол үшін де түрікшілдікті «пантүркизм», исламшылдықты «панисламизм» деп атады.
1905 жылғы ресейлік революциядан кейін өрлей бастаған жалпы- ресейлік мұсылмандық қозгалыстар, біріншіден, Мемлекеттік Дума деңгейінде түркі және басқа мұсылман халықтарының ең өзекті саяси және өлеуметтік мәселелерін көтеріп, оларға отаршыл биліктің назарын аударды. Екіншіден, мұсылман елдерінің ұлт-азаттық қозгалысына қолдау жасап отырды.
Қазақстандағы үлттық либералды-демократиялық қозғалыс. ХІХ-ХХ ғасырларда қалыптасқан ұлт зиялылары Қазақстандағы ұлт- азаттық қозғалыстың дамуында маңызды рөл атқарды. Қоғамдық- саяси қызметтері бойынша ұлт зиялылары қоғамның түрлі топтарын біріктірді. Олардың қатарында шенеуніктер, дәрігерлер, мұғалімдер, заңгерлер және т.б. мамандар болды. Қазақ зиялыларының басым бөлігі либералды-демократиялық бағыт ұстанды. 1905 жылы орыс революциясынан кейін олардың кейбірі кадеттер партиясының (конституциялық демократтар немесе «Халық еркіндігі» партиясы) қүрамына өтті. 1917 жылы «Алаш» партиясын құруға қатысты. Олардың қатарында, негізінен, қазақтардың ақсүйек тобынанО. Бөкейхан, Б.Қаратаев, Ж.Ақбаев т.б.) жоне карапайым Арасынан ппаққандар да болды (А.Байтұрсынұлы т.б.). Ұлттық либералды-демократиялык козғалыс өкілдерінің квани хата
халқының мүддесін қорғау жолындагы күресінің өзіндік ерег шелігінің бірі түрлі петициялар (отініш-талантар) жолдау болам, Ауқымды әрі мазмунды петициялардың бірі 1905 ЖЫЛДЫҢ шілдесінде Қарқаралы қаласына жақын жердегі Коянды (Ботов) піллесікесінде өткізілген мижергілікті халықты Каркарали жәрменкес калды. Петицияда жермеу, патша өкімдеріні нетнины аяқасты етуге жол тілінде жүген абырой тыйым салу, халыкты анау, тартып алуым сіздыру, қоныстандыру салардың діни істерін басқаруды жерлерді дастырарға қайтару, қазактардын діни арбаскаруды Орынбор Муфтиятына беру немесе жеке діни басқару органын құру сияқты талаптар қойылды.
Қазақ ұлт зиялылары ұлттық саяси баспасөз органдарын құруға белсенді атсалысты. 1905 жылдан бастап ұлт зиялылары халықтың мұқтаждығын талқылау, қазақ қоғамының мүддесін мұсылман съездерінде қорғау үшін бүкілқазақтық съездер шақыруға әрекеттер жасады.
Ұлт зиялыларының бір тобы социалистік идеяларды ұстанып, социал-демократтар немесе эсерлермен (социал-революционер- лермен) ынтымақтастықта болды. Олардың арасында С.Сейфуллин, С.Меңдешев, К.Тоғысов және т.б. ерекше көзге түсті.
Ресейдегі революциялық оқиғалар және Қазақстанның өнеркәсіп орталықтарындағы жұмысшылар толқулары. Революция қарсаңында (1905-1907 жж.) өлкеде жергілікті билік өкілдері мен капиталистердің озбырлығына қарсы жұмыс- шылар мен шаруалардың және де басқа да топ өкілдерінің ұйымдаспаған бас көтерулері болды. Жалпыресейлік қаңтар-ақпан ереуілдеріне Орал, Перовск, Түркістан, Шалқар және т.б. қалалар- дағы теміржол шеберханалары мен деполарының жұмысшылары белсене қатысты. 1905 жылдың күзіне дейін Омбы, Ташкент, Верный қалаларында шерулер мен митингілер өткізілді.Революцияның ауқымынан сескенген патша 1905 жылдың 17 қазанында манифест жария дап, демократиялық бостандықтарды беруге уәде берді және Мемлекеттік Думаны шақыруға рұқсат етті.
Патша манифесті жариялағаннан кейін Қазақ- станның Перовск, Орал, Қарқаралы, Павлодар және т.б. қалаларында бұқара халықтың қа тысуымен митингілер өтті. Дала өлкесіндегі ереуілдерді үйымдастырушылар үлт-азаттық қозғалыс көшбасшылары А.Байтұрсынұлы, Ж.Ақбаев және т.б. болды. 1905 жылдың 15 қара- шасында Қарқаралыда митинг болып, үйымдастырушылар кейбір шенеуніктерді жүмыстан қуды немесе басқа жерге ауыстыруға ықпал жасады. Осы Қарқаралы митингісіне қатысушылар кейін қудаланды, ал оны ұйымдастырушы Ж.Ақбаев Якутияға жер аударылды.
1905 жылдың желтоқсан айында Успен мыс кенішінде ереуіл болды. Кеніш жүмысшылары Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағын құрды. Жұмысшылар жалақыны көбейтуді, тұрмыс жағдайын жақсартуды, дәрігерлік қызметті тегін көрсетуді, жыл сайын ақылы еңбек демалысын беруді, орыс-қазақ училищесін ашуды талап етті. Кеніш иелері олардың талаптарын ішінара қанағаттандыруға мәжбүр болды. Жалақы мөлшері едәуір көбейтілді, 8 сағат жұмыс күні енгізілді, кейбір азық-түлік өнімдерінің бағасы арзандатылды. Жұмысшыларға су отпейтін арнайы киім-кешек, аяқкиім берілді. Мұның өзі қазақ және орыс жұмысшыларының алғашқы бірлесіп жасаған іс-қимылының нәтижесі еді.
1905 жылғы желтоқсанда Мәскеуде қарулы көтеріліс басылғаннан кейін, реакция революцияны тұншықтыра бастады. Бұл оқиға Қазақстанда да қайталанды. 1905-1906 жылдары патша жарлығы бойынша Ақмола және Семей облыстарында әскери жағдай енгізілді. Сібір, Солтүстік Қазақстан аумағында жазалау шаралары басталды. Жаппай тұтқындаулар, жұмыстан босатулар мен жер аударулар жүргізіліп, ең бірінші белсенділік танытқан мүшелер зардап шекті. 1906 жылы шілде айында Семей қаласында жаппай ереуіл орын алды. Шілденің 3-інде Ертіс аймағында басталған ереуілдің басты талаптары экономикалық мазмүнда: жұмыс күнін 10 сағатпен шектеу, балалар үшін 8 сағат, ауырған күнге ақы төлету, жалақыны көтеру жұмые мерзімінен кұкығын қорек котиру салу, сонымен қатар әйелдердің құқығын қорғау болдьу 1906 жылдың көктемінде теміржол желілерінде толқулары етті. Қазалы дый грі пры деполарының жумысшылары 8 сағаттық жұмыс күнін енгізуді талап етті. теміржолшылар.
1912 жылдың көктем және жаз айларында жұмысшы қозғалы сының өрістеуінің жаңа кезеңі басталды. Орал-Каспий мұнай қоға мының Доссор мен Ембі кәсіпшіліктеріндегі жұмысшы ереуілдері табысқа жетті. Әкімшілік жұмысшылардың жалақысын көтеруге мәжбүр болды.
Қазақстандағы аграрлық қозғалыстар. Патшалық Ресейдің жүргізген реформалары қазақ халқының жаппай жерсіз қалуына, кедейшілікке және әлеуметтік шиеленістердің артуына әкелді. Қарсылықтың ұйымдаспаған көріністері қожайындарды, өкімет өкілдерін соққыға жығудан, салықтар төлеуден бас тартудан, малды айдап әкетуден, егістіктерді өртеу іс-әрекеттерінен көрінді. Қарсылықтар Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстарында және Жетісуда ерекше орын алды. Патша өкімшілігі әдейі ұлтаралық жанжал туындатып, қоныс аударған шаруаларды қазақтарға қарсы қойып отырды. Қоныс аударушылардың деревняларындағы ауқатты топтар мен қазақ ауылдарындағы еңбекшілердің арасында жер телімдері үшін күрес күшейе түсті.Сонымен катар казак шаруалары жергілікті бай-шонжарлардан да зардап шекті. Байлар ауыл немесе ауылдық қауымға берілген жерді қарапайым шаруаларга жогары бағамен жалға берді. Қазақ шаруалары өз жерлерінен күштеп көшіруге қарем шығып, патша шенеуніктері, болыс билеушілері, ауыл старшындарының талап- тарын орындамай, согыс шығыны ретінде жиналатын салықтарды төлеуден бас тартты. Ауызша және жазбаша білдірген наразылық талаптар өз нәтижесін бермегендіктен, кейбір жерлерде шаруалар карсылық әрекеттерге көшті. Мысалы, Черняев уезі Ноғай-Нұра болысының қазақтары болыс билеушісі мен старшынға шабуыл жасап, алым-салық құжаттарын жойып жіберді. Бұқаралық аг рарлық қозғалыстар қоныс аударушылардың арасында да көрініс тапты. Соғыс жылдарында қоныс аударушы шаруалар қымбатшы- лыққа, салықтар мен міндеткерліктердің өсуіне қарсылықтарын білдірді.
1915 жылы наурыз айында Жетісу облысы Верный, Лепсі және Пржевальск уездеріндегі тұрғындар патша үкіметінің ауылшаруа- шылығы өнімдеріне арзандатып қойған бағалар саясатына қарсы шықты.
Жалпы алғанда, бірінші буржуазиялық-демократиялық револю- ция мен дүниежүзілік соғыс жағдайында өрістей түскен Қазақстан- дағы аграрлық қозғалыс өлі де әлсіз болып, жекелеген шаруа қозғалыстарының шеңберінен шыға алмады.
Сонымен, ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамында түрлі саяси ағымдар, көзқарастар өрістеді. Түркішілдік, исламшылдық, ұлттық- демократиялық, социал-демократиялық қозғалыстар қалыптасып, дамыды. Бұл ағымдардың саяси өзегін ұлт зиялылары, оның ішінде ұлттық интеллигенция өкілдері құрады. Ұлт зиялылары өкілдерінің қоғамдық-саяси қызметінің негізгі түрлері: саяси баспасөзді дамы- ту, петициялық қозғалыстарды жетілдіру, бүкілқазақ съездерін шақыру, мұсылман съездеріне қатысу, думалық қызметтерге ара- ласу, ең бастысы барлық жерде қазақ халқының мүддесін қорғау болды.
краткий пересказ