Байбөрі баласы Бамсы Байрақ туралы жыр Қамғанұлы Баяндыр хан орнынан тұрды. Қара жердің үстіне ақ отауын тіктірді. Айнала қалы кілем төсетті. Іш Оғыз, Тыс Оғыз бектері Баяндыр…
Байбөрі баласы Бамсы Байрақ туралы жыр Қамғанұлы Баяндыр хан орнынан тұрды. Қара жердің үстіне ақ отауын тіктірді. Айнала қалы кілем төсетті. Іш Оғыз, Тыс Оғыз бектері Баяндыр ханның сұхбатына жиналды. Бүл сүхбатқа Бай- бөрі Бек те келді. Баяндыр ханның қарсысында Қара Көнеұлы Қара Будақ, оң жағында Қазанұлы Ораз Бек, сол жағында Қазылық Қожаұлы Бек Игенек тұрды. Байбөрі Бек бұларды көргенде «аһ» ұрды, басы айналып кетті, орамалын қолына алып, өксіп-өксіп жылады. Сол кезде қалың оғыздың арқасы, Баяндыр ханның күйеу баласы Салар Қазан тізерлеп отыра кетіп, көзін тігіп, Байбөрі Бек- тің жүзіне қарады да: Байбөрі Бек, неге боздап жылайсың?- деп сұрады. Хан Қазан, қалай жылап, боздамайын, үлда нәсібім жоқ, қарындасқа қадірім жоқ. Алла Тағала мені қарғапты. Бектерім, тәжім үшін, тағым үшін жылаймын. Бір күні мен де кетермін, өлермін, орнымда, ел-жұртымда қалатын ешкімім жоқ, деді. - Мақсұтың осы ма еді? деп сұрады Қазан. Иә, мақсұтым осы, менің де үлым болса, хан Баяндырдың қарсысында тұрып, құлдық етсе, мен де қарап көңілденсем, қуансам, тірек етсем, деді Байбөрі Бек. Мұны естіген қалың Оғыз бектері көкке қарап, қол жайып, дұға қылды: «Алла Тағала саған да бір ұл берсін!» деп тіледі олар. Сол кезде Бай Бижан да орнынан тұрды: Бектерім, менің де бір тілегім бар. Алла Тағала маған да бір қыз берсін, деді. Қалың Оғыз бектері қол жайып, дұға қылды: «Тәңірім саған да бір қыз берсін!» - Алла Тағала егер маған шынымен қыз берсе, куәгері мына сендер, менің қызым Байбөрі Бектің ұлына үкілі Кертпе бесік қалыңдық болсын!- деді. Бұдан кейін біраз заман өтті. Алла Тағала Байбөрі Бекке бір ұл, Бижан Бекке бір қыз берді. Оғыз Бижанның қызына Бану-Шешек деп ат қойды. Бұл екі нәрестені бесікте жатқанда атастырып қоя- ды. Мұны естіген қалың Оғыз бектері қатты қуанып, шат болды. Байбөрі Бек көпестерін шақырып, бұйрық берді: - Ей, көпестер, Алла Тағала маған перзент сыйлады, сол ұлым өскенше Рум еліне барып, ұлыма жақсы тарту әкеліңдер!- деді. Көпестер жолға шыққан еді. Ыстамбұлға барып, қолға түспей- тін, сирек кездесетін қымбат дүниелер алды. Байбөрінің ұлынаарнап теңіз құлыны Бозайғырды алды, қадалуы қатты садақ алды. Одан басқа алты қырлы күрзі, өткір қылыш алды. Бұлар қайта оралғанша бірнеше жыл өтті. Байбөрінің ұлы бес жасқа, одан онға, одан он бес жасқа толды. Бектердің ішінде қылышқа шалымды, зор денелі, өнерлі, жақсы жігіт болып өсті. Ол заманда ұл балаға бас кеспесе, қан төк- песе, ат қойылмайтын еді. Байбөрі Бектің ұлы бір күні аңға шықты. Алдымен ол әкесінің ат қорасына келді. Атбегі оны қарсы алып, аттан түсіріп, қонақ етті. Алыстан сапар шегіп, мақсат-мұрат тарына жетіп келе жатқан көпестер Қара Дербент аузына жақын келіп қонады. Сол кезде Евнук қаласының кәпірлері бұларға шабуыл жасап, бар байлығын тонайды. Көпестердің үлкені қолға түсе- ді, кішісі қашып, Оғызға келеді. Оғыз- дардың шетінде тігулі тұрған көлеңкелі ала шатырлы үйде бір бектің ұлы қырық жігітімен дем алып отыр екен. Оғыздың сол сұлу жігітіне көпес келіп, медет сұрады. Бұл жолы ұғлан ішкелі отырған шарабын ішпей, алтын тостағанын жерге қойды да: Не деп тұрсың? Кәне, киімім мен тұлпарымды әкеліңдер! Ей, мені қоше- меттейтін жігіттер, мініңдер атқа! деді. Кәпірлер бір жерде ақша бөлісіп жа- тыр екен. Сол араға жігіттердің арыста- ны, палуандардың қабланы бозұғлан келіп жетті. Бір-екі демеп, кәпірлерге қылыш сермеді, бас көтергендерін түгел қырып, саудагер көпестердің малын қай- тарып әперді. Көпестер риза болып: Бек жігіт, сен үлкен ерлік істедің, кел, мына малдан ұнатқаныңды ал, деді. Жігіттің көзі біресе теңіз тайы Бозайғырға, біресе алты қырлы күрзіге,түр- ған жігіт Байбөрінің ұлы екенін білмеді. Жігіт астындағы атын тебініп, жолғабіресе ақ кірісті садаққа, біресе қылышқа түсіп, сол төртеуін де үнатты. Ей, көпестер, мына бозайғырды, күрзі мен қылышты, садақты маған беріңдер, - деді. Бұл сөзді естіген көпестер шошып кетті. - Көп пе қалағаным? деді жігіт. Неге көп болсын, бірақ біздің бегі- міздің жалғыз ұлы бар еді, бүл төрт зат соған арнап алынған сыйлық еді, деді. Бегіңіздің ұлының аты кім еді? деді. Байбөрінің ұлының аты Бамсы дейтін еді, деді олар. Олар мына түр- ған жігіт Байбөрінің ұлы екенін білмеді. Жігіт астындағы атын тебініп, жолға шықты. Көпестер артында қарап қала берді. Көп ұзамай көпестер келді. Бас иіп, сәлем берді. Байбөрінің оң жағында отырған бас кескен, қан төккен жігітті көрді де, иіліп ұғланның қолынан сүйді. Бұлар бүйткенде, Байбөрі Бектің ашуы ұстады. Ей, жындының ұлы жындылар, әкесі түрғанда ұлының қолын сүйер ме?- деді. - Хан ием, бұл жігіт сенің үлың ба еді? деді көпестер. Иә, менің ұлым. Хан ием, онда ренжіме, алдымен оның қолын өпкеніміз дұрыс, егер сенің ұлың болмаса, мына малымыз Күржістанға кететін еді, бәріміз түтқын болар едік, деді. Менің үлым бас кесті ме, қан төкті ме? Иә, хан ием, бас кесті, қан төкті, адам өлтірді. Ей, бүл үғланға ат қояр уақыт болды ма?- деді. - Иә, сұлтаным, ат қоятын уақыт әлдеқашан жетті. Байбөрі қалың Оғыз бектерін шақыртып, қонақ етті. Қорқыт ата келіп, ұғланға ат қойды. - Үнімді анда, сөзімді тыңда, Байбөрі Бек! Алла Тағала саған бір ұлды берді, бақытты болсын! Ақ туын ұстайтын мұсылмандардың арқасы болсын! Қарсы жатқан таулардан асар болса, Алла Тағала ұлыңа өткел ашып берсін! Қанды сулардан өтер болса, өткел берсін!Қарақұрым кәпірлерге кіргенде, Алла Тағала ұлыңа медет берсін! Сен үлыңды Бамсам деп айтушы едің, Мұның аты Бозайғырлы Бамсы Байрақ болсын! Атты мен бердім, жасын Хақ Тағала берсін!- деді. Қыз бен жігіт ер жетеді. Бір күні айдалада аң аулап жүрген Бамсы Байрақ бүлақ басында тігулі түрған қызыл шатырды кө- реді. Сөйтсе, ол Бану-Шешектің шатыры екен. Кең жазира да- лада «Қыз бөрі» ойыны басталады. Ойын шарты бойынша, қыз қашып, жігіт оны қуалайды. Бамсы Байрақ қызды қуып же- тіп, екеуі танысады. Қыз бен жігіт бір-біріне жүзік сыйлайды. Бамсы Байрақ қызды айттыруға адам жіберейін десе, қыздың ағасы Қарашар барған адамдардың басын кесіп, өлтіре береді екен. Құдалыққа Қорқыт атаны жібереді. Қылышпен Қорқыт- ты шаппақ болғанда, Қарашардың қолы қарысып қалады. Со- дан кейін Қарашар қалың малға: мың үлек, мың айғыр, мың қошқар, мың ит, мың бүрге сұрайды. Қорқыт өз кереметімен бәрін тауып береді. Үйлену тойы болады. Бірақ дәл сол түні жау шауып, Бамсы Байрақты тұтқындап әкетеді. Ол көп жыл зын- данда жатады. Ақыры қобыз тартып, ғажайып өнерімен жау қолынан құтылып шығады. Көп қиыншылықтар көріп барып, Бану-Шешекке үйленеді. осы мәтінге 5 тест сұрақ жаз,жауаппен бірге
Вот пять тестовых вопросов с ответами на основе предоставленного текста:
Кто является главной фигурой в рассказе, от которого впоследствии происходит Бамсы Байрақ?
- A) Баяндыр хан
- B) Байбөрі Бек
- C) Қарашар
- D) Бану-Шешек
- Ответ: B) Байбөрі Бек
Как звали дочь Оғыз Бижана, которая была назначена в женихи к Бамсы Байрақ?
- A) Бану-Шешек
- B) Гүлбаршын
- C) Қарашар
- D) Айша
- Ответ: A) Бану-Шешек
Какой обычай существовал в обществе относительно именования мальчиков?
- A) Имя давали сразу после рождения
- B) Имя давали только после охоты или сражения
- C) Имя давали только по желанию родителей
- D) Имя давали во время свадьбы
- Ответ: B) Имя давали только после охоты или сражения
Что произошло с Бамсы Байрақом после его свадьбы с Бану-Шешек?
- A) Он был убит в бою
- B) Он был взят в плен
- C) Он уехал в другой город
- D) Он стал ханом
- Ответ: B) Он был взят в плен
Кто помог Бамсы Байрақу спастись из плена?
- A) Его отец
- B) Бану-Шешек
- C) Қорқыт ата
- D) Его друзья
- Ответ: C) Қорқыт ата
Эти вопросы помогут проверить понимание текста и ключевых моментов нарратива.