Ұлы Жібек жолы - әлемдік өркениет тарихындағы не- Кабірлер, зираттар В. Месштабы 1:15:00 Улы Жібек жолы ғұрлым елеулі жетістіктердің бірі. Керуен жолдарының та- рамдалған жүйесі…
Ұлы Жібек жолы - әлемдік өркениет тарихындағы не- Кабірлер, зираттар В. Месштабы 1:15:00 Улы Жібек жолы ғұрлым елеулі жетістіктердің бірі. Керуен жолдарының та- рамдалған жүйесі Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуропа мен Азияны кесіп өтіп, ерте дүние мен орта ғасырда Батыс пен Шығыс мәдениеттерінің араласуының, сауда байла- ныстарының маңызды құралы қызметін атқарды. Жолдың неғұрлым ұзақ бөлігі Қазақстан мен Орта Азия арқылы өтті. Тарихи жолдың жібек саудасына байланысты «Жібек жолы» атанғаны түсінікті. «Ұлы» сөзінің қосылуы - жолдың кең-байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыс- тырып жатуынан. Сондықтан «Ұлы Жібек жолы» болып, тарихқа енді.Ұлы Жібек жолы Чаңаннан (қазіргі Ши-ан) басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 шақы- рымнан асады. Шығыста Қытай империясынан басталып, батыста Рим империясында аяқталды. 2. Ұлы Жібек жолының бойында еуразиялық көшпелілер біртіндеп өркениеттенуді бастарынан өткізді, олар өз ордала- рын, қалаларын, керуен сарайларын салып, саудаға бақылау жүргізді. Отырықшы өркениет көшпелілердің қару-жарақ, ат әбзелдерімен, әртүрлі бұйымдарымен танысып, өздеріне қабылдады. Қазіргі жаһанданудың алыс үлгісі ретінде Ұлы Жібек жолы Ұлы географиялық ашуларға дейін өмір сүрген. Өркениеттің индустриялық толқынына түрлі себептермен ілесе алмады1. Мәтінді түсініп оқып, тапсырмаларды орындаңдар. 1. Мәтіндегі ең басты мәселені анықтаңдар. 2. Мәтіннің стилін анықтаңдар. Белгілі бір стильде жазылғанына 3 дәлел келтіріңдер. 3. Тірек сөздерге қатысты 4 ашық сұрақ құраңдар. 4. Картадағы қалалар мен елдердің қазіргі атауларын атаңдар.
Что-то пошло не так. Ошибка: Error code: 429 - {'error': {'message': 'You exceeded your current quota, please check your plan and billing details. For more information on this error, read the docs: platform.openai.com.', 'type': 'insufficient_quota', 'param': None, 'code': 'insufficient_quota'}}