Маман байдың балалары Тұрысбек, Сейітбаттал және Есенқұл қазақ балаларына арнап Жетісу өңіріне белгілі өнер-білім ошағы «Мамания» мектебін соқтырды. Ағайынды Мамановтар қазақ бала-сының білімсіз қалғанына көзі жетіп, оларды білім-ғылымға баулыды. Есенқұл Маманов Уфадағы Ғалия медресесінің негізімен сегізжылдық мектеп салдырды. Мектеп құрылысына жер-жерден мықты шеберлер- 121 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 6-бөлім ді алдырып, оған «Мамания» мектебі деген ат берді. Мұғалімдердің жалақысы, оқушылардың кітап-қағазы, кедей балалардың тамағы, жа-тын орны секілді шығындардың бәрін Мамановтар әулеті өз мойнына алды. Кейінгі қазақ байлары, негізінен, Алаш қозғалысының халық ара-сына кең таралуына септігін тигізді. Қазақ баспасөзінің насихатшысы болып, қаржылық қиындықтарын шешті. Алашорда автономиясы жаңадан құрылған кезде де қаржылық және материалдық қажеттілік-терді өтеген осы қазақ байлары болатын. Олардың қатарында Қаражан Үкібайұлы, Медеу Оразбайұлы, Ике Әділұлы, Хасен Ақайұлы, Ыбырай Ақбайұлы, Иса Көпжасарұлы, Салық Омарұлы (Сырым батырдың шөбересі), Тобанияз Әлниязұлы, ағайынды Мамановтар, ағайынды Бекметевтер болды. Олар Алла берген несібені қарапайым халықпен бөлісіп, меценаттықтың жарқын үлгісін көрсетті. Атап айтсақ, Есенқұл Маманов «Қазақ», «Айқап» секілді басылымдарға жәрдем берді. «Айқап» журналының 1915 жылғы №7-8 санында Есенқұл туралы көлемді мақала жарияланған. Онда қазақ әдебиетінің тарихында тұңғыш рет роман бәйгесін тіккен Есенқұл Маманов екені айтылған. 1915 жылғы «Қазақ» газетінің санында байларды газетке қаржылай жәрдем беруге шақырған «Ауқатты Алаш азаматтарына» атты үндеу жарияланды. Сол кезде Есенқұл Маманов «Қазақ» газетіне 1274 сом көлемінде қаржылай көмек берген екен. Қазақ баспасөзіне қазақтың байы Қаражан Үкібайұлы да қаржылай көмектесіп отырды. 1918 жылы Мұхтар Әуезов «Абай» журналын шы-ғару үшін Қ. Үкібайұлынан қаржылай көмектесуін сұраған. М.Әуезовке жазған хатында Қаражан Үкібайұлы: «Журналды шығарсаңыздар болды, қанша қаражат керек болса да, үнемі беріп отырамын», деп жауап берген. Салық Омарұлының қаржылай көмегімен Жаһанша Досмұхамедұлы Мәскеу университетінің Заң факультетін бітірді. С.Омарұлы Алаш әскеріне арнап өз табынынан 200 жылқы атаған. Бұрын болыс, би болған Ике Әділұлы да Алашорда үкіметіне материалдық қолдау көрсеткен. Ал тағы бір қазақ байы Иса Көпжасарұлы Алаш милициясын жасақтау үшін табынынан 100 жылқы берген. Өкініштісі, заманында билік пен бұқараның алтын көпіріне айналған қазақ байларының көпшілігі репрессияның құрбаны болып кетті. Одан қалса, Кеңес өкіметі байлардың атын естісе шошынатын дәрежеге жеткізді.
1тапсырма
Осы мәтінге арнайы сұрақ дайындау
Нейросеть17 октября 2024 09:49
Мәтін бойынша келесі арнайы сұрақтарды дайындауға болады:
«Мамания» мектебін кімдер салдырды және оның мақсаты не болды?
Есенқұл Мамановтың Уфадағы Ғалия медресесінің негізінде қандай мектеп салдырғанын атап өтіңіз.
Мамановтар әулетінің оқушылар мен мұғалімдер үшін қандай әлеуметтік қолдаулары болды?
Қазақ байларының Алаш қозғалысына қосқан үлестері туралы не білеміз?
Есенқұл Мамановтың қазақ әдебиетіне қандай үлес қосқанын атап өтіңіз.
Қаражан Үкібайұлының Мұхтар Әуезовке қандай қолдау көрсеткені туралы не айтылған?
Алашорда автономиясының құрылуында қазақ байларының рөлі қандай болды?
Кеңес өкіметінің қазақ байларына деген көзқарасы туралы не жазылған?
Бұл сұрақтар мәтіннің негізгі мазмұны мен ақпараттарын тереңірек түсінуге көмектеседі.
Маман байдың балалары Тұрысбек, Сейітбаттал және Есенқұл қазақ балаларына арнап Жетісу өңіріне белгілі өнер-білім ошағы «Мамания» мектебін соқтырды. Ағайынды Мамановтар қазақ бала-сының білімсіз қалғанына көзі жетіп, оларды білім-ғылымға баулыды. Есенқұл Маманов Уфадағы Ғалия медресесінің негізімен сегізжылдық мектеп салдырды. Мектеп құрылысына жер-жерден мықты шеберлер- 121 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 6-бөлім ді алдырып, оған «Мамания» мектебі деген ат берді. Мұғалімдердің жалақысы, оқушылардың кітап-қағазы, кедей балалардың тамағы, жа-тын орны секілді шығындардың бәрін Мамановтар әулеті өз мойнына алды. Кейінгі қазақ байлары, негізінен, Алаш қозғалысының халық ара-сына кең таралуына септігін тигізді. Қазақ баспасөзінің насихатшысы болып, қаржылық қиындықтарын шешті. Алашорда автономиясы жаңадан құрылған кезде де қаржылық және материалдық қажеттілік-терді өтеген осы қазақ байлары болатын. Олардың қатарында Қаражан Үкібайұлы, Медеу Оразбайұлы, Ике Әділұлы, Хасен Ақайұлы, Ыбырай Ақбайұлы, Иса Көпжасарұлы, Салық Омарұлы (Сырым батырдың шөбересі), Тобанияз Әлниязұлы, ағайынды Мамановтар, ағайынды Бекметевтер болды. Олар Алла берген несібені қарапайым халықпен бөлісіп, меценаттықтың жарқын үлгісін көрсетті. Атап айтсақ, Есенқұл Маманов «Қазақ», «Айқап» секілді басылымдарға жәрдем берді. «Айқап» журналының 1915 жылғы №7-8 санында Есенқұл туралы көлемді мақала жарияланған. Онда қазақ әдебиетінің тарихында тұңғыш рет роман бәйгесін тіккен Есенқұл Маманов екені айтылған. 1915 жылғы «Қазақ» газетінің санында байларды газетке қаржылай жәрдем беруге шақырған «Ауқатты Алаш азаматтарына» атты үндеу жарияланды. Сол кезде Есенқұл Маманов «Қазақ» газетіне 1274 сом көлемінде қаржылай көмек берген екен. Қазақ баспасөзіне қазақтың байы Қаражан Үкібайұлы да қаржылай көмектесіп отырды. 1918 жылы Мұхтар Әуезов «Абай» журналын шы-ғару үшін Қ. Үкібайұлынан қаржылай көмектесуін сұраған. М.Әуезовке жазған хатында Қаражан Үкібайұлы: «Журналды шығарсаңыздар болды, қанша қаражат керек болса да, үнемі беріп отырамын», деп жауап берген. Салық Омарұлының қаржылай көмегімен Жаһанша Досмұхамедұлы Мәскеу университетінің Заң факультетін бітірді. С.Омарұлы Алаш әскеріне арнап өз табынынан 200 жылқы атаған. Бұрын болыс, би болған Ике Әділұлы да Алашорда үкіметіне материалдық қолдау көрсеткен. Ал тағы бір қазақ байы Иса Көпжасарұлы Алаш милициясын жасақтау үшін табынынан 100 жылқы берген. Өкініштісі, заманында билік пен бұқараның алтын көпіріне айналған қазақ байларының көпшілігі репрессияның құрбаны болып кетті. Одан қалса, Кеңес өкіметі байлардың атын естісе шошынатын дәрежеге жеткізді.
1тапсырма
Осы мәтінге арнайы сұрақ дайындау
Мәтін бойынша келесі арнайы сұрақтарды дайындауға болады:
1. «Мамания» мектебін кімдер салдырды және оның мақсаты не болды?
2. Есенқұл Мамановтың Уфадағы Ғалия медресесінің негізінде қандай мектеп салдырғанын атап өтіңіз.
3. Мамановтар әулетінің оқушылар мен мұғалімдер үшін қандай әлеуметтік қолдаулары болды?
4. Қазақ байларының Алаш қозғалысына қосқан үлестері туралы не білеміз?
5. Есенқұл Мамановтың қазақ әдебиетіне қандай үлес қосқанын атап өтіңіз.
6. Қаражан Үкібайұлының Мұхтар Әуезовке қандай қолдау көрсеткені туралы не айтылған?
7. Алашорда автономиясының құрылуында қазақ байларының рөлі қандай болды?
8. Кеңес өкіметінің қазақ байларына деген көзқарасы туралы не жазылған?