Қазіргі таңда қазақ халқының елеулі бір бөлігі ҚР-дан тысқары жерлерде тұрып жатыр. Батыс Еуропадағы бірқатар елдерде де қазақ диаспорасының өкілдері өмір сүріп келеді. Биыл Батыс Еуропа елдеріндегі қазақ диаспорасының қалыптаса бастауына 50 жыл толып отыр. Мұндағы қазақтардың алғашқы легі 1961 жылы Германия мен Түркия арасында қол қойылған «Еңбек миграциясы» туралы келісімшарт бойынша 1962 жылдан бастап Түркиядан Германияға қоныс аударған. Осындай келісімшарттар Түркия мен ол кезде еңбек күшіне мұқтаж басқа Еуропа елдері арасында да жасалған. Сол келісімшарттар негізінде қазақтар 1960 жылдардың алғашқы кезеңдерінен бастап 1970 жылдардың аяқ шеніне дейін Түркиядан Германияға, сонымен қатар Швеция, Франция, Австрия, Норвегия, Дания жөне Швейцария сияқты Батыс Еуропа елдеріне де көшкен. Осылайша Еуропа елдерінде қалыптасқан қазақ диаспорасының қатары 1980 жылдары Түркиядағы қазақтардың өз беттерінше Голландия, Франция, Ұлыбритания және Австрия сияқты елдерге қоныс аударуымен толыға түскен. Жалпы алғанда, Еуропада тұратын қазақтар екі топтан құралады. Бірінші топқа 1950 жылдары Қытайдың Шыңжаң аймағынан (бұрынғы Шығыс Түркістан) Пәкістан және Үндістан арқылы Түркияға көшкен, ол жерден жоғарыда аталған еңбек миграциясы арқылы Батыс Еуропа елдеріне қоныс аударған қазақ отбасылары мен олардың балалары жатады. Сан жағынан аздау келетін екінші топқа жататындар: 1920 жылдардың аяғында Қазақстанда жүргізілген кеңестендіру саясатының салдарынан елдерінен кетіп, Ауғанстан мен Иранға көшкен, әсіресе 1980 жылдардан бастап Түркия мен Иран арқылы Еуропаға келген қазақтар мен олардың ұрпақтары. Батыс Еуропаның өртүрлі елдеріне қоныстанып, тұрған жерлеріндегі тұрмысқа бейімделе бастаған сол қазақтар өздерінің ана тілдерін, ұлттық қасиеттерін, мәдениеттерін және салт-дәстүрлерін сақтап, оларды келешек ұрпақтарға жеткізудің қамына кіріскен. Осы мақсатқа орай олар қоғамдық ұйымдар құрып, топтаса бастаған.
Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастыр
Нейросеть19 ноября 2024 10:49
Қазақ диаспорасының Батыс Еуропада қалыптасуына қай жылы және қандай келісімшарт негізінде алғашқы миграция басталды?
Түркиядан Германияға көшкен қазақтардың қоныс аударуының қандай тарихи себептері бар?
Еуропада тұратын қазақтар қандай екі топқа бөлінеді, және олардың айырмашылықтары қандай?
Батыс Еуропа елдерінде қазақ диаспорасының мәдениеті мен тілін сақтау үшін қандай шаралар қолға алынып жатыр?
Қазақ диаспорасының өкілдері Еуропада қалайша өздерінің ұлттық қасиеттерін сақтап, келешек ұрпақтарға жеткізуді жоспарлауда?
Қазіргі таңда қазақ халқының елеулі бір бөлігі ҚР-дан тысқары жерлерде тұрып жатыр. Батыс Еуропадағы бірқатар елдерде де қазақ диаспорасының өкілдері өмір сүріп келеді. Биыл Батыс Еуропа елдеріндегі қазақ диаспорасының қалыптаса бастауына 50 жыл толып отыр. Мұндағы қазақтардың алғашқы легі 1961 жылы Германия мен Түркия арасында қол қойылған «Еңбек миграциясы» туралы келісімшарт бойынша 1962 жылдан бастап Түркиядан Германияға қоныс аударған. Осындай келісімшарттар Түркия мен ол кезде еңбек күшіне мұқтаж басқа Еуропа елдері арасында да жасалған. Сол келісімшарттар негізінде қазақтар 1960 жылдардың алғашқы кезеңдерінен бастап 1970 жылдардың аяқ шеніне дейін Түркиядан Германияға, сонымен қатар Швеция, Франция, Австрия, Норвегия, Дания жөне Швейцария сияқты Батыс Еуропа елдеріне де көшкен. Осылайша Еуропа елдерінде қалыптасқан қазақ диаспорасының қатары 1980 жылдары Түркиядағы қазақтардың өз беттерінше Голландия, Франция, Ұлыбритания және Австрия сияқты елдерге қоныс аударуымен толыға түскен. Жалпы алғанда, Еуропада тұратын қазақтар екі топтан құралады. Бірінші топқа 1950 жылдары Қытайдың Шыңжаң аймағынан (бұрынғы Шығыс Түркістан) Пәкістан және Үндістан арқылы Түркияға көшкен, ол жерден жоғарыда аталған еңбек миграциясы арқылы Батыс Еуропа елдеріне қоныс аударған қазақ отбасылары мен олардың балалары жатады. Сан жағынан аздау келетін екінші топқа жататындар: 1920 жылдардың аяғында Қазақстанда жүргізілген кеңестендіру саясатының салдарынан елдерінен кетіп, Ауғанстан мен Иранға көшкен, әсіресе 1980 жылдардан бастап Түркия мен Иран арқылы Еуропаға келген қазақтар мен олардың ұрпақтары. Батыс Еуропаның өртүрлі елдеріне қоныстанып, тұрған жерлеріндегі тұрмысқа бейімделе бастаған сол қазақтар өздерінің ана тілдерін, ұлттық қасиеттерін, мәдениеттерін және салт-дәстүрлерін сақтап, оларды келешек ұрпақтарға жеткізудің қамына кіріскен. Осы мақсатқа орай олар қоғамдық ұйымдар құрып, топтаса бастаған.
Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастыр
1. Қазақ диаспорасының Батыс Еуропада қалыптасуына қай жылы және қандай келісімшарт негізінде алғашқы миграция басталды?
2. Түркиядан Германияға көшкен қазақтардың қоныс аударуының қандай тарихи себептері бар?
3. Еуропада тұратын қазақтар қандай екі топқа бөлінеді, және олардың айырмашылықтары қандай?
4. Батыс Еуропа елдерінде қазақ диаспорасының мәдениеті мен тілін сақтау үшін қандай шаралар қолға алынып жатыр?
5. Қазақ диаспорасының өкілдері Еуропада қалайша өздерінің ұлттық қасиеттерін сақтап, келешек ұрпақтарға жеткізуді жоспарлауда?