Новая Школа - онлайн-школа подготовки к ЕГЭ
Задача Задача №2339240
А
Аноним
26 ноября 2024 00:16 · публичный вопрос
А
Аноним

Имантайдың өз шаңырағынан бұл мектепке тұңғыш қатынаған түлек Бөкеш еді. Бұл - 1907 жылы. Екі жылдан соң оған Қаныш та қосылады. Тоғызыншы жылы ол он жастан Ал губернатор…

Запрос пользователя

Имантайдың өз шаңырағынан бұл мектепке тұңғыш қатынаған түлек Бөкеш еді. Бұл - 1907 жылы. Екі жылдан соң оған Қаныш та қосылады. Тоғызыншы жылы ол он жастан Ал губернатор кеңсесінің «Болыстық мектептерге тек қана 15-16 жастағы киргиз балалары қабылдансын!» деген қатаң бұйрығы неліктен ескерілмеген? Ізбасар ұрпағының жастай орысша оқып, өнер-білімге талпынуын ойлаған Шорман ауылының иелері шәкірт жасына шек қойған ережеге бертінде өздерінше «түзету» енгізген. Соның пайдасы кішкентай Қанышқа да тиеді. Жалбыраған кекілі ұйпаланып маңдайын жапқан, қоңыр көзі кісіге томсырая қараған, құлағы қалқиғандау, тәмпіш мұрын, талдырмаш бойлы аққұба бүлдіршін ересек балалар- мен бірге дайындық бөлімінде отыр. Әлсін-әлсін айналасына жаутаңдап аңтарыла қарайды, бұл жерге қалайша тап болға- нына таң сияқты. Балалардың кішісі болғандықтан оған тағанның алдыңғысы тиген (әрине, ол кездегі ауылдық мек- тепте парта болмаған, көпшілігі үстелге де жарымаған). Құла тайдың құлағынан әрең көрініп, жұдырықтай Қаныштың мектепке келе жатқан кейпі де біржосын қызық. Қаршадай болып осынікі не азап деп жаның ашығандай... Ақкелін мектебінде бұл қарсаңда Григорий Васильевич Терентьев сабақ беретін-ді. Шыққан тегі татар, бірақ жас кезінен Еділ бойындағы орыс арасында өсіп, православие дініне кірген, жоқшылық көре жүріп, Қазандағы мұғалімдер семинариясын бітірген білімпаз азамат. «Мұғаліміміз Григорий Васильевич тамаша кісі еді. Қазақша өлең айтатын, қарттармен кеңес құратын. Бірақ класқа кірісімен қазақшаны «ұмытып», тек қана орыс тілін- де сөйлейтін, деп әңгімелеген Қаныш Имантайұлы 1949 жылы туған еліне келген сапарында күйеу баласы, жазушы Қайнекей Жармағамбетовке. Григорий Васильевич атбаз кісі болатын. Алғашқы жа- лақысына сатып алған, сырт тұлғасы өте көркем көк аты болды. Жұрт оны «Крыша көк» дейтін. Григорий Васи- льевич атына: «жат» десе жатады, «тұр» десе тұрады, «шап» десе далаға шаба жө- неледі. Ауылдағылар соған да таң болады. «Тілсіз жану- арды дегеніне көндіріп алған кісі балалардың орысша сөй- лемеген еркіне қоя ма? Оқу бұған әбден қонған, мұның айтқанын бұлжытпай орын- дау керек», - десіп, бір-біріне мадақ айтқанын талай рет есті- генмін». Шәкірт Сәтбаев, тақта алдына! дейді Григорий Васи- льевич. Қаныш жан-жануарлардың суреті ілінген тақтаға келеді. Мынау не? Жеребенок. Дұрыс, балақан. Түсі қандай? Саврасый. Осы құлынды қасқыр жеп кетті дейік. Соны енді Иман- тай атаңа қалай айтасың? Бала томсырайып тұрып қалады. Қане, қасқырды орысша қалай айтасың? Білсем де айтпаймын! деп шәкірт теріс айналады. Әй-әй, сірә, ұмытып қалғансың, ә? Потому что не мог жеребенка съесть волк. Наш Ка- сен-ага шибко смелый табунщик, не дал бы ему... Ересек балалар ду күледі: мына шіркіннің құртақан- дай болып қиқарлығын қара! Терентьев қолын жайып, жас шәкіртінің ұтымды жауабына сүйсініс білдіреді. Сөйтсе де, Қанышжан, мысал үшін айтып көрсеңші. Қане, не дер едің?- деп түсін суыта, үнін де қатайта қайыра сұрайды. Қасқыр сияқты жыртқыш аңның атын атауға бол- майтынын білмейтін ұстазына Қаныш томсырая қарап: Отец, саврасого жеребенка не съел хищник, потому что... потому что он далеко ускакал, дейді... СІБІР ШАМШЫРАҒЫНДА Технология институты Почтамт пен Бульвар көшелерінің өзара түйіскен тұсына орналасқан. Почтамт көшесі қаламен қойындасып жатқан тақиядай дөңгелек төбенің етегінен үшар басына дейін созылады. Университет те, институт та сол тө- бенің қала жақ іргесінде, бір-біріне иық тіресе іргелес тұрғы- зылған ғимараттар. Екеуі Том губерниясы ғана емес, ұлан- байтақ Сібір өлкесі мен Қазақстандағы бетке ұстар жоғары оқу орындары. Сол үшін де зиялы қауым Томи өзенінің жаға- сында ірге тепкен бұл қаланы ХІХ ғасырда-ақ «Сібір шамшы- рағы» атаған. Кейде тіпті ескі грек жұртының атақты ғылым ордасына теңеп, «Сібірдің Афинасы» деп те құрметтеген. Шынында да, Том шөрі, айтса айтқандай, сол күнде өнері озық, өнеркәсібі біршама өркендеген, басқа да тірлік-тыны- сы Сібір қалаларының көбінен ілгері мекен-ді. Осындағы университет он тоғызыншы ғасырдың 80 жылы ашылған, ал технология институтының өмірге келуі 1900 жыл. Университеттің оқу корпустары классикалық ескі үлгіде қаланған, аудиториялары, кабинеттері биік те кең. Әсіресе бас ғимараты, кітапхана үйі, анатомия мұражайы, микро- биология құтыханасы, медицина факультетінің емханасы алыстан көз тартып андыздап тұрады. Соларды қоршаған жасыл бақ қандай?! Ең ғажабы, оны ешкім отырғызбаған, осы құрылыстар жүрген кезде оталмай, табиғи қалпында сақталған тайганың жұрнағы. Технология институтының оқу жайлары да әдемілігі жөнінен университет ғимараттарынан кем емес. Алғаш көр- генде-ақ Қаныш өзін білім ордасы емес, айбары зор губер- натор кеңсесіне, тіпті ескі заман гректерінің философтары мәжіліс құратын «құдайлар» храмына тап болғандай сезінді. Құжаттарын кен факультетіне тапсырған. Михаил Антонович ескертіп қойған тәрізді, факультет махалласында қазақ жігітін жылы шыраймен қарсы алды. ГубОНО-ның арнау лы жолдамасы мен мұғалімдер семинариясының аттестатын көрген соң-ақ тек қана математика пәнінен емтихан тапсы- руды міндеттеді. Математикадан бұдан екі жыл бұрынғы тиянақты әзір- лігін ұмыта қойған жоқ-ты. Бұрын-соңды білгенін қайыра пысықтады. Содан бір күні профессор В.И. Шумиловтың алдына келген. Көңілінде қобалжу бар. Өйткені бұл кісінің одағай қылықтары жайында алуан қауесеттер естіген... Шы- нында, солай болды. Үстінде қазақы күпі киіп, елтірі ты- мағын қолтығына қысқан, кең қоныш саптама етігімен ай- надай жылтыр паркетті тосырқағандай жасқана басып (ем- тихан үстаушының оқшау киімінің өзі-ақ «Мынау жабайы далалыққа мұнда не бар?» дегізгендей күпір ой туғызған), алдына имене келген ашаң өңді, жүдеу жігітке математи- ка профессоры одырая бір қарап, дереу алгебралық теңдеу құрай бастады, екі белгісізді қарапайым есеп. Қаныш қи- налған жоқ, оп-оңай қағып тастады. Профессор «Әй, мынау, түйеден түскендей түземдік киргиз қайтеді-ей?» дегендей таңданыспен сынақ тапсырушының күнге күйген қоңырқай жүзіне тағы бір мәрте қарап, алғашқыдан едәуір күрделі бірнеше есеп жазып, алдына қойды. Далалық бұларды да шығарды. Тек соңғы теңдеудің қитұрқы бүкпесі бар екен, оны шешуге едәуір уақыт ойлануға тура келді. Бір мезетте оның да кілтипанын тапты. Мына есептің бастапқы шарты қате, Василий Ивано- вич, деген-ді ол Шумиловқа батылсыздау үнмен. Теңдеу емес, теңсіздік шығады, міне, қараңыз. Сірә, мына жерде қосу емес, алу белгісі тұруға тиіс... Оны қайдан білдің? Теңелу шарттарын тексеру арқылы... Бәрекелді, далалық! Өзің тіпті киргиз даласында қой бақпай, үнемі есеп шығарып жүргенге ұқсайсың. Бірталай жан осы теңдеуден шатылып еді, ал сен сүрінбей өттің. Жа- райсың, жайсаң киргиз, жайыңды білдім. Оқисың біздің храмда, оқисың!.. Сонымен, Қаныш технология институтының кен фа- культетінің студенті. Көптен бергі арманы жүзеге асып, білімнің биік ордасына қолы жеткен бақытты жан!.. Ендігі әңгіме тіршілік ахуалы турасында: институт пен университетте екеуара жалғыз жатақхана бар; одан орын сұрау үмітсіздің шарасы, өйткені жатақхана кереуеті жоғары курстың студенттеріне ғана беріледі... Шынтуай- тын айтқанда, соларға да жетпейді. Өзге шәкірттер өзара қо- ғамдасып пәтер жалдап, жекеменшік үйлерде тұрады. Ал пәтер жалдауға қаражаты жоқтары институттың вестибюль- дерінде, аудиториялардағы сызу тақталары мен ұзын үстел- дер үстінде түнейді. Институт басшылары бұл гөпті жақсы біледі, шәкірттердің шарасыз күйіне, сірә, көмектескені шығар, көпе-көрінеу елемегенсиді. Сөйткен «баспаналары» жылы болса жөн-ау. Оқу корпустарына от жағылмайды. Дәрісті студенттер тон, күпілерін шешпей қожырайып оты- рып тыңдайды (әкесінің ақылына құлақ асып, қырда киетін күпі, тері кәзекей, тон, саптама, тымағын ала келгеніне Қа- ныш мұндай қуанбас). Дәуіттегі сия жарым сағатта қатып қалады. Сол себепті, әр студент бір уыс ұштаулы қарындаш әкеліп, сонымен-ақ дәрісті сүйкектетіп жазады. Шумилов си- яқты профессорлардың дәрістерін жазып үлгеруге де еп қа- жет: оң қолы тақтаға күрделі теңдеу, формулаларды тізіп жатқанда, сол қолындағы шүберек үстіңгі жолдағы жазулар- ды сүртумен болады. Үлгермедім деп айтып көр мақау ата- насың, болмаса аудиториядан тайып тұруыңды талап етеді. Қырсық мінезіне Василий Ивановичтің қыруар білімі тең, шынайы ғұлама адам! Шәкірттердің күн сайын тамақ тауып ішуі де оңай емес. Төрт жүз грамм қара нан алу үшін институт ләпкесінің ал- дында әлденеше сағат кезекте тұру керек. 1921 жылы сту- денттер асханасы жұмыс істемеген. «Қиыншылықтар күн сайын аяқтан шалғанмен, бізді жеңе алмады. Белбеуімізді қаттырақ буынып алып шыдап бақтық, — деп есіне алады сол жылдарда Томда оқыған Қазақ КСР ҒА-ның толық мүшесі, профессор И.И. Бок. Ашпыз деп ешкім де оқуды тастап кеткен жоқ. Өйткені жұтқын тілеуінен гөрі білімге құштар- лығымыз артығырақ еді». Қаныш та сондай жарау құрсақ, көңілі сергек жастар- дың бірі. Басқа студенттерге қарағанда, оның тұрмыс күйті әлдеқайда көтеріңкі. Алғашқыда ат басын тіреп түскенімен сыпайылық ойлап пәтер іздей бастағанда, Усовтың үй іші, әсіресе Екатерина Филимоновна үзілді-кесілді қарсы болып: Қаныш, «Сыйға сый, сыраға бал» деген... Пәтер іздеп әуре болма, бір бөлмеміз оқу бітіргенше сенікі, деген. Азамат соғысының ауыртпалығы күйзелткен ескі қалада пұлыңа тамақ тауып ішу оңай емес. Оның үстіне, оқытушы- лардың ай сайынғы жалақысы уақытша тоқталған мезгіл, көпшілігі жергілікті өкімет орындары тағайындаған көмек қорымен күнелтеді. Михаил Антоновичтің профессорлық үлесіне өз үй ішімен қоса, қартайған анасы мен тетелес қа- рындасы да қарап отыр. Соған енді Қаныштың қосылуы амалсыздық шарасы. Бір тәуірі, үйі кең, институт ауласын- дағы профессорлар корпусында, бір бөлмесін дербес еншісіне беріп қойды. «Жабдықтау жоспарының қатаң нормасына сәйкес Том студенттеріне биыл 700 паек бөлінді... — депті губерниялық «Красное знамя» газеті 1922 жылғы 7 ақпандағы санында. Сібірдің азық-түлік комиссары Калманович жолдастың мар- хабатты жәрдемі арқасында жоғары оқу орнында жұмыс істейтін қызметкерлер мен жұмысшылар үшін қосымша 420 паек, ал стипендиат-студенттерге 300 карточка беріл- ді. Әмбе қаладағы студенттердің 60 пайызына мемлекет- тік стипендия төленбек...». Технология институтының кен факультетінде 1921 1922 оқу жылында 589 студент білім алыпты. Бұған студент саны үш есе көп университет жастарын қосыңыз. Ал Тимирязев политехникумы, педтехникум және медицина училищесінде қаншама шәкірт оқиды?! Әрине, өкімет сол жылы арнайы тағайындаған 700 паек «Сібір Афинасына» білім іздеп кел- ген, үнемі ашқұрсақ жүретін неше мың студенттің оннан біріне ғана жүрек жалғарлық көмек. Мемлекет стипендия- сының сиқы анау. Газет зор қамқорлық дегендей ишарамен дабыралай жазып отырған арнайы паек болса, үшінші курс- қа іліккен, оның да өте жақсы оқитын ат төбеліндей азаң тобына тағайындалған... Кен факультеті төрт түрлі мамандар әзірлеген: геология, кен қазу, металлургия және маркшейдер инженерлері. Бес жылда факультет түлектері техникалық білім негіздерін түгелдей оқып, таңдаған мамандығын меңгеретін пәндермен түбегейлі шұғылданады. Инженерлердің қат кезі, техноло- гия институтын тамамдаушыларға «кен инженері» деген әм- бебап диплом берілген. Кен факультеті 1901 жылы ашылған. Тұңғыш деканы һәм ұйымдастырушысы Владимир Афанасьевич Обручев. Сол кезде ғұлама ғалымның Сібір өлкесін түбегейлі зертте- уімен, Орта Азияға жасаған ғылыми саяхаттарымен есімі дүниежүзіне мәшһүр болған шағы. Кен департаментінде көп жылдар бойы жерасты байлығын іздеумен шұғылданған кәнігі геолог жаңа факультеттің оқу бағдарламасына сол күндегі политехникалық институттардың дәстүр, төжіри- бесіне ұқсамаған үлгімен мүлдем жаңаша жобалайды: тео- риялық курстарды мейлінше азайтады; оның есесіне прак- тикалық сабақтарды көбейтеді және олар кеніштердің өзінде өтуге тиіс; кейбір пәндердің оқылатын мерзімі де ауысады, мәселен, Санкт-Петербургтің тау-кен институтында төртін- ші курста оқылатын «Жалпы геологияны» Обручев бірінші семестрде жүргізеді. Сол заманның білгір мамандары Яны- шевский, Лаврский, Тове сияқты атақты инженерлердің кен департаментіндегі келелі қызметтерін тастап, Сібірде еңбек етуге, ұстаздық жұмысқа ауысуы ынтасы... факультет деканының Өз ойын әрдайым ашық білдіретін қайсар профессордың еркін саясатының үнемі жүзеге асуы сол күннің қатаң цензура жағдайында төзгісіз жайт. 1912 жылғы студенттер ереуілінің ерекше өршіген қарсаңында шәкірттерін қорғап, жандармерияға ашық түрде наразылық білдірген В.А. Обру- чевті оқу министрі Л.А. Кассо ұстаздық жұмыстан аластауға бұйрық берген. Бір жылдан соң, оның орнына сол қарсаңда ғылым ма- гистрі атағын алған М.А. Усов тағайындалады. Әлбетте, Ми- хаил Антонович сүйікті ұстазы көп жыл тірнектеп сомдап, қыруар еңбекпен етене еткен ғылыми мектеп дәстүрін одан әрі дамытып, жаңа белеске көтереді. Практика сабақтарын бұрынғыдан да көбейтіп, тау-кен өндірістерімен байланыс- ты тіпті күшейтеді. Нәтижесінде, әр студенттің кенішке иә зауытқа барып, бірнеше ай еңбек етіп, қайтып келген соң ка- федрада есеп беруі болашақ инженер үшін дәстүрлі міндет. Демек, Қаныш оқыған кезде Сібір геологтері мектебінің озық өнегесі кемелденген деңгейге жеткен. Геология тарихи ілім. Тұжырымдап айтқанда, ол жер қыртысының құрылысы мен заттық құрамын, қозға- лысын, даму тарихын, қазба байлықтардың жаралу, орналасу заңдылықтарын, солардың қуат-көлемін зерттейтін жаратылыстану ғылымдарының жиынтығы. Жерді плане. та санайтын астрономдар да бақылайды. Физикалық дене ретінде физиктер де зерттейді. Ал геологияның міндеті бұлардан гөрі өзгеше... алғашқы дәрісін. деп бастар еді профессор Усов ашкы деня муздай суық. Кеудесіне козы терісінен тігіл ген Аудио кезекей, оның сыртынан калыр купі киіп, сең- сең елтіріден тігілген жағасын көтеріп отырса да Қаныштын бойы жылымайды. Сөйтсе де, тақта алдында тұрған профес бордың аузына аңыра қарап, бір сөзін зая жібермеуге тыры сып тыңдап отыр. Кей сәт естігенін дәптеріне тез-тез жазады. Біраздан соң жаураған қолы икемге келмей қалады, студент жігіт бірақ қайыспайды. Екі қолын бір-біріне тез-тез ысқы лап, кейде жеңіне тығып жылытып алады да, қайтадан жаза бастайды. Жоғарыда біз геологияны жер туралы жаратылыста- ну ғылымдарының жиынтығы дедік. Енді оның қандай та- рамдардан тұратынына келелік. Бірінші, «Далалық геоло- гия»... Тақтадағы түрлі түсті карта мен схемаларға қадала қа- рап отырып Қаныш алуан-алуан ойға беріледі. Туған жерінің кескін-келбетін төсіндегі нуы мен суына, шөп түгіне орай айырып, таулы-тасты, жазық не ойпат деп қана танитын бұрынғы қарабайыр ұғымға қазір қылау түскен, оған енді өзгеше көзбен, өзгеше түйсікпен қарайды: асқар тау, шексіз жазық, толқыған көлдер өз-өзінен жаралмапты; шөл де, көл де табиғаттың жай ғана болмысы емес, неше ықылым за- мандар жұмысы екен; жеті қат тереңде қаншама жұмбақ сырлар жатса, көз алдындағы ойлы-қырлы жер бедерінде де соншама құпиялар бар; қарауыл төбешік пен қыран ұя салған биік шың арасы қаншама алшақ тұрса, қатар жатқан екі түсті тастың бір-бірінен айырмасы одан да қашық... Технология институтының студенттері қызыға тыңдайтын тілмәр лектор Усов қана емес. Металлургия пәнін сол кездің өзінде есімі Одаққа әйгілі білімпаз В.Я. Мостович оқыса, фи- зика кафедрасын дарынды жас ғалым В.К. Кузнецов басқа- ратын (кейіннен академик, Еңбек Ері атанып, әлемдік фи- зика ілімін дамытуда зор жаңалықтар ашқан ғұлама). Ал университеттің физиология кафедрасына атақты А.А. Кулябко ко жетекшілік етеді. Ол болса, өлген адамның жүрегін кли никада тұңғыш рет қайтадан соқтырған ірі дәрігер. Ботани ка курсын Онтустік Алтайға жасаған саяхаттары Ботани шыққан профессор В.В. Сапожников оқиды. Көркем айшықтауыш құралдарды табу метафора және басқаларын тап әр қайсысына 5 штуктан тап

Ответ нейросети
26 ноября 2024 00:16

Мәтінді көркем айшықтауыш құралдар, әсіресе метафора мен аналогияларды пайдалану арқылы талдауға болады. Төменде сіз сұраған құралдардың бес мысалы келтірілген.

Метафора:

  1. "Сібір шамшырағы" – Сібірдің ғылыми және мәдени орталығы ретінде сипатталуы.
  2. "Сібірдің Афинасы" – Том қаласына сыйлаған құрметті атау, оның білім мен ғылым орталығы ретіндегі рөлін білдіреді.
  3. "Табиғаттың жай ғана болмысы емес" – жердегіні, оның формаларын табиғаттың белсенді әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасады дегенді білдіру.
  4. "Оқу - білімнің биік ордасы" – оқу мекемелерінің білім беру маңыздылығын көрсетеді.
  5. "Табиғи қалпында сақталған тайганың жұрнағы" – бұл табиғатының ғажайып сұлулығын, өзгермегендігін білдіреді.

Аналогия:

  1. "Ескі заман гректерінің философтары мәжіліс құратын «құдайлар» храмы" – университеттің білім беру рөлін көне грек мәдениетімен салыстырады.
  2. "Кен факультеті - инженерлердің ортағы" – факультеттің инженер мамандарын даярлаудағы рөлін сипаттайды.
  3. "Технология институты - білім ордасы емес, айбары зор губернатор кеңсесіне" – жоғары оқу орнындағы білім алудың маңызды және қадірлі орын екенін айқындайды.
  4. "Соншама құпиялар бар" – жердің құрылымының көзге көрінбейтін, терең құпиялары барына назар аударады.
  5. "Табиғаттың жай ғана болмысы емес" – табиғаттағы әр түрлі элементтердің өзара байланысы мен әрекетін зерттеу қажеттілігін көрсетеді.

Бұл айшықтауыш құралдар мәтіннің көркемдігін, ол арқылы жеткізілетін мағыналық тереңдікті арттырады.