Қымбатты жастар!
Мен — Қаныш Сәтбаев, қазақ жерінің ұлы перзенті, ғылым мен білім жолында өз үлесімді қосқан адаммын. Сіздермен осындай хат арқылы бөліскеніме қуаныштымын. Менің өмірімдегі ең маңызды нәрсе — білім, ғылым және ел үшін қызмет ету болды.
Білім алу — әр адамның алдына қоятын ең басты мақсаты болуы тиіс. Білім — сізді бақытты, сауатты әрі бәсекеге қабілетті азаматқа айналдырады. Қазіргі заманда ғылым мен техника күннен-күнге дамып келеді. Сіздерге ұсынысым, осы мүмкіндіктерді толық пайдаланып, әрдайым жаңа нәрселерді үйренуге талпыну.
Сондай-ақ, елдің дамуына үлес қосу — әрбір азаматтың свттылығы. Сіздер еліміздің болашағысыздар, сондықтан жүректеріңізде отаныңызға деген сүйіспеншілікті насихаттап, оны әрдайым қорғап, дамытуға жұмсалуыңызды сұраймын.
Жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім, ғылыми қызығушылық және еңбекқорлық қасиеттерін тәрбиелеу — менің арманым. Ешқашан қорықпаңыздар, жаңалыққа ашық болыңыздар, және әр уақытта өз мақсаттарыңызға жетуге ұмтылыңыздар.
Сіздерге сәттілік, денсаулық, және мол табыстар тілеймін! Елімізді, жерімізді дамыту — сіздердің қолдарыңызда.
Ізгі ниетпен, Қаныш Сәтбаев
