Задача Задача №2422591
А
Аноним
05 декабря 2024 10:55 · публичный вопрос
А
Аноним
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға, халықтар арасындағы достық қатынастарды дамытуға, халықаралық ынтымақтастыққа қол жеткізуге және мемлекеттердің іс-әрекеттерін үйлестіру орталығы болуға бағытталған үкіметаралық ұйым. Бұл әлемдегі ең ірі, ең таныс, халықаралық деңгейде ұсынылған және ең қуатты үкіметаралық ұйым. Бас кеңсесі орналасуы Нью-Йорк, АҚШ. Ағымда БҰҰ құрамына 192 мемлекет кіреді. «Біріккен Ұлттар» атауын АҚШ президенті Ф.Д.Рузвельт ұсынды. Декларациясы Сан-Францискода 1945 жылы 24 қазанда қабылданды. Бұл БҰҰ-ң күні деп жарияланды. Біріккен Ұлттар Ұйымының ең басты әрі негізгі құжаты оның Жарғысы болып табылады. Тарихи деректерді алға тартсақ, Ұйым Жарғысының жобасы КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекетте рі өкілдерінің қатысуымен жасалған. Құжат бес тілде орыс, ағылшын, қытай, француз және испан тілдерінде дайындалып, оған 1945 жылдың 26 маусымында Сан-Франциско конференциясында 51 мемлекет қол қойды. Ал Жарғы сол жылдың 24 қазанында аталмыш конференцияға қатысушы елдердің Жарғыны ратификациялауларына байланысты күшіне енгізілді. Содан бері 24 қазан халықаралық қоғамдастықта Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күні ретінде кеңінен аталып өтіп жүр. Көзі қарақты көпшілікке жақсы таныс, Ұйымға мүше барлық мемлекеттер кіретін Бас Ассамблея Біріккен Ұлттар Ұйымының бас органы саналады. БҰҰ-ға мүше елдердің әрқайсысы шешім қабылдау кезінде бір дауысқа иелік етеді. Жалпыға ортақ ерекше маңызды мәселелер, атап айтқанда, бейбітшілік пен қауіпсіздік, Ұйымға жаңа мүшелер мен оның бюджетін қабылдау мәселелері БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің үштен екісі қатысып, дауыс беру қорытындысы бойынша шешіледі. Сондай-ақ Бас Ассамблея Ұйымның бюджетін қарап, бекітеді. Ұйымның әртүрлі органдарына мүшелер Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынуымен БҰҰ-ның Бас хатшысын сайлайды. Бүгінде Қауіпсіздік Кеңесіне Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания және Франция мемлекеттері тұрақты мүше. Осы тұста айта кетейік, біраз жылдардан бері Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері қатарын көбейту жөнінде мәселе қозғалып жүр. Бірақ әзірше ол шешімін тапқан жоқ. Жарғысына сәйкес, БҰҰ өз қызметінде келесі мақсатты көздейді: • бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау; • ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту; халықаралық ынтымақтастықты құрметтеуді қолдау; мәселелерді шешуде халықаралық жүзеге асыру мен адам құқығын осы мақсаттарға қол жеткізуде ұлттардың бірлесіп әрекет ететін орталығы болу. БҰҰ өзінің көп қырлы функцияларын қосқанда әлемдік қауымдастық қызметінің барлық дерліктей салаларын қамтиды. Оның өзектілігі, әсіресе өсіп келе жатқан ғаламдық тәуелділік пен мемлекетттердің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде күш-жігерін біріктіруді талап етумен ерекшеленетін қазіргі заманның қақтығыстарын шешудегі рөлі өте зор. БҰҰ мүше-мемлекеттері үшін басты маңыздылық Ұйымның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, қарусыздану мен жаппай қырып-жою қаруын таратпау секілді өзекті мәселелерді шешуге қатысуы болып табылады. Ұйым, сонымен қатар лаңкестік, есірткінің заңсыз айналымы мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша халықаралық күш-жігер бастамасын көтерді. Бүгінгі таңда ол халықаралық қауымдастықтың көкейкесті мәселелерін шешудің өзінше бір орталығына айналды: БҰҰ адам құқығын құрметтеуді қолдау, қоршаған ортаны қорғау, аурулармен күрес, жоқшылық ауқымын тежеу, босқындарға көмек, миналарды залалсыздандыру және ЖҚТБ-мен күрес бойынша жүйелі жұмыс атқаруда. БҰҰ-ның басты мақсаттарының бірі бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтау. Көптеген жылдар бойына ұйым халықаралық дағдарыстардың алдын-алу және ұзаққа созылған қақтығыстарды шешуде маңызды рөл атқарып келеді. Бейбітшілікті орнату мен сақтау және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі кешенді операцияларды жүзеге асырды. Сонымен қатар ол өршіп келе жатқан қақтығыстардың алдын-алу шараларын қолға алды. Қақтығыс соңынан кейінгі жағдайларда ол зорлықтың түп негізгін жою мен тұрақты бейбітшілік негізін салуға бағытталған ұйымдасқан шараларды жиі қолға алуда. Әлемнің бейбітшілік пен тұрақтылық ісіне Қазақстанның үлесі Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайлануы мемлекет тәуелсіздігінің тарихында жеткен ең бірегей жетістіктерінің бірі. Қазақстан 20147 жылы іргелі ұйым құрамында болса, 2018 жылдың қаңтар айында Кеңеске төрағалық еткен болатын. БҰҰ Қауіпсіздік ісінің құрамы соңғы рет 2014 жылдың 16 қазанында жаңартылған. Ол кездері 2015-2016 жылдардағы тұрақты емес мүшелікке Ангола, Малайзия, Венесуэла, Жаңа Зеландия және Испания сайланған еді. Негізінен, Қауіпсіздік кеңесіне 15 мемлекет мүше саналады. Олардың ішінде тек бес мемлекет, яғни АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания және Франция – тұрақты мүшелер. Ал қалған он мемлекет БҰҰ Бас ассамблеясы арқылы сайланып отырады. Кеңестің тұрақты емес мүшелері екі жылдық мерзімге тағайындалады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауды, бітімгерлік миссиясын атқаруды көздейді. Сондай-ақ ұйым халықаралық санкциялар салу және Қауіпсіздік кеңесінің қарарлары арқылы әскери іс қимыл мәселелерін шешумен айналысады. Негізінен, Қауіпсіздік кеңесінің күн тәртібіне көбінесе Таяу Шығыс мәселесі, Палестина-Израиль қақтығысы, ҚХДР-дың атом бомбасвын сынақтан өткізуі секілді проблемалар кірген. Статистикалық деректерге сенсек, Қауіпсіздік Кеңесінде көтерілген мәселелердің қақтығыстарға арналған екен. үштен екісі Африкадағы Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі бастамаларының негізі – Н.Назарбаевтың Кеңеске жолдаған саяси Үндеуі. Онда ядролық қарусыз әлем құру мақсатында халықаралық қауіпсіздікті нығайтып, бейбітшілікті арттыру; жер шарын соғыстар мен қақтығыстардан арылту үшін күш-жігерді біріктіру қажеттіліктеріне баса назар аударған. Үндеуде БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстан жұмысының басымдықтары ретінде ядролық қарусыз әлемге ұмтылу, Орталық Азияда бейбітшіліктің өңірлік аймағын қалыптастыру, Ауғанстандағы бейбітшілікке ықпалдасу, жаһандық соғыс қатерін болдырмау, Африканың бейбіт дамуына жәрдемдесу секілді мәселелер айтылған. Сонымен қатар Қазақстанның БҰҰ қамқорлығымен жаһандық лаңкестікке қарсы коалиция (желі) құруға, БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарын, бейбітшілік, қауіпсіздік және даму арасындағы ажырамас байланысты ілгерілетуге мүдделі екені атап өтілген. Тест жауаптарын тап 1. БҰҰ-ның басты органы қайсысы? А) Қауіпсіздік Кеңесі В) Бас Ассамблея С) Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес 2. БҰҰ Жарғысының жобасы қандай елдердің өкілдерімен жасалды? А) АҚШ, Канада, Австралия В) КСРО, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания С) Германия, Франция, Италия 3. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне қай жылы сайланды? A) 2016 B) 2017 C) 2017 4. БҰҰ-да мүше мемлекеттер саны қанша? A) 192 B) 150 C) 200 5. Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері қанша мемлекеттен тұрады? A) 10 B) 5 C) 15 6. БҰҰ-ның күн тәртібіндегі мәселелердің көпшілігі қай аймақта? А) Таяу Шығыс В) Еуропа С) Азия 7. Қазақстанның БҰҰ-да көтерген басты бастамаларының бірі не? А) Жаһандық қаржылық дағдарыс В) Ядролық қаруды таратпау С) Экономикалық даму 8. БҰҰ-ның негізгі мақсаты неде? А) Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру В) Халықаралық бейбітшілікті сақтау С) Экономикалық өсімді ынталандыру 9. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қанша мемлекеттен құралады? A) 10 B) 15 C) 20 10. БҰҰ Бас Ассамблеясы қандай шешімдерді қабылдайды? А) Жер шарындағы климаттық өзгеріске қатысты В) Бейбітшілік пен қауіпсіздіктің мәселелері С) Тек қаржылық мәселелерді
Нейросеть05 декабря 2024 10:55
Тест жауаптары:
- В) Бас Ассамблея
- В) КСРО, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания
- B) 2017
- A) 192
- B) 5
- А) Таяу Шығыс
- В) Ядролық қаруды таратпау
- В) Халықаралық бейбітшілікті сақтау
- B) 15
- В) Бейбітшілік пен қауіпсіздіктің мәселелері
