Қай ұлт, қай ел болмасын бейбітшілікті, бірлікті, ашық аспан мен бақытты, терезесі тең, керегесі кең елдер қатарында болуды аңсайды. Өйткені татулық пен келісім, бейбітшілік пен…
Қай ұлт, қай ел болмасын бейбітшілікті, бірлікті, ашық аспан мен бақытты, терезесі тең, керегесі кең елдер қатарында болуды аңсайды. Өйткені татулық пен келісім, бейбітшілік пен түрақтылық бар елді бақыт өзі іздеп келеді. Қабан жырау: Бақыт, қайда барасың? Көршімен болған бірлігі, Тағат, ғибадат тірлігі Ұйымшыл елге барамын, деп жырлаған екен. Бабаларымыздың мұндай жырлары талай санаға сәуле құйып, түсінген жанға үлкен үгіт болатыны сөзсіз. Иә, адамдар арасында бірлік болса, олар ынтымақта, тату-тәтті өмір сүреді. Өзара сыйласып, ұйымшылдық көрсеткен кезде ғана бірлікке қол жеткізуге болады. Халқының қамын жеген Әлихан Бөкейханов: «Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса, халықтық мақсат сонда орындалады. Бостандыққа апаратын жалғыз жол ұлттық ынтымақ қана», деп ынтымақ-бірлікке үндеген. Ал ынтымақ-бірлікке апаратын жол халықтың өзара тату болуы. Дана халқымыз «Татулық табылмас бақыт», «Жолдасы көптің олжасы көп» деп тектен-тек айтпаса керек. Хакім Абай атамыз «Татулықтан артық жолдас жоқ» деген. Бейбітшілікте, есендікте өмір сүруге ұмтылу қазақ халқының қанына сіңген асыл қасиеттерінің бірі екені сөзсіз. Нұрсұлтан Әбішұлының «Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынта-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің * Ғибадат Аллаға тағзым етіп, құрмет көрсету. 106 "Книга предостина исключительно в образовательных целях 17 мая 2018 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ СӨЗ МӘДЕНИЕТІ мемлекеттігін қалпына келтіре алды» деген сөзі кешегі мен бүгінгі тарихымызды ұштастырып тұр. Тіпті қазақ жеріне табан тигізген өлем саяхатшылары, ғалымдар, дипломаттар естеліктерінде қазақ халқының қонақжай, сабырлы, ежелден бейбітшілік пен ынтымақ сүйгіш, өз бетінше ешкімге ұрынбаған, соғыс ашпаған ел екенін сүйсіне жазған. Тәуелсіздікке қол жеткен тұстан бері де 6 Psi*pi қасиеттерден айнымаған халқымыз ел егемендігіне де үлесін қосып келеді. Бүгінде азат ел атанған, өзін әлемге ынтымағы жарасқан ел ретінде мойындата білген Қазақстанның ғаламдық татулықты сақтау мен нығайту ісінде өзге елдерге үлгі екені рас. «Бірлігі бар елдің белін ешкім сындырмас» дейді дана халқымыз. Расында, халықтың ынтымағы мен ауызбірлігін сақтау әрқашанда маңызды болып қала бермек. Кешегі бабалар өмірі де мұны бізге сабақ етеді. 1)Қанатты сөздер теріп жазыңдар
Мәтінде кездесетін қанатты сөздер:
- "Татулық табылмас бақыт."
- "Жолдасы көптің олжасы көп."
- "Татулықтан артық жолдас жоқ."
- "Бірлігі бар елдің белін ешкім сындырмас."
- "Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса, халықтық мақсат сонда орындалады."
- "Бостандыққа апаратын жалғыз жол ұлттық ынтымақ қана."
Бұл сөздер адамгершілік, бірлік, татулық, ынтымақ сияқты маңызды құндылықтарды насихаттайды.