1 тапсырма:
Сұрақ 1: «Мәдени мұра» бағдарламасының негізгі мақсаты неде?
Жауап: «Мәдени мұра» бағдарламасының негізгі мақсаты – ұлттық мәдениетіміздің әлем елдері мұрағаттары мен ғылыми орталықтарында сақталған өлі белгісіз інжу-маржандарын жинақтау, зерттеу, зерделеу және ғылыми айналысқа енгізу арқылы жұртқа паш ету.
Сұрақ 2: 2003 жылы қабылданған бағдарламаның бірінші кезеңінде қандай тарихи-мәдени ескерткіштер қайта жаңғыртылды?
Жауап: Бағдарламаның бірінші кезеңінде 32 тарихи-мәдени, археологиялық және сәулет ескерткіші қайта жаңғыртылып, қалпына келтірілді. Олардың арасында Жамбыл облысындағы «Айша бибі» және «Бабажа қатын» кесенелері, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыстан баб кесенесі, Ақтөбе облысындағы Абат Байтақ кесенесі және Атырау облысындағы Жұбан ана кесенесі бар.