Запрос пользователя1)Мәтін ішінен сканвордқа келетіндей 10 сұрақ дайында
Жүсіп Баласағұнның кіші замандасы, Қарахандар мемлекеті гүлдену кезеңінің ғалымы Махмұд Қашқари (1029-1101), филолог-лексико-граф және философ, «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі тілдерінің сөздігі») энциклопедиялық сөздігінің авторы. М. Қашқари Ыстықкөлдің жағасындағы Барсхан қаласындағы шонжар отба-сында дүниеге келді. Ол Қарахандардың билеуші әулетінен шыққан, Қарахандар мемлекетінің 970-992 жылдардағы билеушісі Харун Боғра ханның шөбересі. Махмұд Қашқар қаласындағы медреселердің бірінде жақсы білім алды. Бірақ 1057 жылғы сарай төңкерісінен кейін Қашқарды тастап, Мәуереннахрға, ол арадан түрік-селжұқтар билеген Бағдадқа кетуге мәжбүр болды. Х-ХІ ғасырлар мұсылман өлеміндегі түркі халықтарының үлкен әскери-саяси табыстарының дәуірі болды. Қарахандар Шығыс Түркістан мен Мәуереннахрда билік орнатты. Ал селжұқтар византиялықтарды жеңіп, бүкіл Иранды, Өзен аралығы мен Кіші Азияны басып алды. М. Қашқари Үндістанға исламды өкелді. М. Қашқаридың түркілердің бұл табыстарына шабыт-танғаны жөне түркілік жеңісті сөздік-энцик-лопедия түрінде (сөздік жанры мұсылмандық арабтілді ғылымда жақсы таныс болды) бейнелегісі келгендігі айқын. Ол Алла Тағаланың түркілерді мұсылман өлемін басқаруға таңдап алғандығына сенімді болды. Ол он жылдан астам уақыт ішінде өртүрлі елдерге саяхат жасады, өртүрлі түркі тайпаларының арасында болды, түркі халықтарының тарихы, олардың салттары мен саяси өмірі туралы, ең бастысы, түркі тілінің өртүрлі диалектілері туралы көптеген мәліметтер жинады.