Запрос пользователя1)Мәтіннен сканвордқа келетіндей 10 сұрақ дайында
«Сөздікте» тұрмыстық қана емес, сондай-ақ жаратылыстану-ғылыми, саяси, әскери және өкімшілік терминология да бар. Моральдық-этикалық тақырыптарға арналған өсиеттік өлеңдер Ж. Баласағұнның «Құтты білік» дидактикасымен үндеседі. М. Қашқаридың философиялық және этикалық көзқарастары. «Түркі тілдерінің сөздігі» түркі халықтарының исламданудың бастапқы кезеңіндегі дүниетанымы мен дүниені қабылдауы туралы түсінік береді. Түркі халықтарының дүниетанымы олардың мақал-мәтелдері, жекелеген сөздері мен түсініктері, өлеңдері мен өндері арқылы ашы-лады. Сондай-ақ «Сөздік» автордың өз философиялық және этикалық көзқарастарын көрсетеді. М. Қашқари үшін төңіршілдік пен исламның арасында қарама-қайшылық болмаған төрізді (Тәңірі, Құдайы еске алынған мақалдарды ол араб тіліне аударған кезде «Тәңірі» сөзін «Алла» сөзімен алмастырған). «Сөздікке», нақты заттарды білдіретін сөздер мен терминдерден бөлек, жалпы және абстрактілі түсініктер мен категориялар енгізілген. Оларға, мысалы, «әлем», «уақыт», «білім», «ақыл-ой», «рух» жөне т.б. сияқты түсініктер жатады. Бұл түсініктер арқылы М. Қашқари объективті дүниенің заңдылықтарын ашады. Өзінің алдындағы Әбу Насыр әл-Фараби мен Ж. Баласағұн сияқты, ғалымның философиялық пайымдауларында адам, оның өмірдегі алдын ала тағайындалуы маңызды орынды иеленеді. Адам жоғары құндылық болып табылады және де адамдардың арасындағы қатынастар адамгершілікке құрылған болуы тиіс. Адамның мәні оны табиғат өлемінен жоғары қоятын оның ақыл-ойында, санасында. Адам өмірінің мағынасы ізгілік, өнегелі мінез-құлық, қоғам игілігі үшін еңбек, жақсылық пен әділеттілік болып табылады. Адам өмірінің мағынасы жақсы білім алу және өз өмірін басқа адамдар, қоғам үшін пайдалы ету. М. Қашқари «әділеттілік», «өнегелілік», «ерлік» сияқты түсініктер арқылы адамның өнегелілік-этикалық жақтарын ашады. Өнегелі болу, дұрыс қылық жасay кез келген адамның, билеушінің, бағынышты адамның борышы. Адамдардың барлығы мақтауға тұрарлық өнегелілік қасиеттерді меңгерулері тиіс. М. Қашқари: «Ізгілікке ұмтыл, ал оған қол жеткізген соң, тәкаппар болма», - деп кеңес береді. Ол әрбір адамның қайраткер, саналы жекетұлға болуға, сондай-ақ өмірлік жолда барлық қиындықтарды жеңу үшін ерлік пен батылдықты меңгеруге міндетті екендігін ұйғарады.