Запрос пользователяҚұдайды тануда сопы өзінің рухани төлімгерінің басшылығымен материалдық өлем қуаныштары мен сыртқы салт-жоралықтан бас тартумен, бір-неше сатыларды (аялдауларды) бағындыра оты-рып, ұзақ Жолдан (тарикаттан) өтеді. Сопылықты насихаттауда түркітілді сопылық ақындарының sigma Y*pi аймақта олардың көмегімен исламның таралуы мен бекуі орын алған шығарма-ларының маңызы зор болды. Бұл уағыздаушы-ақындардың ішіндегі аса белгілісі Қарахандар дәуірінде өмір сүрген Қожа Ахмет Иасауи болды. Халық арасында танымал болған афоризмдік поэзия түріндегі туған түркі тіліндегі мұсылмандық уағыз исламның отырықшы түркілердің де, сондай-ақ көшпелілердің де арасында исламның таралуына жағдай жасады. Кедейлер мен байларға бірдей дәрежеде бағытталған, азға қана-ғат ету мен аскетизмді уағыздаушы сопылық ілім бейбітшілік, бақыт пен әділеттілікті іздеушілердің арасында көптеген жақтастарын тапты. Қожа Ахмет Иасауидың өмірбаянының көп бөлігі аңыздық сипатқа ие болған. Нұсқалардың бірінде Қожа Ахмет Иасауи ХІ ғасырдың соңында Испиджабта (Сайрамда) туған, сол жерде Арыстан баб имамнан оқыды (Отырарда болуы мүмкін). Содан кейін Бұхараға кетіп, сопылық шейх Жүсіп Хамаданидің муридіне (рухани шәкіртіне) айналған. Жүсіп Хамаданиден сопылықты қабылдап, Қожа Ахмет Иасы қаласына (қазіргі Түркістан) келді, бұл жерде ол қала мен оның айналасындағы жерлердегі түркілердің арасында ислам мен сопылықты уағыздай бастады. Ол қырық діни тұрақ (ханака) салған, олардың біреуінде өзі тұрып, өз шәкірттерімен қарым-қатынаста болған деп айтылады. Аңызға сәйкес, ол өмірінің соңғы жылдары диуана сияқты өмір сүрген. Қожа Ахмет сопылық аскетизмге, сондай-ақ қатты дауыстап зікір салу ғұрпына үлкен маңыз берді. Бұл аса көрнекті мұсылмандықты уағыздаушы, түркілік сопылық тармағының негізін қалаушы, өзі тірі кезінде қасиетті әулие ретінде құрметке ие болды. Өмірінің соңына дейін Иасы қаласында өмір сүрді және сол жерге жерленді. Ал оның шәкірттері (Сүлеймен Бақырғани (Хакім Ата) және басқалары) оның ілімін Түркістан шектерінен алыс жерлерге: Дешті Қыпшаққа, Еділге, Хорезм мен Шығыс Түркістанға таратты.
Мәтіннен алып 5 сұрақ құрастыр
Жауабымен