Задача Задача №2559645
А
Аноним
22 декабря 2024 12:16 · публичный вопрос
А
Аноним
Соңғы кездері қазақ интернет кеңістігінде қазақтілді сайттардың қатары өсіп келеді. Өсім бар жерде, бәсекенің болары анық. Осы орайда Қазақстанда тұңғыш рет жастарға арналған қазақтілді сайттар арасында ұйымдастырылған «Интернет-дода» атты байқау ұйымдастырылған болатын. Аталған байқауға қатысу үшін мемлекеттік тілді насихаттап, жастар саясатын дамытуға үлес қосып жүрген ғаламтор желілерінен 50-ден астам өтініш түсті. «Интернет-дода» барысында тек жастарға арналған мемлекеттік тілдегі, «kz» домені бар веб сайттар ғана қатысты. Іріктеу кезінде веб сайттардың мазмұны, дизайны, грамматикасы, жаңартылуы, оқырмандарының саны, пікірлердің, суреттердің, фото-видео материалдардың сапасына ерекше көңіл бөлінді. Қатысушылардың санына шектеу қойылмады. ____________ үміткерлер саны көп болды. Телеарна, радио, газеттер, мемлекеттік және шетелдік ұйымдардың сайттары байқауға қатыстырылған жоқ. Байқау қорытындысы бойынша үш сайт жеңімпаз деп танылды. Олар: «Массагет» (Massaget.kz) – 1 орын, «Айналайын» (Aynaline.kz) – 2 орын және «Сұрақ-жауап» (Szh.kz) – 3 орын. Жеңімпаздардан бөлек, жастарға арналған қазақ тілді сайттарды қолдау мақсатында 17 сайт жүлдегерлердің қатарына енді. Massaget.kz сайты 2011 жылдың 16 желтоқсанында ҚР Тәуелсіздігі күніне орай қазақ жастарына сый ретінде ашылған болатын. Содан бері сайт әкімшілігі әр түрлі тақырыптардағы тағылымды мақалалар мен жаңалықтар жазып, қазақ интернетін қолданушылар назарына ұсынса, сайт қолданушылары блог жазып сайт кеңістігін кеңейтуге септігін тигізіп келеді. Айта кетейік, «Интернет-дода» байқауының жеңімпаздары «Астаналық» бизнес орталығында марапатталды. Айнара Байжа Бос орынға қай сөзді қоюға болады? Сонымен Солайша Соған орай Сондықтан
Нейросеть22 декабря 2024 12:16
Бос орынға "Сонымен" сөзін қоюға болады. Мәтінде "Сонымен үміткерлер саны көп болды" деп айтылса, конкурстың нәтижесі мен оны ұйымдастырудың басты аспектілері туралы өтініштердің көптігіне назар аударды.
