Сарсенбай бір тоқал алуды ойлайтын, бірақ Қалампырдан аса алмай, оне-міне деп жүретін. Бір күні бір құрдасы қымыз ішіп қызып отырып, әзілмен болса да, шынымен болса да: «Әй, қубас! Сонша малды айдап жүрсің, дұрыстап зекет бер мейсің, қажыға бармайсың, кім үшін жи нап жүрсің? Қалампырдан қорқып, тоқал да алмадың» тып еді. деген сөздері жанына ба Ертеңіне бір-екі ағайындарын шақырып алып: Міне, мен сіздерді шақырғаным, «үмітсіз-шайтан» деген, «мал бітпес жігіт болмас, қүрарына қара, ұл тап- пас қатын болмас, тұрарына қара» деп, бұл уақытқа дейін сабыр етіп едім. Жасым болса қырықтың екеуіне келді, Қалампыр да биыл отыз үште. Қатыным, Пайғамбардың сүннөті ғой, сен рұқсат бер! Ағайыным, мен енді бел байладым. Сіздер осы жұмысты қолға алыңдар, деді. Қалампыр қанша ұнатпаған болса да, Сәр сенбаймен басқалар бірауызды болып уағда қылғанын көріп, іші суып, қолдан еш нәрсе келмесін біліп: Не қылсаңдар ықтияр. Әуелінде мен де тоқал алма деген жерім жоқ, маған несін айтасыңдар?! деп түсі бүзылып, үйден шығып кетті. Мұнан кейін көп уақыт өткізбей, Сәрсенбай өздеріне қырық шақырым жерде Сайболат деген елде түрған, кейіннен опат болған Жарас деген молданың он төртке жетіп тұрған қызын айттырады. Малын түгел беріп, келесі жылы алып та қойды. Марқұм Жарас молда тірі уақытында Шолпанды өзі оқытып, Құраннан екі шығып, хат танып қалған еді. Қалампыр әр уа- қыт Шолпанды күндестікпен сөзімен де, қолымен де ренжітіп жүрді. Шолпан он жеті жасқа келгенде, қыз бала туды. Сәрсенбай қырық беске келгенде ғұмырында бірінші көрген баласы осы еді. Ол зор қуанышта болып, шілдеханаға қанша қыз-бозбала жиып, ойын ойнап, қыз бала демей, көл басына шақырып той қылып, баланың есімін Жамал қойған еді.Жамал комелетке жеткен соң, күйеуі нің нашар екенін біліп (катта бір тойда көрсе де керек), көңіліне күннен күнге уайым, қайғы түсе бастады... Ата-анасы зарыққанда көрген баласы екенін де ойлап, не себепті жаман күйеу- ге бергеніне қайран қалып жүрді. Өзі тең- дес қыздардың күйеулерін салыстырып қарағанда, Жүманнан нашар жері жоқ еді. Басқа шет елдерден күйеуіне разы болмай, екінші жігітпен қашып кетіпті дегенді естігенде, ішінен ойлап: «Олар да мен секілді бейшаралар гой», деп аяу шы еді. «Олар секілді бір жігітпен көңіл қосып қашсам, пәленшенің қызы қашып кетіпті деген сөз болып, атамның сүйегін сындырғандай боламын. Разы болып, Жұманға барсам, ғұмырымша қор бола- мын ғой»,- деп қайсысын істеуге ақылы жетпей, бағзы уақыттарда түн бойы ой- лаумен ұйықтамай да шығушы еді. Әр уақыт осындай уайымда болған соң, Жа- мал жүдеп те кетті. Ата-анасы: Қарағым, сен неге жүдеусің? де- жынысы: Жай басым ауырады, деп қоюшы еді. Жамал осындай уайымдарда болып жүргенде, бір күні Байжаннан Сәрсен- байға: «Биыл баламды ұрын жібере- мін»,- деп сәлем келді. Бұл хабарды естігеннен кейін Жамал- дың қайғысы бұрынғыдан үш есе артты деуге лайық болды. Жамал қанша ішінен қапаланса да, басқа бір кісіге айтуының ебін таба алмай, бір күні қолына қағаз бен қарындаш алып, «тым болмаса көңілім- дегі қасіретімнің оннан бір бөлігі шықпас па екен» деп, өз басындағы халіне бір азырақ өлең жазып еді.Шешесі Жамалдың бір қағаз жазып отырып, қасына бір хат танитын кісі барса, жасыра койып жүргенін көруші еді. «Бу- ның жазып жүргені немене?» деп, Шол- пан азырақ шүбөланып, Жамалға білгізбей, онашада Жамалдың қалталарын ақтарып, онан еш нәрсе шықпаған соң қағаз, кітап Салатын сандықшасын қараса, бір кітаптың арасынан мынау өлең шықты. Манағы Жа- малдың жазып жүргені сол екен. Алланың рақматына созамын қол, Адасқан мен бір ғаріп таба алмай жол. Ашылып біздің басқа түскен тұман, Шаттықпен өткіз деймін тілегім сол. Сыртым сау, ішім түтін қапалықта, Бұл күнде көңілім жүдеу, қасіретім мол Тереңге түсіп кетем, ұстар тал жоқ, Бір Алла, жалғыз өзің жәрдемші бол! Бақшада сайрап жүрген сандуғаш ем, Кез болды мен сорлыға құрылған тор. Көл болып көздің жасы өткенім ғой, Болмаса арылмаған маңдайда сор. Жайлаған аққу едім шалқар көлді, Бұл күні көрініп тұр жаман да зор. Оралдың ілер деуші ем ақиығы, Шынымен жапалаққа болам ба қор?! Мен қайран, атам малға сатқанына, Бір тазды жалпақ елден тапқанына. Аты өшіп, тумай кеткір Жұман деген! Мал беріп, мені өзімсіп жатқанына. Атанып бай баласы қара басқыр, Жұманның не берерсің мақтанына? Қазақтың күллі ғайып ғадетінде, Түскенім бар қасқырдың қақпанына. Атама мен не жаздым қор қылғандай, Болмаса бір мінезбен жақпадым ба? Жасымнан тәрбиелі хан қызындай, Қасірет ақырында тартқаным ба? Әлпештеп ұлдан артық қыз басымды, Өсірген атама обал артқаным ба?Бұл сөзді оқып көрген соң, анасының көзінен азырақ жас ке тіп, қызының мұндай қайғыда жүргенін біліп, өлгі қағазды каа орнына салып қойды. Енді Шолпан Жамал қанша уайымда болса сонша қайғыра бастап, бір күні түнде төсекке жатқан соң Сәрсен байға сөйледі. - Қүданың құдіреті, әуелде сен тіл алмай, баланы мұнша қай- ғы-қасіретке салдың, міне, көрмеймісің, Жамалжан өзді-өзінен азып, жүдеп кетті. Осы қалпымен қор болып кетсе, екі дүниеде бізге разы болар ма, біздің ата-аналық хақымыз мойнымызда емес пе? - деді. Сәрсенбай не айтарын білмей: Сөйтіп жүр ме, сөйтіп жүр ме? дей берді. Шолпан ашу- ланип: Сөйтіп жүрмей құрысын, өз басыңда еркің жоқ, әркімнің қыздырған тіліне еріп, ақырында Жамалдың көз жасына қалып отырмыз. Ата-бабаң істемеген істі қыламын деп би болғансып, бір жылдың ішінде, қане, шыққан мүйізің?- деді. (Сәрсенбай әуелі таласып болмай қалғаннан кейін, келер сайлауда құдасының се- бебімен би болса да, бір жылға жетпей съезд уақытында бір кісіні боқтап, қамшымен салып қаламын деп, билігінен түсіп қалған еді). Сәрсенбайдан берекелі жауап шықпаған соң, Шолпан тағы да сұрады: Енді өстіп Жамалды сүймеген кісісіне береміз бе? Сонда Сәрсенбай қайраттанып: деп. - Осы ит не былшылдап отыр? Құдайдың жазғанынан артық не қыламыз, екінші кісіге береміз десең, Байжан болыстармен қосылып, біздің жанымызды қоя ма? Малымыздан құрық, басы- мыздан сырық түсіре ме? «Қатын дұшпан» деген осы, болмаса бұл сөзді айтар ма едің, - деді. Сәрсенбайдың жуас, қорқақтығы Шолпанға бұрыннан мәлім, әм бұл сапарда да пікірі тамам көрініп қалған себепті, енді бүл түста Сәрсенбаймен ақылдасып, бастарына түскен уайымды бөлісуден үміт үзіп, сол түннен былай Жамал хақында Шолпан онымен ешнәрсе сөйлеспейтін болды.Бас аман, малы түгелдердің көңілі шаттықта, Жамалдың көңілі һәмән қайғыда болумен біраз уақыт өтіп еді. Жамал қанша қайғылы болса да, сырын халыққа білгізбес үшін, һәм жабыққан көңілін көтеру үшін, қыз-бозбала жиналған ойын-тойданқалмаушы еді. Жене де Жамал бол маган ойынның қызығы па секілді көрінуші еді. Қыс ортасы болған еді. Бір күні сол елде бір байдың баласы болмай жүріп, жамағаты ұл тапқанға, қыз-бозбала үшін үлкен мәжіліс шілдехана бол ды. Атырабындағы ауылдың қыздары тамам келіп, Жамал да әзір болды. Ағаш үйдің кең бір бөлмесіне тө рінен есігіне шейін халық толған еді. Бұл елде ойын-сауық әлі қалмаған, болғанға бір қыз, бір жігіттен қатар отырғызатын әдет бар еді. Жиылған- дар бірі өлең айтып, екіншілері қал- жыңдасып, ойын әлі қызып бастала қоймаған уақытта есіктен: «Кеш жарық!» деп, бір-екі жігіт кіріп келді. Бағзы бозбалалар: - Міне, бір сыпайы жігіттер келді. Қай жерге отырғызамыз? деп ақыл- даса бастап, көп кешікпей біреуін Жамалдың қасына әкеліп отырғызды. Бұл жігітті біздің Жамал таны- майтын еді. Ләкін Жамалдың қа- сына отырғызудан бір тәуір жігіт екендігі аңланды. Бұл жігіт отырып болған сон, үйдегілерге қысқа-қысқа сөзбен амандасып, соңынан Жамалға қарап: Сіз де сәлеметсіз бе? деп қой- ды. Бұл жігіт орта бойлы, қияпатты, бетінде азырақ қорасан дағы бар, жаңа мұрт шығып келе жатқан, сөйлеген сөзі сыпайы, әдепті, киімі ноғайшалау Ғали есімді бір зат еді. Көлденеңнен қарап салыстырғанда бұл үйдегі жігіттердің абзалы Ғали, қыздардың абзалы Жамал секілді көрініп, екеуінің қатар отырулары да бек жарасып кетті.Ғали бір болыста басқа ауылнайға қа раған Дүйсебек деген кісінің баласы еді. Жасынан талапты болып, Қызылжар, Троицкідегі медреселерде оқып жүріп жа не де частный учительден оқып та орысша азырақ сөйлеп, жазарлықтай шамасы бар еді. Мұсылманша жақсы оқыған болса да, елге шығып молда болмай, соңғы уақыт тарда оқуды да қойып, азырақ саудаға ай налысып еді. Атасы бай адам болмаса да, Рали инабатты жігіт болып, әрдайым алыс-беріс істерінде уағдала- сында опашыл болғандығы көрінгенге байлар шамалап несие беру- тартынбаушы еді белгі уакыттарда оқуда болып, бұл уберу- адам туруынан тұрмауы көбірел уақыт халык, хальсын анык танымайтын да еді. Тек сыролын Дуйсебектің баласы талады, еті тірі жігіт, қысы-жазы үйде отыр- кай оку окып, кесіп кылады деуші еді. Жаңада өткен бір жерт неде алыс-берістерін бітіріп, бір-екі жүз теңгелеп пайда қылып, уйіне қайтып, ағайынды аралап амандықта жүргенде, осы ойынға кез келген еді. Ғали Жамалмен қатар отырған соң, бір-бірінін ынга һам кім екендіктерін сұрап-білісті. Ғали Жамалдың бұрынғы көрін жүрген жігіттерінен сөзге ұстарақ, сұраған сөзіне толық жауап кайтарып, һәм өзі де ләззатты сөздер сөйлей бастағанға маңайында- ғылардың не істеп, не сөйлеп, не ойнап жатқанын естімеген секілді умытып, шын ықыласпен кеңеспек те еді. Әртүрлі ойын болып, ақырында «Бұғыбай», «Мыршалай мырыш» деген ойындар та- мам болған соң, бір жігіт бір белбеуді есіп алып: Енді, әлеумет, өлең айтасыңдар, айтпайсыңдар, айтпаған- дарыңа мінекей, деп, қолындағы есілген тоқпақтай белбеуін көрсетіп, қорқытып, аралап жүре бастады. Білген қалдарынша Ғали мен Жамалдан басқа бозбалалар өлең айтып жатса да, өлең- дері қашаннан бері айтып келе жатқан ескі өлеңдер еді. Енді өлең айтуға рет әуелі Ғалиға, сонан соң Жамалға келіп еді. Ғали дом- быраны әкеліп ұстатқанның соңында: «Менің өлең айту әдетімде жоқ еді, білмеуші едім», - деп күлімсіреп отырып: - Қайыр, енді көңілдеріңіз қалмасын, деп көркем әнмен дом- быраға дауыс қосып сөйледі: Ал сөйле, келді кезек енді, Ғали, Керілмей ұста қолға домбыраны! Рух берген мәжіліске, қызмет көрсет Сайратып тіл мен жақты болса халі. Өнерің болса ішінде шығар сыртқа, Бұл жерде жасырудың болмас моні. Қандырып құлақ құрышын тыңдаушының, Жарайды, міне, жігіт, десін полі. Секілді райхан гүл бақшадағы, Уылжып жігіттіктің тұрған шағы. Таба алмай айтар орын жүруші едің, Естіртші жас елдердің болса оні. Нақышпен сандуғаштай жүз құбылтып, Даусыңды түрлендірсең келер соні. Жастыққа сауық-сайран еткен күнің, Емес пе жігіттіктің раушаны? Тыңдаушы асыл сөзді табылғанда, Айтушы тартынар ма және тағы. Қадірлес құрбыларың жиналғанда, Тарқасын разы болып сынбай сагы. Жасымнан елде жүрмей, өстім шетте, Демесін кәне елді сағынғаны. Құрбыңа жатырқамай аш сырыңды, Жүйріктей бауыр жазып бабындағы. Умытпа мысалды да деп айтылған, Түлкіні тазы алады табындағы. Болады не нәрседен және де ескер, Жігітке абыройдың табылмағы. Емес пе екі жүрек бірдей келсе, Арада махаббат оты жағылмағы. Мінеки, домбыраңыз, тоқтадым мен, Сөйлесін сұлу Жамал жанымдағы! Ғали айтты: Ғали бұл арада айтып болдым деп, домбыраны Жамалға ұсын- ғанда, отырған халық: «Мырза, тағы айта түсіңіз?», деп өтініш айтқан соң, Ғали тағы да мынау өлеңді айта бастады: Жақсы қыз баға жетпес бір гауһар тас, Он алты, он жетіге жеткенде жас. Жаннаттың пісіп тұрған алмасындай, Сұлу қыз рақаттың кілті емес пе? Қолына түсіре алсаң, бардағы аш. Тізілген меруерттей отыз тісі. Қол жетпес, қандай жігіт ләззат алмасНұрлы жүз, жайнаған көз, қиылған қас. Шекеде кәмшат бөрік, киген асыл, Сылдырлап алтын шолпы, иықта шаш Бұралған тоты құстай мүшелері, Бозбала сұхбаттасқан болмай ма мас. Қатасыз осы айтқандай болып тұрса, Жолында сондай қыздың қияр ем бас... Ғали бұл өлеңді айтып болған соң, отырған ретінше Жамал айтты Сөйле, тілім, шешіліп осындайда, Құрбылармен бір жерге қосылғанда. Отырмассың үнемі төрде бүйтіп, Еріксіз-ақ қоярсың тосылғанда. Емес пе едік, япырым-ау, кеше бала, Білетұғын жастықпен есті шала. Белгісі жоқ екен ғой өткен күннің, Қатар түзеп қыз болдық, міне, қара! Қыз байғұс ел-жұртына келген қонақ, Мысалы, қызғалдақтай ғұмыры шолақ. Күн келер өз басынан ерік кетер, Қалалық осындайда күліп-ойнап..Бұл күні Ғали мен Жамал әбден сөйлесіп, әрқайсысы хал- ахуалын біліскен еді. Іштерінен бір-біріне ұнағандығы білініп, «бір көрген біліс, екі көрген таныс» мұнан былай да кез келіп жүрерміз деп, бұл сапарда айырылысқан еді. Ғали әлі қалың бер- меген бір талапты жігіт болғанға, Жамалдың күйеуіне наразы- лығына қарай екі тараптан да бір-біріне махаббат байланды деуге лайық болды. Не үшін десеңіз, екеуінің де сол ойын болған түндегі сөздері көңілдерінен кет- пей һәмән бірін-бірі ойлайтын болды. Мұнан кейін Ғали Сәрсенбайдың үйіне бір-екі мәрте келіп кеткен уақытта, Ғали мен Жамалдың бір-біріне көз қарауларын байқап тұрған кісі болса, екеуінің де көздерінде: «Мен сені жаным-тәніммен сүйемін» деген жазуды оқығандай болар еді... Осылайша Ғали, Жамал дос болып, әрбір лайықты уақыттарда жолығып, сұхбаттасып жүріп, қыс өтіп, жаз да келді. Бұл екеуінің ке ңілдерінде бір ғана ой бар еді. Бірақ бір-біріне бұл күнге шейін айтуға әрқайсысы өздеріне сенбеген се- кілді болып, үндемей жүруші еді. Бүл ойын Жамал сөйлесе, Ғали қабыл алуы, Ғали сөйлесе, Жамал қабыл алуы шүбәсіз болса да сөй- леуге екеуінің ойындағы мақсат- тары бір болған секілді қауіптері де һәм бір еді. Жамал мен Ғали аз күнгі ойын-күлкінің қызығымен өздерін дүниедегі бақытты адам- дардан санап жүргенде, бір күні бұларға үлкен қасіретті хабар ес- тілді: «Байжан мен Сәрсенбайдың арасындағы уағдалары болып, ен- ді бір айда Жұман күйеу ұрын ке- ліп, қалыңдық ойнайды», деген өсек расқа шықты. Бұл ренішті хабар бұл күнге шейін Жамал мен Ғалидың іштерінде сақтап жүрген сырларын бір-біріне білдіруге се- беп болды. Бұл айта алмай жүрген сырлары екеуі қалай ғұмырлық жолдас болып, Жүманнан Жамал- ды құтқару екен. Бірақ әрқайсысы да өздерінен басқа ешбір жәрдемші болмаған- ға текке халыққа масқара болып, мақсатқа жете алмай қаламыз ғой деп қорыққан екен. Енді мына- дай «Жүман келеді» деген хабар аныққа шыққан соң, дүниеде бі- рінен бірі бөлек тұрудан қапаста жатқанды артығырақ көріп, не болса да, екеуі қосылуға бір жол қарамақшы болып, енді қай күнібір жолықса, бұрынғы іштегі жұмбақ болып жатқан сырларын таласып сөйлемекші болып түрғанда, Жамалға Ғалидан бір хат та келіп жетті. Окып көрсе, бул елі: Тұра алмадым толықсып хат жазбасқа, Зылиқа мен Жүсіпті қосқанындай, Ішкі сырды білгізіп замандасқа. Екі көңіл бір жерде қосылса егер, Не қызық бар жаһанда онан басқа?!.. Бұл хатты Ғалидан Жамалға алып келген жігіт әр уақыт бұл екеуінің арасында осындай құпия хабарлар һәм хаттар тасып жүретін, Ғалидың бір анық сенген кісісі еді. Бүгін бұл хатты Жамалға тапсырып: Жауабын ертеңге шейін даярлап қоярсың, мен бір ауылға барып қайтамын, деп кетіп қалды. Жамал бұл хатты үш-төрт мәрте оқып шығып, бір қызып, бір суып, Жұманға барса, ғұмы рынша қайғы-қасіретте өтетінін ойлап, ғалимен қашса, не түрлі уят-машақаттар болып, ақыры нешік болатынына көзі жетпей, аз дағдарып, көзінен моншақ-моншақ жастарды төгіп алды. Біраз- дан соң тағы да қайраттанып: «Тәуекел, Алла басқа салған соң, не де болса көтердім, ғалимен ғұмырымша қол ұстасып жүрсем де арманым болмас», - деп ойлады. Егер де ғалимен қаша қалса, кім тілектес, жәрдемдес боларын ойлағанда, өзінің шешесі Шолпаннан басқа ешкім көзіне көрінбе- ді. Шешесіне сиынатын себебі оқушыға да мәлім. Шолпан әуелден Жамалды Жүманға беруге разы болмай, Сәрсенбайға тілін алғыза алмай қойған еді. Екінші, Жамал ержеткен соң Жұманға көңілі наразы болып жүргенін де сезіп, хатта сол мезгілде Жамалдың жазып жүрген өлеңін де тауып алып оқиды деп жоғарыда жазып едік. Үшінші, Жамал мен Ғалидың жақын болып жүргендерін біліп, көріп жүрсе де, білмегенсіп жүруші еді. Жамалды Ғалиға лайық көрген секілді болып, Ғалиды шын ықыласымен баласын- дай жақсы көруші еді. Ұзын сөздің қысқасы, ақырында Жамал Ғалидың жазған сөздерін қабыл алып, қарсы жауап та жазып, ертеңінде манағы жігітке тапсырды...Ғали бұл хатты оқығаннан кейін сол күні өзіне сенімді құрбы- лары Жүніс, Нұрмаш деген жігіттермен күн батқаннан түн орта сына шейін ауылдан аулақ бір оңаша жерде ақылдасқан еді.Ғали: Мінекей жігіттер, бала жастан б рімізге «сен деспей ойнап оскен құрбы едік. Қазір де мен мынандай бір қиялға түсіп түрмын. Айткан сертіне кыз жетіп, мен жетпей калсам, маған тірідей олім гой деп ойлаймын. Мен тауекел деп бул іске басымды байладым, сендер не акма айтасыңдар?- деді. Өлгі жігіттер: Оның бізге несін айтасың, біздің сенен аянар еш нәрсеміз жоқ. Бұл заманда қыздың басында ерік бар гой, азар болса Малын алар, кім қызды тегін береді, дегеннен кейін Ғалидың қуанғаннан екі көзі жайнап кетіп: - Не қылса да осы іске бір өнер-қайрат ете көріңдер, - деп, ер тең тағы да ақылдаспақшы болып тарқасты. Бұл үшеуі ертеніне һәм бас қосып, бұл жолғы мәслихаттары: әуелі Ғали Жамалға барып, оңашада әбден сойлесіп, қай күні қашатындарын уағдала суға қаратты. Көп кешікпей Ғали да бір күн түнде, Сәрсенбайдың аулының түсындағы бір сайда, сүйіктісі Жамалмен келешекте бірге рақат гүмыр өткізулерінің желісін сөйлеп түр еді. Дүниеде бұл екеуі үшін бір жақтан істің ақыры нешік болады деген үлкен қор қыныш, екінші жақтан дұшпанның қолына түспей құтыламыз ба деген қуанышпен жүректері лүпілдеп, бірінің қолы бірінің мой нында болып, екі ғашық бір ойда еді... Жамал Ғалиға айтты: Анау күнгі саған жазғаннан кейін менің өңім де бұзылып жүрсе керек, апам оңашада қайта-қайта: «Қарағым, неге мұнша сарғайып кеттің, сырыңды айт, бөтен ойың болса, менен жасырма, мен сенің біреуге қор мұқтаж болмағаныңды ойламасам, саған жамандық тілер деймісің?» деген соң және апама сенген соң, бар сырымды сөйлеп едім: «Олай болса, қарағым, бетіңнен жарыл қасын. Ғалиды мен жек көрмеймін, бірақ қайтейін, Құдайтағала сені бір жаманға байластырып қойған соң», деп жылап та жіберіп, ақырында өзі бізді шығарып жібермекші болды, - деді. Бүған Ғали да бихисап қуанып, екеуі ендігі жексенбіге осы сайды белгі қылып, уағда байласты. Ғали үйіне келіп, өзінің бүл іс хақында ақылдас болып жүр- ген құрбыларымен сөйлесіп, келер жексенбіге ат сайландырадаярлана бастады. Екі дос Куніс пен Нұрмаш Ралиды шыгарып салмакка булар да даярланып, сенбі күні «не болса да ертең бола ды» деп, жас жүректері дамылсыз согуда еді. Гали даярланғанда масында. да сырын туған анасы Шанганда қанның соңында, Шолпан да разы болып, жол қамын ойлай бастаған еді. Жексенбі күні де болып, ел жатқан уақытта Гали, Жүніс, Нұр- мат ушеуі, еді. Бұларга арбагі бар, жолықпақшы болған даяр болгоннан келеді, кашбір откен минут сүрленген жылда болып: «Қашан келеді?» деп қарап тұрғанда, буркенген екі әйел көрінді. Келсе, Жамал мен оның шешесі екен. Бұлармен Шолпан амандасып болған соң: Шырақтарым, енді Аллатағала қайырлы сапарын беріп, мақ саттарыңа жеткізсін, қайда жүрсендер де аман жүріңдер. Қазір де ешкім көрген жоқ, тоқтамай жөнеліңдер, деп Жамал мен Ғали дың беттерінен сүйіп, жыламсырап қоштасып, жастар аттарына мініп жөнелгенде біраз арттарынан қарап тұрып, үйіне қайтты... Ғалидың достарымен ақылдасқанда Жамалды алып барып, жатпақшы жері - дуанда өзі бірге саудалас болып, несие алып жүр- ген Фатихолла бай еді. Қазірде ауылдан былай бес-он шақырым шыққан соң, арттарынан қуған ешкімнің дыбысы жоқтығына көз жетіп, тағы да ақылдасып, сол әуелгі планы бойынша жүз жиырма шақырым жердегі қалаға тартпақшы болды. Бүл түні күн шыққанша елу шақырым жүріп, адам жоқ бір қыстауға келіп, жасырынып жатты. Күн батып, ымырт жабыл ганша бұларды ешкім көрмей, енді тәуекелдеп, таң атқанша дуанга жетпекші болып, Ғали мен Жамал жүріп кетіп, Жүніс пен Нұрмаш елге қайтты. Ғали, Жамал қалаға саламат жетіп, Фатихолла байдың үйіне келді. Бастан-аяқ оқиғаны Ғали Фатихолла байға айтқаннан кейін, Фатихолла бай әуелінде осындай қазақтың қызды жастай құда болып, біреуге беріп қоятын жаман ғадетін жек көргендігі себепті және де Ғалиды һәм тәуір көретіндігінен бұл екі мүсәпірді қабыл алды. Фатихолла бай өзінше тәуір пікірлі ғана, өзі айтқан сөзін болдыруды жақсы көретін бір татар еді: «Әйдә, Ғали! Син бір де қорықма, алһамділле, бізнің қораға рұқсатсыз ешбір степной қырқызларың кірә алмас. Эгер де киліп скандал чығармақчы бүл салар, прямо частьқа заявить итіп, жилкөлерін қашытармыз», деп Ғалиды қайраттандырып қойды. Бір қонғаннан кейін Ғали Фатихолла ба ары карай жазсшы Бір ғаннан кейін Ғали Фатихолла баймен ақылдасып, ку мұнда келіп қарап жатқанның мәнісі болмас, «ұлықтан Жамалдың басына ерік алалық», деп адвокатқа арыз жаздырып, крестьянский начальникке Жамалды кіргізді. Арызын- да: «Мені жеті жасымда атам қазақ ғұр пынша бір қазаққа малға сатқан екен, бұл күнде кәміл жасқа толып көрсем, күйеуім өзіме ұнамағандығы себепті һәммені атам ықтиярсыз бермекші болған се бепті, өзімнің сүйген жігітіммен қашып келдім. Мархамәтшылық жүзінен мен мазмүнаның көз жасын құрғатып, басы- ма ерік беріп қиянаттан қорғасаңыз екен»,- деген сөздер жазылған еді. Бұл арызды ілтифатқа алып, начальник Жамалдың қолына: «Кімге барсаң да ықтияр», деген қағаз беріп,болысқа һәм былайша қағаз шығарды: «Жамал Сәрсенбайқызына ешкім қиянат, жәбір қылмасын! Сүйген күйеуіне баруға өзіне ерік берілді. Қалыңмал хақында дау болса, болыс съезі саларсын», деп. қашқан күні таңертең Сәрсенбай намазға төсектен түрып, түндік аштырып, азан оқып болғаннан кейін, Жамалдың жоғын көзі көріп, қатындарынан: - Жамал қайда кеткен? - деп шүбәланып сұрай бастады. Шолпан да еш нәрсе білмегенсіп: Жамалжан тысқа шыққан шығар, байдың бәйбішесі: деп тұрғанда Сәрсен - Ойбай, бетім-ау бір сұмдықболған екен ғой, Жамалдың ілулі тұрған киімдері қайда? деп, сол минутта Жамалдың қашқаны мәлім болды. Үй іші сасып, ренжуде болып, сол сағатында ауыл да жиналып, ақылдаса бастады, біреулері: - Өзінің күйеуі алып кеткен шығар, деп, көбі: Жоқ, мұны Дүйсебектің қу баласынан басқа ешкім әкеткен жоқ. Өздерің де соны патшаның баласындайәлдеқандай көріп тым еркінсітіп жіберіп едіңдер, ал енді қайтер екенсің, деп, Сәр- секеңнің жалғыз басын даң қылды. Сөйтсе де мәслихаттасып: «Осындай мағлұмсыз біздің баламыз, сіздің келініңіз Жамалды біреу түнде алып кетіпті, енді не қыламыз?», деп Байжанға кісі жіберді. Және бір жағынан астыртын Ғалидың аулына да кісіжіберді. Кешке таман Ралиларга кеткен жігіт бүгін түнде Ғали. Нұрмат, Жуије үшеуінің жақсы аттарына мініп, үйле рінде жоқ болып шыққан хабарын алып келген соң, шүбәсіз істің анығын біліп, Байжанға екінші кісі жіберді: Мінеки, Дүйсебектің баласы алып кетіпті, ендігі ақылын өздеріңіз біле сіз, деп. Бұл күн осылай хабарлармен өтіп, екінші күнде Байжан жиырма жігіт ертіп, «бәлемнің шаңырағына қобыз тар тайын» деп, Сәрсенбайдың аулына келіп түсті. Бұл өткен түнде Нұрмаш пен Жүніс те үйлеріне келіп жеткені мағлұм болып, аттары сүмектей болғаны әркімге көрініп наттандырған. Н.Айдархан қалған еді. Байжан ірің анығын білген соң, жолдастары корівіn кісіні түнде болысқа кісі жіберіп аулынан жылқы алды бе жазды: жіберді һәм Мінеки, осындай оқиғалар болып қалды, билеріңізді алып мұнда келіңіз! - деп, Байжанның барымтаға аттандыреніалі алып ріат, айғыр, ту биеден он екі жылқы алып һәм жолдан Сәрсенбай Дың бір қысырағының үйірін қоса айдап барып та қалды. Күллі Янылыстың расходы Сәрсенбайдың мойнында болып, қорыққан нан бірауыз сөз қарсы айтуға хәлі де жоқ еді, хәттә жан-жаққа шаптырып жатқан аттар да Сәрсенбайдікі еді. Үш-төрт күннің ішінде бір болыс елдегі керекті кісілер жиналып, бір үлкен съезд болды. Байжанды жақсы көргендер халық жиналған жерде: - Міне, жұрт бұл секілді тентекке тізгін беріп жібере берсе, жұрттың қойнындағы қатынын да әкетер, мұндай болмасқа тыю салып, біреудің ақ баталы жесірін қайтарып әперу керек. - Біреуге болған қиянат ертең екінші кісінің басына келмей ме, мұнымен халық арасы бұзылып, жұрттықтан шықпаймыз ба?- деп уағыз сөйлей бастады. Кешке таман іңір уақытында Байжан болыс писірді, осы жиы лысқа келген бес биді һәм указной молда Ахметжанды оңаша, ауылдың сыртына шақырып алып: - Енді ертең не болса да бір іс қылыңыздар, мен қазір де малға бітпеймін. Мыналардың бізге барып қалған он жақсы жылқысы бар, бұл мал менің жауыма қайтарылып берілгенше өздерің олжа қылыңдар, мен кешіктірмей сатып жіберемін. Сіздер бір жолғаменің намысымды жоқтап не дегенімді істеп беріңіздер. деді. Бұлар да «олжа» деген сөздің қарасын көрген соң, мұрттарынан күліп: Енді қалай қыл дейсіз? деп сұра- иә. Байжан итті: Сіздер әр қызметтің басындағы кісілерсіз, мінеки, болыс пен писір ұлық жағынан бұл туралы нендей іс болса да дұрыстап тұрар. Билер ертең Сәрсенбай, Дүйсебек- тердің мұнан сұрайтын жылқыларын отказ етіп, қыз бен жігітті шығарып жіберген екі жігітті соларды тауып әке- луге міндетті қылыңыздар, тауып әкел- месе, түрмеге отыруға бұйырыңыздар! Ал Ахметжан молда, сіз бұл қыз бен біздің Жүман екеуіне алып қашудан он күн бұрын неке оқылған еді деп книгеңізге жазып, бізге куәлік беріңіз, деді. «Сіз мұндай жұмысты болып тұрғанда өтірікке де болса кіріспей бол- мас»,- деп разы болысты. Сол жерде Байжан қалтасынан суырып, әрқайсысына елу тең- гелеп төрт жүз теңге ақша берді... Кыскаша мазмун жаз пыкыр далел мысал корытынды жаз
Ответ нейросети
24 января 2025 05:31
Понравился ответ?
Задай свой вопрос
Напиши любую задачу или вопрос, а нейросеть её решит



