Сәлт-дәстүр – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениеті мен дүниетанымының негізі. Олар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, халықтың рухани байлығын көрсетеді.
Мысал ретінде «шілдехана», «тұсаукесер» және қыз ұзату сияқты әдет-ғұрыптарды келтіруге болады. Бұл дәстүрлер халықтың өмір салтына тығыз байланысты.
Тұсаукесер – сәбидің алғашқы қадамына арналған рәсім. Бұл кезде бала алғаш рет тәй-тәй басқанда, оның аяқтарына ала жіп байлап, бір адам жіпті кеседі. Бұл баланың өмір жолының ашық және сәтті болуы үшін жасалады. Ала жіп адалдық пен тазалықты білдіреді.
Сәлт-дәстүрлер қазақ халқының рухани құндылықтарын сақтау мен нығайтуға көмектеседі. Олар халықтың тұрмыс-тіршілігі мен дүниетанымынан хабар береді. Салт-дәстүрді сақтау – ұлттың бірегейлігін және рухани мұрасын қорғаудың жолы.