М. Әуезовтың «Абай жолы» романында Aбай бейнесі тек әдеби кейіпкер ғана емес, қазақ қоғамының рухани діңгегі ретінде бейнеленеді. Автор Абайдың өмірі арқылы адамгершілік, ізгілік және қоғамдағы әділетсіздіктерді терең әрі әсерлі етіп жеткізеді. Романның әр бөлігінде Aбайдың саналы, білімге құштар тұлғасы мен оны қоршаған әлеуметтік ортаның қарама-қайшылықтары нағыз шеберлікпен көрсетіледі. Мәселен, Абайдың өз еліне қызмет етуі, халыққа шәкірт болуға ұмтылуы – оның азаматтық парызын көрсету мақсатында жасалған. Әуезов Абайдың жеке трагедиясын жалпылама халық трагедиясына айналдырып, оқырмандарды терең ойға жетелейді. Нәтижесінде, «Абай жолы» – тек әдеби шығарма емес, рухани кемелдік пен ұлттық мәдениетінің символына айналды.
Задача Задача №2757332
А
А