Аннотация:
Алматы қаласында бие сүтінен дайындалған ерекше шоколадтардың өндірісі басталды. Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов және ғалым-технологтардың тобының жұмысының нәтижесінде тәтті өнімдердегі зиянды құрамдас бөлшектер алынып тасталды. Бұл шоколадта транс май қышқылдары, қаныққан майлар мен холестерин жоқ, әрі құрамында қант жоқ. Мұндай шоколад «Шарман» брендімен өндіріледі, ол науқастардың денсаулығын жақсартуға, сондай-ақ семіздіктен арылуға көмектеседі. Бие сүті негізіндегі бұл инновациялық өнім табиғи таза әрі емдік қасиеттері бар, сондықтан оны жеңсік ас ретінде ғана емес, халықты сауықтыруға арналған дәрумендік өнім ретінде қарастыру қажет.