Сверь числа и знаки с фото.
Қоғамда болып жатқан өзгерістерге өзіндік көзқарасын білдіріп, өткен өмірді аңсау сарыны басым болған ақындар шығармаларында замана шындығы айқын көрініс берген. Сондай көң тынысты ақа ақынның бірі – Мұрат Мөңкеұлы.
МҰРАТ МӨҢКЕҰЛЫ
[Рисунок: портрет мужчины в шапке и халате; подпись «МҰРАТ МӨҢКЕҰЛЫ (1843–1906)»]
Мұрат Мөңкеұлы 1843 жылы қазіргі Атырау облысының Қызылқоға деген жерінде бай-қуатты отбасында дүниеге келген. Алайда әкесінен ерте айырылған Мұрат ағасының тәрбиесінде болады. Жастайынан өлең-жырға әуес болып, «ақын бала» атанған.
Мұрат Мөңкеұлы – патшаның отарлау саясатына қарсылық білдірген ақындардың бірі. Ақынның «Үш қиян», «Сарыарқа», «Қазтуған» атты толғауларында Ресейдің қазақ жерін отарлау саясаты, атамекеннен айырылған елдің азары мен мұңы баяндалады. Мысалы, «Үш қиян» деген өлеңінде:
Еділді тартып алғаны – Етекке қолды салғаны. Жайықты тартып алғаны – Жағаға қолды салғаны. Ойылды тартып алғаны – Ойдағысы болғаны. Маңғыстаудан үш түбек – Оны-дағы алғаны. Үргеніш пен Бұқарға Арбасын сүйреп барғаны – Қоныстың бар ма қалғаны? –
деп күйзеледі. Мұрат ақын мұнда қунарлы жерінен айырылған алаш азаматтарын заман тынысын дер кезінде аңғара білуге үндейді, жер
Зерде сөз Қазақтың тарихын жазған адам Мұрат секілді ақындардың сөзін елеусіз тастай алмайды. Мұрат өлеңдерінде патша үкіметінің қазаққа жүргізген саясаты айқын байқалады. Хүкіметтің жақсы жерлерді тартып алғаны, ел қамын жегендердің қулығы, елтірілген анық айтылады. Х.Досмұхамедұлы
60
тағдыры – ел тағдыры екенін баса айтып, «Еділді тартып алғаны – етекке қолды салғаны, Жайықты тартып алғаны – жағаға қолды салғаны, Ойылды тартып алғаны – ойдағысы болғаны...» – деп, ұлт тағдырындағы трагедиялық кезеңдерді шынайы суреттейді. Өз өмір сүрген ортаның әлеуметтік-саяси жағдайын жете түсінген ақын өзін мазалаған ойларын:
Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Астраханның жерін алды. Артынан Еділден соң Нарынды алды, Тоғайды ағаш-қамыс, талын алды. ...Қулап Исатайды өлтірген соң, Заманның содан бері тарылғаны... Бір қазақ еркек болса – Махамбеттей, Мұны да айсыз күні жазалады, –
деп қиындыла жазады. Өлеңдерінің мазмұны ақынның шығыс мәдениеті мен түркі мәдениетін жетік білгендігін, қазақ тарихымен қатар түрік, қарашай, ауған, ноғай, орыс, татар, башқұрт халықтарының тарихымен де таныс екендігін көрсетеді. Мұрат Мөңкеұлы жастарды Мұса би мен Асан би, Ер Едіге, Қарасай-Қази, Ер Тарғын, Қазтуған сияқты үлгі-өнеге боларлық адамдардың үлгісінде тәрбиелеу мақсатында олар туралы өлең-толғаулар шығарған. Рухани құндылықтарды сақтап қалу үшін Жиделі-Байсын жеріне көшуді насихаттаған.
Мынау Нарын деген қонысың – Нарынбай байдың қонысы еді. Сарыкөл, Самар сынды су, Мынау Самар деген суыңыз – Самарбай байдың қонысы еді...
Адамның азған белгісін жырау:
Екі кісі дауласса, Тәту бол деп айтпайды. Екі айырып арасын, Арасынан пара алған. Мұсылманның баласы, Қашуды қойды арамнан. Шапағат, қайыр қалмады,
61
Жақын-жұық жараңнан. Кім кісі – жеңі жоқ, Етегі бар да, белі жоқ, Бармақ сияр жері жоқ, Қатпа болған түйедей, Киенкі болған биедей, Ел биледі бір сымпыс, Екі бұты таралған, –
деп сипаттайды. Келер заманнан түңілген ақын:
Адыра қалғыр заманның, Мен жаратпаймын сүренін! –
деп қапаланады. Ақынның бұл ұзақ өлеңінің негізгі мазмұндық желісі – жерді сақтап қалу мәселесі. «Үш қиян» өлеңі:
Заманнан заман оралған, Дүние шіркін соны алған. Адыра қалғыр, бұ қоныс, Қайырсыз екен азалдан, –
деп басталады да, заманында Орақ, Мамай, Телағыс, Асанқайғы, Қазтуғандар өткен атақоныстың «адыра қалып», жат жайлағанын жаны күйзеле жыр етеді. Қаруы күшті орыс патшалығының қалың әскеріне төтеп бере алмаған халық арасында қазақтың атақонысынан айырыла бастағанын айтады:
Тұлпар мініп ту алған, Дұшпаның көріп қуанған, Алмасын қанға суарған, Аруақты ерлердің, Абыройын төккен жер.
Мұрат Мөңкеұлы 1906 жылы Жайық бойында Өрлік деген жерде дүниеден қайтты. Ресейге қосылуды қазақ халқының қайғысы деп ұққан Мұрат тәуелсіздікті аңсаған, елдің егемендігін көксетен ұлттық ақын дәрежесіне көтерілді.
Зерде сөз ...Қазақ елі елдігінен айырылып, «штатқа» кеніп, нағыз бодандырып тұрған кезде Мұрат өмір сүрді. Мұраттың заманы – бостандық үшін «көбінесе ерін бөрі жер тіреген» заман, қазақтың бұрынғы кең қоныстан, сүйікті әдеттен, еркін салттан айырыла бастаған заманы. Х.Досмұхамедұлы
62
На фото — страницы 60–62 с материалом о Мурате Монкеулы, но самого задания (вопроса или упражнения) не видно. Поэтому решить конкретное задание пока нельзя: пришли фото с формулировкой или напиши номер упражнения.
Что важно понять из текста:
- Мұрат Мөңкеұлы (1843–1906) — казахский поэт, критиковал колониальную политику царской России;
- в стихотворении «Үш қиян» он говорит об утрате земель (Едиль, Жайык, Ойыл, Мангыстау) и призывает помнить историю;
- главные темы: потеря родины, социальная несправедливость, необходимость единства и сохранения традиций.
Если задание будет про анализ, строй ответ так: тема → идея → 1–2 цитаты → вывод.
Пришлёшь фото с формулировкой задания или напишешь его номер?