Сверь числа и знаки с фото.
5-тапсырма. Жұптық жұмыс. Мәтінді оқыңдар. Қарамен жазылған сөздер мен сөз тіркестері бар бір сөйлемді одағай сөзбен толықтырып, айтыңдар.
Үлгі: Неткен ғажап, Ұлы Далада сол кездің өзінде үш жүзден аса қала болған екен!
Ұлы Дала өркениеті дамуының бірнеше факторы болды: Біріншіден, Алтайдан Донға дейін созылған Ұлы Дала екі құрлықтың басын қосты. Ол Европа мен Азияның қақпасы болды. Екіншіден, Дала өркениеті біздің жыл санауымыздан 1000 жыл бұрын пайда болды, 7000 км жер қамтылды. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы IV мыңыншы жылдың соңында түркі жұрты ең жүйрік аң — жылқыны қолға үйретті. Үшіншіден, Ұлы Дала Әмудария мен Сыр арқылы Қытай-парсы, Үнді, Араб өркениеттерімен тоғысты. Төртіншіден, дала баласы табиғи ортамен толық гармонияда өмір сүрді. Оған шығармашылық эволюция тән болды. Бесіншіден, Ұлы Дала арқылы «Ұлы Жібек жолы» сауда жолы жанданды. Бір ғана Сырдарияның бойында 300-ге жуық қала мен бекініс болды. Яғни көшпенді дала мәдениеті мен қала өркениеті қатар дамыды. Алтыншыдан, металлургия дамыды, аң стиліндегі зергерлік өнер өркендеді. Жетіншіден, осы Ұлы Далада салтанат құрған Түркі елі (Түркі қағанаты 551-744 ж.) Еуразия сахарасындағы тұңғыш империя еді. Сол дәуірде түркі жазуы пайда болды. Сегізіншіден, 545 жылы Бұмын қағанның ордасына Қытай елшісі келді. Сол кезден бастап Түркі елі халықаралық мәртебеге ие болды.
Выделенные слова:
- құрлықтың — континента (материка);
- қамтылды — было охвачено;
- түркі жұрты — тюркский народ;
- шығармашылық — творчество; здесь: творческая;
- сауда жолы — торговый путь;
- елшісі — посол;
- мәртебеге — статус; «мәртебеге ие болды» — получил статус.