Сверь числа и знаки с фото.
Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырманы орындаңыз.
Бір тойым болатыны сөзсіз менің, Дәл қай күні екенін айта алмаймын... Мен өзім де ән салам түн ауғанша, Менің жаным бұл күнге құмар қанша! Бәйгі берем жығылған палуанға да, Адалдығы сезіліп тұрар болса! Қыз қуар жігітке ат беремін, «Жаным!» деген жүрекке от беремін Мен әйтеуір бар жиған-тергенімді, Бір тамаша той қылып өткеремін. Біздің үйді сол күні бетке ал, қауым, Нысанаға ап қуаныш тоқталмауын. Мен бұл тойдан тілеймін жылап тұрып, Қазанымда бір асым ет қалмауын...
1-тапсырма. Өлеңдегі маңызды 3 тірек сөзді жазыңыз.
- ___ 2. ___ 3. ___
2-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. ✓ Өлең жолдарынан ақынның қандай көңіл-күйін байқауға болады?
✓ Автордың жеткізгісі келген негізгі ойын бір сөйлеммен жазыңыз.
3-тапсырма. «Ағаш тамырымен мықты, Адам дос-жарымен мықты...» деген пікірмен келісесіз бе әлде келіспейсіз бе? Өз ойыңызды дәлелдеу үшін 2 аргумент ұсыныңыз.
1-тапсырма: 1) той; 2) қуаныш; 3) жомарттық.
2-тапсырма:
- Ақынның көңіл-күйі мерекелік, қуанышты, жомарт.
- Адам жиған-тергенін халқымен бөлісіп, өмірде үлкен қуаныш тойын жасауы — автордың негізгі ойы.
3-тапсырма: Келісемін. 1) Дос-жары бар адам қиындықта жалғыз қалмайды. 2) Сенімді дос пен жар адамға рухани тірек болады.