Задача Задача №3827987
А
А
Сверь числа и знаки с фото.
5-тапсырма. Берілген жай сөйлемдерді өзара біріктіріп, құрмалас сөйлемге айналдырып жаз.
- Заңды білу — заман талабы. Заң білімі саласынан мағлұмат алған дұрыс.
- Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды. Ол көпшіліктің назарына ілігеді. Айналасына жағымсыз пікір туғызады.
- Құқықтық білім арқылы жасөспірім құқықты ұғынады. Оның санасы қалыптасып, дамиды.
- Жасөспірімдер арасындағы қылмыс қашан да ұлттық тұтастығымызға қауіп төндіреді. Ел болашағына зиянын тигізеді.
- Құқық пен бостандық адамның қоғамдағы орнын айқындайды. Оның мемлекетпен өзара байланысын анықтайды.
- Заңды білу — заман талабы, сондықтан заң білімі саласынан мағлұмат алған дұрыс.
- Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, алайда ол көпшіліктің назарына ілігіп, айналасына жағымсыз пікір туғызады.
- Құқықтық білім арқылы жасөспірім құқықты ұғынады, сөйтіп оның санасы қалыптасып, дамиды.
- Жасөспірімдер арасындағы қылмыс қашан да ұлттық тұтастығымызға қауіп төндіреді, сондықтан ел болашағына зиянын тигізеді.
- Құқық пен бостандық адамның қоғамдағы орнын айқындайды, сондай-ақ оның мемлекетпен өзара байланысын анықтайды.