Задача Задача №675923
А
Аноним
16 марта 2024 11:20 · публичный вопрос
А
Аноним
Мәтіннің мағынасына ең жақын мақал қайсысы? Баланың жақсысы – қызық, жаманы - күйік. Осы бір қанатты сөзде қаншама мағына жатыр десеңізші! Себебі, бұл шынайы өмірден алынған. Әрбір ата-ана баласының өмірге деген көзқарасы дұрыс қалыптасқан, тәрбиелі, заман талабына сай азамат болып өскенін қалайды. Ата-ана бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарайтыны сөзсіз. Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған, жақсы, жаман бала болса солардан, - деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, ата-ана өз баласының тәрбиесі үшін, ел, халық алдында жауапкер. Бала аяғын тәй – тәйлап басқаннан бастап-ақ, ата – анасымен, отбасындағы басқа жандармен қарым – қатынаста болып, тәрбие арқылы ересектердің бойындағы жақсы- жаман қасиеттерді үйренеді. Сондықтан отбасында күнделікті болып жатқан оқиғалар: ата-ананың бір-бірімен қарым-қатынасы, баламен сөйлесу, үй шаруасының атқарылуы, ересектердің еңбекке көзқарасы, уақытты өткізуі, қонақ қабылдауды - бәрі балаларға тікелей әсер етеді. A. Тәрбиелі адам — тағалы атпен тең. B. Келінім, саған айтам, Қызым, сен тыңда. C. Қарағайға қарап тал өсер, Құрбысына қарап бала өсер D. Жақсы адамның жасын сұрама, Жақсы аттың тісін қарама.
Нейросеть16 марта 2024 11:20
A. Тәрбиелі адам — тағалы атпен тең.
