Вопрос от Анонимного юзера 09 мая 2024 12:38
1-тапсырма. Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, құрылымы, стилі, аудиториясы, тілдік ереркшелігі тұрғысынан салыстырыңыз. 1-мәтін Бұл экспериментке 150 адам қатыскан. Олар 1000 сөзден тұратын мәтінді оқуы керек болған. Қатысушылардың жартысына кейіпкердің дәмханаға кіріп адамдармен әңгімелесетінін, оның хаты жергілікті газетке калай жарык көргені туралы әнгіме берілді. Ал екінші жартысы оқиға орны өзгерген гылыми-фантастикалык нұскадағы әңгімені оқуы керек: гарыш кемесінде жүрген кейіпкер, бөтен адамдар, андроидтар жат ғаламшарлыктар. Бірінші мәтінде «есік» деген сөз кездессе, ғылыми-фантастикалық шығармада ол сөз «шлюз камерасына» ауыстырылады. Сөздері өзгерсе де екі әңгіменің де окиғасы бірдей болған. Экспериментке қатысушылар әңгімені оқып шыққан соң шығармадағы бас кейіпкердің баяндауы мен оның жай-күйін қалай қабылдағаны туралы баяндауы керек. Зерттеушілер сюжет желісінің ғылыми фантастикаға ауысуы қатысушылардың көркем тілді түсінуін бірден төмендеткенін айтады. Олардың айтуынша, ғылыми фантастика оқырмандары кейіпкердің күйін сезінбейді. Екінші мәтінді талдағандардың көпшілігі ғылыми фантастикадағы окиғалар назар аударуға тұрмайды және терең ойланып оқуды кажет етпейді деп санаған. 2-мәтін. Курчатов каласындағы ядролық зерттеу орталығы. Аса қауіпті радиоактивті заттармен жұмыс істеуге арналған зертхана. Жердің астында бункерде орналаскан. Бункер екі аймакка калындығы 20 сантиметр корғасын тотығы қосылған радиоактивті сәуле өткізбейтін шынымен бөлінген. Орындық үстінде отырған ғалымдар шынтақтарын төбеден түскен білектей жуан буындары бар ілмектерге креслоның канаттарына тіреп отырғандай. Ілмектер колдын буындарының кимылына сәйкес дәлме-дәл қозғалады. Әр ілмек басында қайшының тұткалары тәріздес көздері бар. Оператордын үлкен және сұқ саусағы осы көздерге киілетін. Шынының арғы жағындағы ілмек жасанды қолға айналатын. Тек басында саусақтар орынына тістеуік басына ұқсас қапсыра ұстауға арналған тістері бар манипулятор. Қозғалыс көшірмесін жасайтын манипуляторларды баскарған үшін оператор роліндегі ғалымдар «бір- бірін қуыршақ жүргізуші» деп калжындасатын. Қуыршақ театрында жансыз қуыршакка артист жан бітіреді. Көрермен жан дүниесіне жол салады. Ғалымдар басқаруындағы металл колдар жанды дүниеге тиым салынған ортаға жол ашты. Зертханада жоспар бойынша екі ғалым тәжірибелерін жүргізуде. Бірі жиырма жастағы жігіт. Тік мандайынан түскен кекілі бар. Бет жүзінің қырлары тік. Ұзын сорайған мойыннан ақ халат киім ілгішке іліп қойғандай кең иықтарынан салбырайды. Екіншісі орта жастан аскан бет жүзі дөнгелек келген ересек адам. Қою қасты, кырғи тұмсығына көзілдірігін іліп алыпты. Қасында манипуляторды баскарып отырған жас ғылымның кимылын бақылап отыр. Іштей кобалжығанынан ба? Оң жақ құлағының ұшын ұстай береді.

Ответ нейросети
09 мая 2024 12:38
Понравился ответ?
Задай свой вопрос
Напиши любую задачу или вопрос, а нейросеть её решит
