Ұшқан ұя (повестен үзінді) Менің бабам Имаш мын да тоғыз жүз он бірінші жылы тоқсан жасында дүние салған. Орта бойлы, орақ мұрын, от жанарлы сол нар шалдың төртінші перзенті менің әкем Момыналы екен. Оны жұрт Момыш деп кеткен. Әжемнің аты Қызтумас еді. Қартайғанда сары кемпір атанған. Жарыктық аса ажарлы, ақ дидарлы кісі екен. Ондай ару ол кезде ел арасында некен-саяқ. «Үлбіткеннің бөрі қазанның түп күйесін дей әкесіне тартып қара болды, кыз жағы өзіме тартып аққұбаша ажарлы шықты», деп отыратын еді жарықтық. Әжем өзінің ұлдарына өңшең аққұбаша аруларды айттыруға ынтық болған. Соның кесірінен менің әкем Момыш отыз үш жасына дейін салт басты, сабау қамшылы жүріпті. ... Экем содан айтыс қуып, әндетіп жүре-жүре отыз үш жасын да Байтана руынан Әбдірахманның Рәзия атты қызына үйленіпті. Ол менің шешем еді. Ол кісі мен үш жасқа толар-толмаста қайтыс болган. Анамның қандай кісі болғанын тек әжем мен әкемнің әң гімелерінен гана білемін. Момыш әкемнің айтуынша, мен мың да тоғыз жүз оныншы жылдың қысында, ескіше декабрьдің жиырма төртінде туыппын. Әкем ол күні Әулиеата шаһарында екен. Мен туған соң Имаш бабам жан-жаққа кісі шаптырып, әкеме де хабаршы жіберіпті. Біздің ауылдың Байтоқ деген кісісі алпыс шақырым Әулиеата-ға ат сабылтып жетіп, әкем жатқан үйге кіріп келіп, бір ауыз сөз айтуға дәрмені келмей, Момышты құшақтап, жылай беріпті. Әкемнің қарындасының үй-іші үрпиісіп, бір жаманат хабар жет-кен екен деп, қорқып қалады. Ақыры бәрі Байтоқты жұлмалай, «не боп қалды, айтсаңшы» деп тақақтағанда ғана Байтоқ: - Жеңешем үл тапты, депті. Үрейден үрпиіскен жүрт енді мәз-мәйрам болып, қуаныштары қойындарына сыймай, Байтоққа сүйіншісін беріп аттандырыпты. Әулиеатадан әкем қайтып келгенде, ағайын-жекжат құтты болсынға жиналып қалған екен. - О, Момыш, балаңның бауы берік болсын! - Ақментей бабасындай батыр болсын!Ақмоладағы Батыр бабасындай морт болсын! Бәйдібек батырдың әруағы қол дасын! Домалақ-анамыз жар болсын! десіпті. Сөйтіп, шілдехана тойға ұласыпты. Той соңында Имаш атам алақан жайып, ел қарияларынан бата сұраған екен. Төл немерең бел немерең ғой. Ба-та жөні де өзіңдікі, десіпті ақсақалдар. Сонда Имаш бабам былай деген екен: احلا Алатаудың қыраны мол еді, Қырағы болсын, құлыным. Қойнауы суға мол еді, Бұлағы болсын, құлыным. Елінің тілегі зор еді, Шырағы болсын, құлыным. Ата тілегі оң еді, Құмары болсын, құлыным. Бұл жер батырлар төрі еді, Сыңары болсын, құлыным. Жарық дүниеге келгеніме екі-үш ай болғанда, шешем мені күн көзіне шығарып, Имаш атамның алдына әке-ліпті. Атам ерте көктем алдында ағаш отырғызып жүр екен. Атасының қолын ұзартып, қол-қабыс беруге келді, ізетпен иіліп. депті шешем Атам еміреніп, мені алақанына алыпты. Қолыма жас бұтақ ұстатып: Құрық деп берсем, құл болма, Шыбық деп берсем, шіл болма. Бәрінен де, шырағым, Баяны жоқ ұл болма, деп келініне мені қайтарып берген екен Атасын алатком диларласуының құрметіне деп, алғашкы освет өмірлік өнеге болсын деп, акем сол күні кешке мал сойып, ауыл ақсақалдарының басын кайта қосыпты... Мен туганда, әкем елуді еңсеріп қалған кісі екен. Әжем жа рактық әкемді балаларымның ішіндегі еті тірісі осы болды деп отырар еді. Әкем өз бетінше талпынып жүріп, ескіше сауатын ашып алыпты. Содан өле-өлгенше өз бетінше оқып-тоқыған адам. Ол есеп-кисапты теуір білетін. Тіпті орыс алфавитін де ежіктеп шығара беруші еді. Жас күнінде ағаш ұстасы болыпты, етікші де атанып-ты, теуіпшілдігі де бар екен. Әсіресе, зергерлікті жақсы көрген. Біздің елде одан өткен зергер ұста болмаган. Жігіт күнінде кыз-келіншектің көңілін аулау амалымен үйренген зергерлік өнерін әкем картайганда тастамаған. Мұнда ол соққан сақина-білезікті салып жүрген көзі тірі кемпірлер бар. Ал, ол кемпірлер бір кезде уылжыған жас еді ғой. Әкем өз жанынан өлең шығарып, жиын-тойда айтысқа да түсіп жүріпті. Ескі ақын-жыраулардың термелерін, қиссаларын жақсы көріп тыңдайтын. Бірақ жатқа айта алмаушы еді. Момыш әкем ат жалын тартып мініп, бозбала халге жеткенде, Имаш бабам шаруа билігін соның қолына беріпті. Ауылдағы ке лін-кепшікті бір шыбықпен айдайтын адуынды Қызтумас әжем нің өзі де: - Момыштан сұраңдар, Момыш біледі, деп отырады екен. Ағайын-туған арасындағы алыс-беріс, көші-қон мәселесі, ас-той, дау-дамай бәрі-бәрі Момыштың араласуынсыз шешілмеген. Әлдеқалай ол жол жүріп кетсе, сапардан қайтып келгенше тірлік-ті соған қаратып, жолын күтіп отыратын болған. Имаш бабамның көзінің тірісінің өзінде біздің шағын ауылды Момыш ауылы дейді екен. Шаруамыз шап-шағын еді. Біздің үйдің іші қартайған Имаш бабамнан бастап, есін енді-енді біліп келе жатқан баласына дейін жеген нанын табан ақы, маңдай терімен тапқан. Ешкімді жалда-маған, ешкімге жалданбаған. Жас кезінде әкемді әйелдер жағы «Молда бала» дейді екен, кейін «Ұста бала» дейтін болыпты. Ал, әжем оны «Қара қатпа» деуші еді. Әкем орта бойлы, арық қара кісі еді. Маңдайы жап-жазық, қасы қалың, көзі шүңгіл еді. Сол арықтығына қарамай, керемет күшті болатын. Әжем оны «Тарамыс» деп те атайтын. Сол күштілігіне бола атаса керек. Мен бірде ожеме: Неге «Тарамыс» дейсіа? деппін, әкемді кемсіткен екен деп. - Не десе де шешемнің еркі, деп күлді экем. Қарай гөр, мына жаманды, окесіне болысып жатыр-ей, ден ожем өтірік ашуланган болды. Әлі есімде, бір рет әкемнің Момынқұл дейтін інісі ожеме Қойшы, апа! деп дауыс көтеріп калып еді, эжем таре кете жаздап: Сен тұрмақ, Момыш маган осы күнге дейін бетіме тік қарап сөйлеген емес. Сен қайдан шықтың, иттің күшігі! Жоғал, козіме көрінбе! - деп үйден қуып шықты. - Не боп қалды? - деп өкем кіріп келді, ожем оны аймалап, арқасынан қағып: - Анау інің көргенсіздеу боп бара жатыр. Жонге сал туысқа ныңды,- деді. - Мақұл, апа, сазайын тарттырайын. Бірақ ұрмай-ақ қояйын. мақұл ма, апа, - деді. - Мейлің, деп күрсінді әжем. Момынкүл көкем сол түні қой қорада түнеп шықты. Таңертең әкем оны жақсылап сөгіп салып, басқа бір ауылға бір аптага аттандырып жіберді. Сол екі ортада әжем енді Момын құлын сағынып: - Әй, әлгі тентек неме қашан келеді? деп қайта-қайта сұрай бергені ғой, жарықтық. Ол кезде біздің елде хат жазып, қара танитын адам некен-саяқ. Молда дейтін молдалардың өзі құранның о жер, бү жерінен шала-шарпы жаттап алғаны болмаса, нағыз дүмшелер. Ал, Момыш болса, өз бетінше тырмысып сауатын ашқан кісі, сонысымен бүкіл аймаққа әйгілі, сыйлы адам еді. Жаңадан билік құра бас-таған орыс әкімдері алым-салық қағаздарын шығарып, қол қою, бармақ басу деген әдетке айналды. Шағым жазу, арыз жазу салт болды. Ал, қара танымайтындар арыз жазып бер деп экеме келеді. Әкемнің әділдігіне сенеді. Ояздың қасында о кезде тілмаш болар еді. Тілмаш дегенің -елді билеп-төстеген сұмпайының өзі. Соның аузы дуалы. Ұлыққа не десе сол болады. Арызды тілмаш оязға не деп аударып жат-қанын сауатсыз қазақ қайдан білсін. Әкемнің айтуына қарағанда, тілмаш дегенің пара жегіш, дауласкер, екі жақты бірдей сорушыжемқор болған. «Сенің сөзіңді сойлеймін» дейді де, үлыққа өңгі-менің оңін айналдырып жеткізе береді... Ол кезде әрбір үш жылда ояа болыстар мен билердің тотенше съезін шақырар еді. Оның қарсаңында сайлау науқаны сапыры-лысып, екі ұдай тартыс, жік-жік айтыс, пара беру, жала жабу, бірін-бірі тірсектен қағып, орға жығу, айла-тәсіл, қулық-сұмдық, болыстыққа талас өрттей қаулай берер еді... Бір жолы өңшең атқамінер пысықтар сайлау алдында жиналып алып, қатты сассын. Жандары алқымға келіп, қиналып, тығы рыққа тіреліпті. Ойбай, қағаз тоқтап қалды! Қағаз тоқтап қалды!- дейді ғой бір-біріне қатты сасып. Асу бермес асқар белдің алдында амалы құрығандай боп түрған кездері екен. Ішінде әкемнің нағашысы Байтана Текебай би де бар екен. Ол кісі қайта сайланудың сары уайымымен аһылап-үһілеп, берекесі кете беріпті. Оязға дер кезінде мына қағаз бармайтын болды деп қатты қайғырғаны сонша, соны көріп менің әкем Момыш: Не боп қалды? Неге қиналдыңыз? деп сұрайды. - «Жартыны» ешкім жаза алмай қойды ғой, Құдай-ау, - депті би. Жарты» дегені 1/2 екен. « Мен жаза аламын, депті менің жиырма төрт жасар әкем. Сен жаман неме, не жазып жарытамын дейсің. Екі күннің жүзі болды, ол қиын жазуды мына оқыған молдалардың өзі түсіре алмай отыр, деп Текебай сене қоймайды. - Мен жазып берсем, қайтесіз, — депті әкем. Әкемді салы суға кетіп отырған молдалардың ішіне алып барады. Сонда Момыш 1/2 деп жазып, жарты дегеннің осы екенін түсіндіріп беріпті, қанша күн басы қатып, қамалып отырғандар өңі кіріп, қайта тіріліп, қуанып, құнжыңдасып, әкеме тәнті болып қалса керек... Әкемді жиырма сегіз жасында ауылдың старшыны сайлапты. Он жеті жыл старшын боп тұрып, он сегізінші жыл дегенде бұл дәрежесін өз ықтиярымен құрдасы Ереш деген кісіге берген екен. Әкем жарықтық өмірінің ақырына дейін ел арасында «Тура Момыш» атанып кетті. Қанша жыл аз ауылдың кішігірім әкімі болса да, бүйірі томпайып, мал біткен емес. Бар байлығы жалғыз аттан артпапты. Әйтсе де кедейдің қолы жомарт. Әкемнің қызғаншақтық, бақталастық дейтін қу мінезі жоқ, қолы ашық кісі болған. Бары болса, кісі шақырып, той-томалақ өткізуге құмар боп тұрар еді. Дүние, мал жиюды жек көретін... Қайран, балалық-ай десеңші! Алыста қалған арайлы адал тан дарым менің. Онда мен кіп-кішкентай сәби едім. Ал айнала таулар да, үйлер де, қойтастар да, жылқылар да бәрі-бәрі үлкен болатын. Адамдардың бәрі «айналайыннан» басқа сөзі жоқ, кілең мейірімді жандар болып көрінетін... Қария кісілердің сақалынан қасиет-қадір белгісі көрініп тұрар еді маған. Ер мінез жігіттердің кесек түлғаларынан, шашбаулары сылдыраған қыз-келіншектердің жүріс-тұрысынан мен адамзаттың асқақ сұлулығын түйсіксіз байқағандай болармын. Солардың бәрі мені аймалап, сүю үшін жаратылған жандар сияқты сезілуші еді. Ол-ол ма, анау асқар таулар, етектегі еңісті шексіз дала, көгілдір аспан, түнде жымыңдаған жұлдыздар, толықсып туған ай, жасыл жайлау бәрі-бәрі тек маған ғана елжірей қарап, мені ғана аймалап әлдилейтін сияқты еді. Дүние сенің сәби кезіңмен көргендегідей өмір бойы қайырымды, аспаны жібек, әдемі ертек болып тұра берсе, көне. күмбез, желі Тек оқта-текте ауылдың үстін, тау бөктерін тұнжыр бұлт тор-лайтын. Бұлт сонда үн-түнсіз шаруақор менің әкеме ұқсайтын. Ал күн күркіресе, апамның ересек балаларына ақырып-зекіргені есіме түсіп, жым боламын. Жаңбыр жауса, жас баланың көз жа-сындай, кімді аяйтынымды білмеймін, әлдекімге жаным ашып, жылағым келер. Биелер шұрқырап, құлындар құтырып, ауылды айнала шауып, еріксіз елеңдетеді. Ала-құйын айдалаға сен де жүгіре жөнелгің келеді. Енді бірде аспанға аң-таң боп қарап қала-сың. Буда-буда бұлттар жалы желбіреп шауып бара жатқан асау айғырлар сияқты. Кейде шөгіп жатқан түйелер сияқты. Кішкен тай қолдарыңды созып, сол керемет дүниеге ұшып барып, өлгі қа натты тұлпардың жалынан сипалағың келеді. Баланың бақытты шағы сол кереметке сенгенінде шығар. Кейін есейе келе өлгі бұлт-тың су екенін, күннің қызуымен бу болып ұшатынын білу қандай қаталдық. Ертексіз өскен бала рухани мүгедек адам... Ал менің көрі апам Қызтумас маған ертекті көп айтатын, олди өнді көп айтатын. Арада неше заман өтті! Қызтумас апамның сүйегі өлдеқашан қурап кетті, ал әлди ән айтқан үні әлі түр құлағымда. Бөстекке отырып алып, басымды бауырына қысып, кәрі алқанымен арқамнан томп томп қағып қойып: Балам менің қайда екен? Қыздарменен тауда екен. Тауда неғып жүр екен? Алма теріп жүр екен. Алмасынан кәнеки? - Жаңа теріп жүр екен. Қызыл алма қолында, Қыз-бозбала соңында, деуші еді-ау. Кейде қиястықпен қыңқылдап мазасын ала берсем, алдына алып отырып: Жылама, бөпем, жылама, Жілік шағып берейін, Жілігінің майы жоқ, Жіпке тағып берейін. Көк сиырдың сүтінен, Көже жасап берейін. Оның тұзын кім татар? Жыламайтын ұл татар, деп мәпелейтін еді. Сол кезде әдемі өнге елтіп жатып, балбырап ұйықтап кетер едім. Қайран сол балалық, қайта келермісің, сен! Кей кезде сол бір алаңсыз балалығыңды аңсап, еріксіз сағынасың. Әлдеқайдан асыр салып, жол шаңын бұрқы ратып, тұлымын жалбыратып, екі бетін албыратып, дүниенідаңғыратып, сол балалығым шыга келетіндей, айналана жалтақ-тай беретін кездерің жиі болады. Алайда бал балалық қайдан кел-сін?! Ойыңа сол шақтардың өрнектері гана, үзік-үзік бөлшектері гана, сапырылысқан ретсіз саздары ғана оралады. Сен соны ту шынасың да тамсанасың. Тамсанасың да еріксіз жымиясың. Осы сетте бір шеттен балалық дәуірдің бір елесі де жымиып тұрғандай сезіледі. Әлі есімде... Әкемнің кенже інісі мені оң алақанына тік тұрғы лып алып, алты қанат үйдің ортасында арлы-берлі жүріп алдын болсам заре құтым қалмай корықсам да, тіземді бүкпей қазды Мен ра беріппін. Көкем: «Қаз! Каз» - деп өзімен-өзі. Атамның ескі ту Рымағына отырғызып, мені керегеге іліп қойған да сол көкем гой. Өзі киізге жайғасып алып, ұзақ уақыт әуестікпен әурелеп еді. «Ай, кане, балапаным? Қанаттанып қашан ұшасың?..»- деп қояды. Мен қыңқылдап жылай бастағанымда, «дуана келіп қалады» деп қор-қытқан... Содан бастап, көкемнің көзіне түспеуге тырысатынмын... Әкем базардан келе жатқан. Үлкен әпкем мені әкемнің алдынан алып шықты. Әкем қоржынды түзулеп, ерге мені отыр-ғызды. Жалма-жан ердің қасынан шап беріп ұстай алдым. Әкем ат тізгінін жетектеп келеді. Үйге дейін отыз шақты қадам болса да, мен ердің екі жағына алма кезек ауытқып, қоржын ішіне сырғып түсе бердім. Әкем рахаттана күліп алып, қайтадан ерге отырғызады. Әпкем болса қатарласа жүріп: «Қорықпа, қорықпа! Берік отыр!» дейді. Бұл менің ат жалына алғашқы қол артуым еді. *** Тағы бір жай ойыма оралады... Киіз үйдің төрінде бір топ ау-ыл ақсақалдары жамбастай жайғасып, баппен қымыз ішіп отыр екен... Әкем дастарқан шетінде қымыз құйып отыр. Ол мені ым-дап шақырды да құлағыма: «Сен немене, аталарыңа сәлем беруді ұмытпа дегенім қайда?!» деп сыбырлады. Мен қатты қызарақ-тап, үйден шыға жөнелдім. Сыртта біраз тұрдым да, нық басып, үйге қайта кірдім. Көпшілікке қол қусырып тұрып: «Ассялама-лейкум, аталар»,- деп, әр сөзді қадап-қадап айттым. Бұған, әри не, бәрі күлісіп жатыр. Әйткенмен мені араз етіп алмау үшін бәрі де бір ауыздан: «Әлейкүм салам!» десті. Сонан соң әрқайсысы маңдайымнан сипап мақтайды. Жақсы сөзге мәз болып, мен өкем-нің тізесін ала жайғасамын. Ол басымнан сипап отырып: «Жа райсың, балам! Үйге кіргенде әрқашан үлкендерге сәлем беруді үмытпа. Әдепті бала сөйтеді», - дейтін. • Сөздің көркі - мақал Жеті атасын білмеген жетесіз. Жеті атасын білген ұл, Жеті жұрттың қамын жер. Өзін ғана білген ұл, Құлағы мен жағын жер. Әкем маған ата-тегіміздің аты-жөнін үйретуші еді. - Кімнің баласысың? деп сұрайтын ол. - Мен Момыштың ұлымын. Момыш кімнің баласы? - Момыш Имаштың баласы. Осылайша жеті атаға дейін жетелеп отырып санатады. Ал келген қонақ, ең алдымен, атымды сұрайтын. Сонан соң менің жеті ата жөніндегі білімімді тексе ретін. Елтанудың басы ең алдымен осы-лай басталатынын ол кезде кім білген. Кавказды аралаған кезімде үш күн қатарынан ашық аспан астында түнегенім бар. Сонда үзақ уақыт ұйқым келмей елес қуып, өмір өткелдерінің теңізіне жүзіп кеткен кездерім көп болды... Сол сәтте тағы да бала кезім ойға оралып еді... Онда мен бесте ме, әлде алты жаста шығармын. Әжеммен бірге жатушы ем. Әже құшағы қандай ыстық, қандай мейірбан десең-ші. Көзім ұйқыға кеткенше, әжем айналып-толғанып, арқамнан қағып жатқаны. Еркелеп жатып, қалғып кеткеніңді өзің де аңғар-май қаласың. Бір күні түн жарымында оянып кеттім. Орнымнан сездірмей тұрдым да, әжемнің төсегінен алыстай бердім. Ондағы ойым қораның екінші бетіндегі әкем жатқан үйге бару еді. Екі үй-дің ортасында иін тіресіп, мойындарын көкке созған күйі маңғаз түйелер жатыр екен. Жүндері үлпілдеп, түнгі самалға желпілде-гендей сезілді. Түйелердің арасымен жүріп келе жатып, мен ма мық жүнді ақ ботаның қасына еріксіз тоқтадым. Осы жерде оты рып, жұлдызды аспанға телміріп ұзақ қарағаным есімде. Ай мені еркелете күлгендей сезілді. Ал қаз тізілген түйелердің өркеші тау жоталарындай көлбеңдеп көрінгендей еді. Түннің тымықтығы сонша, мен боталардың баяу демін айқын естіп тұрдым. Мен әкеме келе жатқанымды ұмытып, осы жерде таңырқап тұра беріппін... Кейде менің өнеге алган, төлім үйренген, дәріс оқыған ұстазда рымды еске түсіріп, ойға бататыным бар. Сондай шырын шақтарда ең алдымен ата-аналарымның бейнесі елестейді. Солардың уағызы басымырақ бола береді... Өйткені есейе келе көрген көп ұстаздарым талай-талай тағы лымға бой ұрғызғанымен, солардың бірде-бірі нақ өзімнің өжем дей, әке-шешем мен ауылдың қадірлі ақсақалдарындай өсиет айдынына жүздіре алған жоқ, молынан құлаш сермете алған жоқ десем, ардақты үстаздарымның көңіліне келмес. Бұл сезім өзіме қанымның тартқанынан немесе жақыныма сезімімнің бөлекті гінен, әлде ата-анаға деген парызымның молдығынан ғана туып отырған жоқ. Өмір шындығының өзі ақиқатқа бас ұрары даусыз. • Жасалған кесінділер Ата ¥пр Дүние тарихы, жаратылыс шежіресі, жан-жануар болмысы жай-лы алғашқы әңгімені әжемнен естігенімді, адамзат қауымының қалыптасуы туралы түңғыш мағлұматты әжемнен алғанымды қалай ғана ұмытар-мын... Иә, әлемнің пайда болуы, тірлік дамуы, адамзаттың шығуы, өмір жайлы шынайы сезіммен азаматтық тұрғысын-дағы жан баурайтын аңыздарды айтқан: ненің жақсы, не жаман екенін, нені зы. сүйіп, неден аулақ жүруді үйреткен; ар заңының, әдеттің жинағынан алғашқы тарауларды таныстырған да, ең алдымен, ата-ана, ағайын-туған еді. Әрине, ол кезде мен де өзге сәбилер сияқты әжем айтқан ертегі мен аңыздардың түпкі байыбына бара бермейтінмін, әке әңгімесінің өсие тін ұға бермейтінмін және үлкендердің талай-талай өнегесін орындай бермейтін-мін... Ол кезде мені қызықтыратыны ерте-гі-аңыздардың ғажайып оқиғалары еді... Енді, міне, есейіп ер ағасы болғанымда ойласам, мен сол әңгімелерден адамзат өресінің өрісін тани берген екем ғой... Менің ұстаздарым әріптен бастап бу-ынға дейін, сонан соң ақ қағазға қалам-мен өрнек жазуға дейін үйретті. Келе-ке-ле жүйелі оқып, есепті жүйрік шығаруға қол жетті... Ал өмірдің өзі ше? Осынша ғұмырымның ішінде түрлі-түрлі күрделі жағдайда; толкымалы тоқсан сырлы кезеңде кездесіп дидарласқан, тағдырлас болған, табақтас болган адамдар ше? Мамыражай сәттерден мазасыз май данға кешіріп, көбік шашқан өмір дариясының бір толқынынан екінші толқынына аямай лақтырған уақыт ше? Осының бөрі де менің тірлігімдегі тірек болған, жүрек болған, қол ұшын берген, қорған көрсеткен ұстаздарым деп білем. Осындай уақыт талқысы гана, өмір өткелдері ғана, тірлік тізбегі гана менің ожемнен үй-ренген «жақсы», «жаман», «мақұл», «немақұл» деген создердің байыбына терең бойлата алды. Әжемнің «осылай болған екен» деген сөздері мені бірде гасыр-лардың шыңырауына сапар шектірсе, бірде құс қанатындай демеп ілгері үмтылдырды, биікке самғатты... Үй іші қоңыр салқын екен. Әжем қос сабаумен тулақты кезек-кезек тарсылдатып жүн сабап отыр. Сабау дыбысына құлақ тос-саң, әлдебір әуен сазын ойнағандай сезіледі. Екі өпкем мен жиен кызымыз біреуі жүн тасып, екіншісі тулаққа төсеп, үшіншісі үршық иіріп көмектесіп жүр... Мен дүниені көшіріп жіберердей ентелей келіп, әжемнің иығынан сілкілей беріппін: Әже, әже, тоқташы! Не үйренгенімді айтып берейінші. Құлыным-ау, сабыр етші. Мен жүнімді сабап болайын. Сонан соң асықпай тыңдаймын ғой, дейді әжем еркелетіп. Енді менің екпінім бәсеңдеп, әжемнің қасына отыра кеттім де, жүн шашып ойнай бастадым. Кіші әпкем түйдекті жұлып алып, итеріп жіберді. Қатты ызаланып, мен оны «маймылсың» деп келе-междедім. Әпкем өкпелеп, жағымнан тартып жіберді. - Неге маймыл дейсің? Өйткені сен маймыл мешін жылы туғансың. - Ал онда сен доңызсың. Өйткені сен доңыз жылы туғансың! деп әпкем маған тілін шығарып, келеке етті. Мен шыдап тұрайын ба, ызаға булығып, әпкеммен жұлқыса кеттім. Әжем мейірлене күліп, екеумізді арашалап жүр. Құрманкүл қай жылы туған? деп сұрадық біз. - Тауық жылы,- деді әжем. Құрманкүл түлымы желбіреген жіп-жіңішке нәзік қыз еді. CD 05 Қарлығаштың құйрығы неге айыр? Масаның неге тілі жоқ? 148 Бәріміз енді оны «жүнін жұлған тауық» деп мазақтадық. Құрманкүл сөз таба алмай жылап жіберді... Сонда ғой, әжемнің бәрімізді отыр-ғызып, ыстық күлше үлестіргені... ...Жыл басы тышқаннан басталатыны содан, кұлындарым, «Түйе бойына сеніп, жылдан құр калыпты» деген макал осыдан шыккан гой. Кейде «түйедей бойың болса да, тышкандай визилик жоқ» деп неге үревды дейсің адамдар. Бұл «бойына сенбе, ойынд сен, мактая созге ерме, мағыналы тірлік Сонда ғой, әжемнің бәрімізді отыр-ғызып, ыстық күлше үлестіргені...... Жыл басы тышқаннан басталатыны содан, кұлындарым, «Түйе бойына сеніп, жылдан құр калыпты» деген макал осыдан шыккан гой. Кейде «түйедей бойың болса да, тышкандай визилик жоқ» деп неге үревды дейсің адамдар. Бұл «бойына сенбе, ойынд сен, мактая созге ерме, мағыналы тірлікке ер» дегені. Сондыктвя түйеге үксап, орынсыз түксие бермендер, шырактарыи.Ақылға жүгініндер, деп күліп еді ожем. Осы сотте үйдің шаңырағынан бір қарлығаш ұшын кірді. Мұны сезген ұядағы шақалақ балапандар вузын ашып, корек тілей бастады. Боріміз де тобеге қараппыз. Қарлығаш тобедегі ұясының шетіне жайғасты да, балапандарын кезектеп жемдей бастады. Алғашқы шақалақтың аузына жем тастап жіберген кар лығаш қайта ұшты. Қарлығаштыр аспанға тік атылып, канат как пай қайтадан томен құйылғаны шаңырақтан айқын көрініп тұр. Көп ұзамай ол екінші балапанға жем өкелді. Осылайша калкып үшып, қайта кіріп қанаты талды ма, ақырғы балапанын жемдеген қарлығаш енді ұя аузында отырып тарана бастады. Шіркіннің сүйкімдісі-ай. Фью-юі деп ысқырып жібердім де, ожемнің са бауын ала салып, қарлығашқа сілтеп үркіттім. -Е-е! Жаман бала болмасаң етті! Бұзақының тірлігі гой мынауын, деп эжем қолымнан ұстай алды. Қарлығашқа неге тиесің? Бұның киелі құс екенін, адамның досы екенін білмеуші ме оң, сен бейбақ? Балапанын емін-еркін ұшырып, бақытын тапқанша, бұл құс менің үйімнің төріндегі ең қадірлі қонағым гой... Қонағыма қол көтергенің мені де сыйламағаның емес пе, шұнағым, деп ұялтып тастады. Қыздар мені мұқатқанына мәз болып күліседі. Сонда ожем менібауырына тартып, мандайымнан иіскеп былай деп еді: ↓ - Қоя қой, құлыным. Кел, алдымаотыршы, мен саған қар лығаштың құйрығы неге айыр болғанын, масаның тілі неге жоқ екенін айтып берейін. Мен қуанып кеттім. Өйткені ожемнің оңгімесі ерекше баурап, жанымызды жайлап алатын... мазмұн жаз
Ответ нейросети
06 февраля 2025 13:39
Понравился ответ?
Задай свой вопрос
Напиши любую задачу или вопрос, а нейросеть её решит



