Вопрос от Анонимного юзера 23 октября 2024 07:50
Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз. [10] Жастар материалдық игілікке ұмтылады Бұрынғы замандарда халқымыз ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде қалды-рып, отбасылық, ұлттық құнды-лық-тар-ды дәріптесе, Кеңес өкіметі кезінде «біртұтас еңбек қоғамы» құн-дылығы халық санасына жасанды түрде таңылған. Алайда Кеңес өкіметі құлдыраған соң белгісіздік кезеңі келіп, көп-ші-ліктің бір мезгілде өмір туралы түсінігі өзгерді, бейтаныс әлем-ге бет бұр-ды. Жаңа әлемде ұлттық құндылықтарымыз бір-тін-деп материалдық түсінік-термен ауыса бастады. Қазіргі таңдағы материалдық заттардың құндылық қатарына енуіне капиталистік қоғамның ақшалай өлшемі негіз болды. Мысалы, жаңа заман адамдары жұмыс істеуге емес, ақша табуға ұмтылады. Дәл осы себеппен жыл сайын лотерея, букмекерлік ұтыстар тігу, есеп-тік некелер сияқты оңай табысқа жету жолдарына түскен адамдар саны артып келеді. Осы орайда жастардың құндылық ұстанымдарын зерттеу ерекше маңызды. Өйткені жас кезінде қалыптасқан құндылық бағдарлары жеке тұлғаның белсенді ұстанымын, өзін-өзі тану және дүниетанымды қалыптастыру үшін өте қажет, дейді Аида Сыздықова. Уақыт алға озып, заман өзгергенімен, адамдар әлім-сақ-тан бойына сіңген, бол-мыс-бітімімен астасқан адам-гершілік қасиет-терден айнымау керек. Жаһандану дәуірі қалың жұрт-тың қамын ойлағаннан, қара-қан басы-ның күйін күйттеуді жөн көретіндердің қатарын көбейткені рас. Бірақ мұндай жағдайлар қашаннан қалыптасқан құндылықтарды құл-ды-ра-ту-ға, күйретпеуге тиіс. Қоғам бізді қоршаған орта. Ол ортаның жайлы өмір сүруіңе, өсіп-өнуі-ңе қолайлы болмағын кім қала-майды?! Сондықтан кез келген азамат қоғамның бір мүшесі ретінде айналасының аялы, жанға саялы болуына мүдделі. Қарапайым мысал, ауланы жинап-сыпыруды әкімдікке міндеттеп, қол қусырып отырғаннан, тұрғындар тазалыққа немқұрайлы қарамай, жауапкершілікті сезінгені абзал. Көп-шіліктің бір-біріне ілтипат көрсетіп, ізетті, қайырымды болуы бірлігімізді бекітіп, береке-міз-ді кіргізеді. Ізгілікті қоғам құру ілгері жылжудың кепілі.https://egemen.kz/article/206656-goghamdyq-qundylyqtar-%E2%80%93-qozghaushy- kush 2-мәтін 2023 жылдың 20 шілде күні басқарманың ұйымдастыруымен Қонаев қаласының мәдениет үйінде «Түркі жазбалары және қазақ жазуы» атты облыстық конференция өткізілді. Конференцияның мақсаты: рухани құндылықтарды кеңінен насихаттау, тарихи мұраны саналы ұрпаққа дәріптеу, қазақ жазуының шығу тарихын насихаттау болып табылады. Конференцияға аудан әкімдерінің орынбасарлары, облыстық басқармалардың мамандары, тіл жанашылары, этно мәдени бірлестіктер мен «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының» төрағалары қатысты. Түркі жазбалары мен қазақ жазуы туралы филология ғылымының докторы Жұбай Орынай Сағынғалиқызы, филология ғылымдарының кандидаты Ерғали Зияханұлы Есбосынов, тарих ғылымдарының кандидаты Мухтар Муратказыұлы Муратказин, филология ғылымының кандидаты, доцент Төрәлі Еділбайұлы Қыдыр, Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің оқытушысы Жаңагүл Шыңғысханқызы Саметова баяндама оқып, түркі халықтары әдебиетінің оқытылуы, Қазақ жазбасы, ортағасырлық түркі жазба жәдігерлерінің тілі мен әдебиетінің даму ерекшеліктері туралы мағыналы деректерді келтіре отырып, ауқымды мәліметтер берді. Әр баяндамашы тақырыптары бойынша слайд көрсетті. Ұйымдастырушылар тарапынан баяндамашыларға ризашылығын білдіріп, Алғыс хаттар табысталды. Алматы облысының әкімдігі мен Тілдерді басқару орталығының ұйымдастыруымен өткен облыстық «Түркі жазбалары және қазақ жазуы» облыстық конференция https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-til/press/news/details/591346?lang=kk 1-мәтін 2-мәтін [10] Тақырыбы Жанры, жанрлық ереркшеліктері неде? Құрылымы қандай мәтін бөлімдерінен тұрады? Мәтіндер қалай ресімделген? Жазылым Төменде берілген мәтінді оқып, оның мазмұны мен көтерілген басты мәселесін, мәтіннің толық нұсқасын оқуға мақсатты аудиторияның тудыратындай ғылыми-ақпараттық стильде аннотация жазыңыз. Аннотация жазуда келесі клишелерді қолданыңыз: қызығушылығын мақалада... қарастырылады, мақала... арналған, мақалада... көрсетіледі, мақаланың негізінде ... жатыр, автор... мәселелерге тоқталады, автор мәселелерін қозғайды, автордың/мақаланың мақсаты.... Орталық Азияны және Оңтүстік Сібірді мекендеген түркі тілдес ру-тайпалар бірігіп, VI ғасырдың орта шенінде Түрік қағанаты мемлекетін құрғаны тарихтан белгілі. Осы қағанаттың құрамына енген тайпалық одақтар бір кездерде өз елі мен жерінің бостандығы, тәуелсіздігі үшін жойқын соғыстарды басынан кешті. Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, Тоныкөк, Білге, Бумын қағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан жырлардың кейіпкерлеріне айналды. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау үшін, сол заманның данагөй білімдарлары ер есімдерін өркениеттің белгісі болып табылатын түркілік сына жазуымен тас бетіне түсірді. Түркі тайпаларынан қалған бұл ескерткіштер көне дәуірдің қоғамдық мәдени әрі әдеби тұрмыс-салт өмірлерінен хабар беретін жәдігер қазына ретінде бүгінгі күні барлық түркі тектес халықтарға ортақ мұраға айналды. Түркі даласының бар сырын бойына сіңірген таңбалы тастар сан ғасырларды аттап, еш өзгерместен бүгінге жетіп отыр. Болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдырылған көне түркілік жазба ескерткіштер кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарынан табылып, ескерткіштер саны жыл санап өсіп жатыр. Осы көне көз жәдігерлерге үлкен сезіммен қарап, оның ішкі мазмұны мен сырын ұғыну қазақ халқының негізгі міндеттерінің бірі.

Ответ нейросети
23 октября 2024 07:50
Понравился ответ?
Задай свой вопрос
Напиши любую задачу или вопрос, а нейросеть её решит
