Бесплатный урок с нашим репетитором!

Узнать подробнее

Новая Школа - онлайн-школа подготовки к ЕГЭ
При поддержке
Посмотреть все вопросы нейросети
Бесплатный пробный урок с репетитором

Узнай больше про репетиторов Новой Школы и запишись на бесплатный пробный урок. Мы проверим твой уровень знаний и составим план обучения по любому предмету и классу

Вопрос от Анонимного юзера 06 марта 2025 13:37

Былтырғы күз еді... Сібірдің суық қара жаңбыры сабалап тұрған. Қорғасындай қоңыр бұлттар дүниені бар салмағымен басып, орнынан қозғалмай қойғалы үш күн. Əсіреп мал қоралап жүр еді, есік алдына мойны сорайған ақ нар келіп тұрып қалғанын көрді. Түйені жаяу жетелеп алған, басында еркек бөркі, бұтында еркек шалбары болғанымен бой жетіп қалған қызға ұқсайды екен. — Үш талдап өрген бұрымынан жаңбыр суы сорғалап тұр. Аяғындағы қолдан илеген қайыс етік суға малшынып, екі ұрты бұлтиып кетіпті. Түйенің үстінде ескі-құсқыға оранып отырған мосқал əйел қыздың шешесі болу керек. — Отағасы-ай, жаурап келеміз. Үйіңе кіргізбесең де қораңа түнеп шығуға рұқсатың болар ма екен?—деді қыздың шешесі. Қыр елдерінің жоқ-жітігі қазақ-орыс қалаларына қарай шұбыра бастағалы екі жетідей болып қалып еді. Кейбіреулері Əсірептің «орыс үйіне» қонып та кеткен. Мынау екі бейшара сол шұбырындының соңы болу керек. —Осы қара жаңбырда қай құдаңа кетіп бара жатырсың, үйіңде отырмай! — Құда бізде қайдан болсын! Орыс арасында нан тауып жеп жанымыз қала ма деп қаңғырып келе жатқанымыз да... — Орыс қалаларынан еркекке жұмыс табылады. Сен немене, бір күні аштан өлейін деп кетіп барасың ба? — Іс-міс тігіп күн көреміз бе дегеніміз ғой. Ұрса бермей айтарыңды айтшы, шырағым. — Жарайды. Сайрай бермей түс енді түйеңнен.Қыз түйесін тұрған жеріне шектіргісі келіп ноқта сабағын бір-екі басып қалып «шөк!» деп еді, түйесі сызға шөге қоймады. Ауылды басына көтеріп бақырып қалды. — Өйтпе, шырағым...— Əсіреп түйені өзі жетелеп алып, шарбағы бар екен, соған əкеліп шөп-шаламның үстіне шөктірді. Түйе біресе алдына қарай, біресе кейін қарай итеңдеп барып шөкті əйтеуір. Қыз шешесі түйеден түсті. — Үйге барыңдар... Киімдеріңді кептіріп, жылыныңдар. Əсіреп екі үйдің малын жалғыз қоралап болған кезде Есеней ауылына кеткен Мүсіреп те қайтып келді. Екі сары ала иті əлі ат үстінде тұрған Мүсірептің екі жағынан келіп тізесіне асылды. Еркелесіп, желкемізден бір сипашы деп қыңсыласып қояды. Мүсіреп екі итін екі сипап еді, болды. Иттері ордаңдай жүгіріп қораға кіріп кетті. — Неге шақыртыпты? — деді Əсіреп інісіне жақындап келіп,— жай ма? — Қысқа қарай жылқыны орналастырып қайтайық. Қар түскен соң қасқыр қуармыз, аң аулармыз... Біраз күн жолдас бол, – деді. — Баратын болдың ба? — Көңілі жарым.., жалғызсырап жүрген адам ғой. «Жарайды» дедім. Мына Құлан-тұяғыңның еті оязып кетіпті. Жиреніңді мініп кет! Бұл былтырғы «Қаршығалы» шұбарына барып тірелген сапардың, алдындағы кеш еді. Келе жатқан қыстың ауыр боларын сезініп, Есеней жылқыларын жайлы жерге орналастыруға өзі аттанғалы жатқан. Мүсірепті сол сапарына шақырыпты. Мүсіреп аңырап тұрған суық жер үйіне кірді. Қазанның аузы əлі опырайып жатыр. Күйдірмеген саз кірпіштен қаланған пештің мойны сөгіле келе, жарыла келе есік жаққа қарай құлағалы тұр. Төр бөлме дегені мұздап тұр. Таңертең жинамай кеткен төсегі сол күйінде жатыр. Ортан қазықта ілулі тұрған бестік шамын жағып еді, үйдің бұрыш-бұрышынан жылт-жылт еткен өрмекшінің өрмегі көзіне түсті. Көптен сүртілмеген шамы қара-көлеңке жанса да, үй ішінің салақсып кеткенін жасыра алмай тұр. Жеңіп алған қырсыздықпен күресейін деген ой келген де жоқ. Суға малшынған киімдерін анда-мында іле тастап ашық тұрған үлкен қара сандықтан құрғақ киімдерін киді. Су болған киімдері өзі оралып келгенше сол күйінде тұра береді, əрине. «Үй болған соң бір қатын керек екен-ay»... деп ойлады да қойды. Қысқа қарай ең керегі қазандық қой! Ол иттің аузы опырайып қалған? Жазды күні төбеден тамшы аққан ба? Үйдің қабырғаларын бір сылатып алу да керек еді. Əсірептің қолы тимей жүр-ау, сірə... Оқасы жоқ, мен қайтып келгенше бəрін де түзетіп қояды ғой... Көрпе-жастықтар да кірлеген болар... Үй болған соң бір қатын керек-ақ екен!.. Үй-ішілік ұсақ жұмыстарға Мүсірептің қыры жоқ адам. Оныңопырып-жапырып жұмыс істейтін екі кезеңі бар. Таң атпай бастайды, түнделетіп тоқтайды. Бұл кезде ол екі адым жердегі үйіне де қайтпайды, жұмыс басында қонады. Ол кезеңдері — он күн жазғытұрым, жиырма күн жаз аяғында. Айналасы бір ай... Егін салуға, шөп шабуға келгенде мұнымен ешкім теңдесе алмайды! Екі үйдің егінін салатын да сол, шебін шабатын да сол. Əсірепке соқаны да ұстатпайды, бел-орақты да ұстатпайды. Маусымы аяқталды, Мүсіреп жұмыс маңайына жоламайды. Оның қайда жүргенін аттары мен иттері ғана біледі. Жазғытұрым Əсірепке бір десе бидай егіп берді, өзіне бір десе сұлы салды. Жаз аяғында екі үйдің малына екі қысқа жететін шөп шапты. Егінді де шауып берді. Сонымен оның маусымы аяқталды. Егін мен шөпті жинап аларда маңына да барған жоқ. Оның бəрі Əсірептің мойнында... Əсіреп бидайын соғып, қаптап-қамбалап алады. Мүсіреп сұлысын көктеу кезінде шауып тастайды да, соқтырмай, көкала сабағымен бірге үйдіреді. Бұ да шөп қой, ат жақсы көретін бидайық,.. Өз үйінде бір қасық суы жоқ Мүсіреп іңірде ағасының үйіне келді. Мырза жеңгем деп мақтай кірсе, Жаниша жеңгесі баптап тұрып құймақ құйып, шай береді. Арғын Қыпшақ, Керей-Уақтан Жанишаның шайындай шай ішіп көргенім жоқ десе, жеңгесі оның ойнап мақтайтынын біле тұра мақтанып, бейілденіп кетеді. Мүсіреп ағасының ауыз үйіне кіріп келгенде қазандық отына аяқтарын қыздырып, шалбарының балақтарын кептіріп отырған қызды көрді. Бойы жылынып, қалғып кетіп отыр екен. Аяқтары қандай əдемі еді! Өкшелі де үсітті, белтірлігі қиылып тұр. Ат үстінде өскен қазақ баласында сирек кездесетін аяқтар... Есік ыңыранып жабылғанда қыз оянып кетті де, аяқтарын тез жинап алып, бетін ар жағына қарай бұрып əкетті. Бəрібір, Мүсіреп оның бет-аузын түгел шалып қалды. Азырақ келтелеу келген қыр мұрын... Көз қиығының құйрығы аз ғана көтеріңкі, қызыл шырайлы торғылт түсті қыз екен. Əттең-ай, тез жасырынып кетті... — Жоғарылат, Мырзажігіт! —деп Жаниша жеңгесі тұра келіп қарсы алды. Шай ішіліп болған. Дастарқан шетінде, есікке таман мосқалдау бір бөтен əйел отыр. «Ана қыздың шешесі болар». — Қонақтарың бар екен ғой... — Қырыққа келгенше бір шүйкебас ала алмай жүрген сен емеспіз ғой біз!.. Күнде қонағымыз болып тұрады. — Ағамыз бар... алып беретін шығар біреуді. — Мен саған кімнің қызын айттырмадым! Біріне жоламадың ғой. — Сен əкесін айттырып келесің. Мен қызын айттыр деймін.— Ағасы мен інісі азырақ қалжыңмен шайқасып алды да, жеңбей-жеңілмей тоқырағандай болды. — Мырзажігіт, шай қояйын ба, сорпа-суымыз пісіп тұр еді, соған қараймысың? — Шайды сорпа-суыңнан кейін де ішуге болады ғой. — Шіренуін көрдің бе! — Е, қойшы сең өтірік ұрыспай... Мына кісі шын екен деп қалар... Жаниша самауыр, дастарқанын жинап əкете бастады. — Сен-əй, биыл неше арба сұлы үйдіріп алдың маған, білесің бе? — деді Əсіреп. — Он арба шамасы болар. — Атаңның, басы!.. Он бес арба үйіп бердім! — Сіздің үйдің арбасы деген не тəңірі... Қара құстың ұясындай ғана... — Қап мынаның ыза қылуын-ай! Отыз арба шөп үйіп бердім. Сұлыңнан артық. Екі жылыңа жетеді. — Онда биыл шөпті көп шапқан екенсің ғой! Мұрныңды бұзып жіберейін бе осы! Иілмей-бүгілмей түрекеліп тұрыпбел орақты сілтей бергенін бұлдауын қарашы! Бəлем, ендігі жылы болсын!... Табақ толы тарының үстіне шоқита қойған аз ғана еті бар кешкі тамақ келді. Жаниша ауыз үйдегі қызды да тамаққа шақырып еді, ол келмеді. Бой жетіп қалған қазақ қызы төр үйге жалаң аяқ қайдан келсін. Жаниша оған тамақты ауыз үйге апарып берді. Қыз шешесі қасығын етке қарай бір жақындатпай қойды. Қасығы тарыға да жұқалап қана батады. Қанша ашығып келе жатса да сұғанақтанбай, тартынып отыр. Қонақ жеңгем, же! Қасығыңды батыра сал! Бұл үйде сен ұялатын кісі жоқ. Мынау менің інім, ана қатынның еркесі. Егін салып, шөп шабудан басқа қара гүрешке тұратын өнері жоқ. Қасығыңды батыра сал,— деп қояды Əсіреп, аз ғана етті солай қарай ысыра беріп. — Атың кім өзіңнің? — Науша... — Байыңның аты кім? — Шақшақ еді. — Ойбай-ау, Шақшақ би өлген соң қатындары тарап кетіпті дейтін еді,соның біреуімісің? — Жоқ-е, құдай... Ол етік тігіп, мен іс тігіп, бірін біріне жалғап- жамапкүн көретін күйіміз бар еді. Ол кісі қайтыс болғалы үш жыл... — Ар жағын айтпай-ақ қой. Ағайыны бар кісі өзі де түсінеді. Ал, жеп отыр. Етке тіпті қол тигізген жоқсың. —Тəңірі жарылғасын, жаным. Осындай жайласып отырып, жылы тамақ жерміз-ау деп кім ойлаған... Бір қалың ағаштың ішінде түйемізді ықтай отырып аман қалсақ болар еді деп келе жатқамын. Бір аш-арық түйемізді жетелеп жүре берсе, біз оған не қылар едік?, — Же, же! Құдай бұйырса ертең Кпитанға, арғы күні Болатнайға да жетіп қаларсыңдар... Ағайындарың да кездесер... Же, же, тойып алыңдар тарыға, балаң да ұялмасын. Тары деген еттен де кенеулі тамақ. Байдың малы қымбат, кедейдің жаны қымбат, тойып алыңдар. Ертеңіне таңертең Мүсіреп көлден аттарын суарып қайтып келе жатыр еді, түйесін жетелеген қыз да Əсіреп үйінің алдынан жөнеле берді. Күн əлі төге жауып тұр. Қыз Мүсірепті көрді де, тұра қалды. Еркек алдынанөтпейтін салты бар екен. Ұйқысы қанып тыныққан қыз ажарлы-ақ екен. Кезін бір жалт еткізіп қалып, одан кейін қарамай қойса да, Мүсіреп одан артықты тілеместей еді. — Азап көрсеңдер де, аман жетіңдер,— деді Мүсіреп. Қыздың көз қиығына қарай тұрып, қызға арнай айтты. Қыздың шешесімен де жылы қоштасып: — Күн толастамады-ау...— деп жанашырлық білдірді. Отқа кептіргеннен кейін қыздың бір етігі аузын аша бастапты. Өзі қазір аттанып кетпейтін болса, екі панасызды өз үйіне шақырғандай еді. Мүсіреп аттарын қораға кіргізді. Ақ түйе ұзай берді. Мүсіреп қорадан қайта шықты. Аттарының жүгенін сыпырып алып сұлы маясына қарай жібере салған болу керек, тым тез шықты. Алыстап бара жатқан ақ түйеге қарады. Ұзап барады, ұзап барады. Орай-орай соққан төкпе жаңбыр ақ түйені көк жібек шымылдықпен орап алғандай екен. Қыздың етігі ғой суға шылқылдап толып болды. Мойнынан сорғалаған су қойнына құйылып барады. Неткен сорлы бала еді! Өзі бойшаң екен. Байлық жараспайтын адамдар болатыны сияқты, сəндік жараспайтын, сұлулық жараспайтын қыздар да болады. Мына қызға не кигізсең де жараса кетер еді... Құмға шыққан құба тал, қандай есуас сындырып əкетер екен... Мүсірептің қайда қарап тұрғанын Əсіреп терезеден көріп тұр еді. Неге қарап тұрғанын да сезініп тұр. — Əй, қатын, ананы қара!..— деп Жанишаны қасына шақырды.— Құдай берді, ана қайныңның əукесі салбырап құлап тұр! Өзін шайға шақыршы. Жаниша есіктен ғана бойын көрсетіп, Мүсірепті шақырды: — Мырзажігіт-ау, неменеге сонша қадала қарап тұрсың? Жүр, шайға кел. Мүсіреп келген соң ағасы ақырын-ақырын қағыта бастады. – Ел аралап жұрт аралап жүргенде бір қыз көңіліңе қонбай қойды ма сенің? – Мен қыз іздеппін бе? – Өзі іздеп келер деп жүрмісің? Не болмаса, құдай өзі айдап əкелер деймісің? Ағасының сөзді қалай қарай бұрғалы келе жатқанын Мүсіреп сол ыңғайға қарай ойыса берді. Ойдағыңды құдай өзі айдап əкелсе, кім қарсы болады дейсің. Жаңа кеткен түйелі қыз қалай көрінді? Өзіңе қалай көрінді? – Бір аяғы ақсақ, бір көзі соқыр ма деп қалдым... Əйтпесе əп-əдемі бала...Маған да солай көрінді. – Оттама енді! Қыздың патшасы! Аласың осы қызды!Қалай аламын? – Ол менің жұмысым. Мейлің... Манадан əукесі салбырап, көзін алмай қарап тұрып, енді бəлденуін қарашы мұның! Қырықтан асқанша қыз таңдап, аяғында бір салпы етекке кездесейін деп жүрмісің? Сен өз бетіңмен қатын ала алмайсың, мен болмасам. — Мейлің дедім ғой. — Айрылатын бала емес!.. Апалап іші-бауырыңа кіріп барады деп Жаниша да өз қостауын айтып қалды. – Сен аттана бер өзің. Есенейді өкпелетіп алма. Жалғыз өскен емендей сорайып жалғыз қалды ғой сорлы! — деді Əсіреп. Мүсіреп аттанып кеткен соң, Əсіреп те атын ерттей бастап еді. Үш шақырым жібермей ақ түйені қуып жетті. — Науша жеңгем, түйеңді кейін бұрып, біздің үйге тағы бір қонып кетсең қайтеді? — деді салған жерден. Қыз шешесі қорқып кетті. Осы бір кедір-бұдыр сөйлейтін адам ақ нарға қызығып жүр ме деп қалып еді. Түнде өзі «Бір аш-арық түйемізді жетелеп жүре берсе» дегені де есіне түсті. Құдайы құрғыр-ай, қайдағы бір жаман сөз аузыма қалай түсіп кетіп еді!.. — Қызыққаның жалғыз нарым болса, өзімді домалатып таста да, əкете бер, — деді. Шешесінің сөзіне қызы күліп жіберді. — Əй, сен кемпір, неден шошына қалдың өзің? — Көлденеңнен көлденең жабыса кеткен соң қайдан білейін?! – қызы тағы мырс етті. —Аузыңа құдай салып тұрған шығар, мен саған құдай алдында айрылмастай болып жабысам. Қаңғырып өлесің, кейін қайт! Құдағиым боласың! — Мына кісі не дейді? Шынар-ау, естіп тұрмысың? — Қызы үндеген жоқ, үндемесе де ішіне бір елең кіре бастады. — Түнде көрген кербез жігітің Мүсіреп, менің, інім болады. — Оны естідім ғой. — Қырыққа келгенше қыз таңдап, үйленбей келіп еді. Соған сенің балаңды айттыра келдім. Содан соң Əсіреп атынан түсе қалып түйесінің алқымында ықтап тұрған Шынардың қасына келді. Иығынан құшақтап алды. — Айналайын, ботам, атың кім еді, Шынар ма? Мен бір салдырлаған ақкөңіл адаммын. Өз баламдай жақсы көріп қалдым сені. Əкеңнің орнына əке болам. Мүсіреп жігіттің сырбазы. Қор болмайсың, қарағым. Бұр түйеңнің басын! — деп түйені өзі бұрып, өзі жетелеп алды. — Ана атқа міне ғой, айналайын. Шынар қарсыласқан да жоқ, атқа да мінбеді. Ойына бір өзі де түсініп үлгірмеген əдеп-иба түсе қалғандай еді. Əсірепке ере жаяу жүре берді. Табиғаты жалпы нəзік келетін қыз бала Əсірептен именіңкіреп, кейінірек жүріп келеді. Таңдануы да бар, қуануы да бар. Оның, əлі біреуі жеңіп жүзіне шыға қойған жоқ. Ішіне су толып қорқылдай берген етігінен ұялып келе жатқандай еді. Əсіреп біресе шешесіне, біресе қызына қарап қойып, ауыз жаппай сөйлеп келеді. Шынардың басына орнатпаған жұмағы жоқ. Ақ отау да тігіп берді. Ақтылы қой, алалы жылқыны да алдына салды. — Шынар-ау, осының бəріне иланып келемісің? — деп қояды шешесі. Шынар оған не десін. Күлімдей қарайды да үндемейді, тыңдай береді. Ауылға жеткен соң Əсіреп Шынар мен шешесін тура Мүсірептің, жер үйіне əкеліп кіргізді. — Осы сендердің үйің! Су киімдеріңді шешіп, түйенің қомында құрғақ бірдемелерің болса киіп алыңдар. Бəрекелді... батырдың өз киімдері де су күйінде қала барыпты. Төсегіне қараңдар!.. Жинамай кетіпті. Пешініңмойнына қара, құлайын деп тұр... қазандығы да құлап жатқан шығар-ау... айтам ғой. Əйелдертөр үйге барды да, шешінбестен сілейіп тұрып қалды. Əсірептің жаңағы айтқандарында көңіл көтерерлік түк жоқ əрине. Қорықпа, құдағи! — деді Əсіреп.— Кешке дейін бəрін де өзім істеп берем. Оған дейін біздің үйде бола тұрасыңдар... Қатын нан қойып жатқан шығар, кешікпей келіңдер. – Əсіреп кетіп қалды. Шынар мен шешесі əлі селтиіп тұр. Шынар-ау, не болғанымыз? Ойыны ма, шыны ма? – Шыны болмағанда, сенен ұялып өтірік айта ма, қорқып өтірік айта ма? – Қисыны келмей тұрған жоқ па, өзі? Айдалада ұстап алды да құдағиым боласың деді. Мұндайды кім көрген... – Іштеңе етпес апа... Жаман кісілер емес секілді ғой. – Мен кəдуілгі құдағи болып қалдым ба, бұларға?—Шеше байғұс қызына «өзің ризамысың?» демей осылай тұспалдап сұрағаны еді. Шынар онысына түсіне қалды да: – Болдың қалдың-ау деймін... Түйенің үстінде нең бар еді, алып келші, – деді. Шынардың қуанышы жалғыз қалған соң ғана сыртына тепті. Əуелі су етіктерін үйге лақтырып жіберді. Су болған сырт киімдерін де солай қарай лақтырып жатыр. Бөрікті лақтырып жіберіп шашын тарқатып, үй өзінікі несіне ұялады түгел жалаңаш қалды. Аяқтары су сорды бозарып кетіпті. Шалбар мен іш киімнің ышқыры беліне батып қызартып жіберіпті. Түнде өзі қасып алған ба, немене, бір жерінен қан білінеді. Шынар ілулі қалған бет орамалмен сүртіне бастады. Білектері, аяқ-сан еттері жұмыр, бұрын бір байқағанынан гөрі əлуетті сымбатты сезіледі. Қазақ қызы денесін сылап-сылатып көрген емес. Бірақ, шын сымбатты, шын балғын денегеқызығатын, қуанатын да сияқты. Шынар өз денесіне солай қарап қалды. Есік ашылғаны естілді. Шынар жалаңаш бойы жиналмай қалған Мүсірептің көрпесінің астына кіріп кетті. Келген шешесі екен. Енді оның тұрғысы да келер емес. Бойы жылына бастады. Жас дене керіліп-созылуды тілей ме, қалай? Жылына түскісі келеді. Иісі қандай екен деп көрпе- жастықты иіскеледі. Аз ғана қалампыр иісі келеді. Салақ болар, киімдерін əр жерге қалай болса, солай іліп кетіпті. Суық сүйегімнен өтіп болып еді, жер үйі болғаны қандай жақсы болды! Пешін түзеп берсе, тоңбаймыз ғой. Аты Мүсіреп, ə? Құдай-ай, Мүсіребім қашан қайтып келер екен?.. Мүсіребім деп жатырмын ба, ей? Ұят-ай, ұят-ай! Мынау қара сандықтың ішінде не бар екен? Үстінде үш көрпе, төрт жастық тұр. Қатыны жоқ үйге де қонақ келетін болғаны ма? Апам бір жастық жастанып, көрпе жамылып ұйықтасыншы. Екі басты қоржын, бір кішірек қапшық, бір қол сандық, тағы бір түйіншектерін көтеріп, Шынардың шешесі Науша қайтып келді. — Біреудің төсегіне жатып алғаның не, Шынар? —дей кірді. — Неге біреудікі болсын...— деді Шынар.— Нең бар еді, апа? Құрғақ па екен? — Түнде үйге кіргізгемін. Құрғақ шығар. Мə, кебіс-мəсің... Камзол-көйлектерің уқаланып қалған шығар. Бөркіңді бегіре басқа айналдырып салып ем, үкісі ғана ұйысып қалыпты. Ана байғұс қашан да ана ғой, қызының бірсыдырғы киімін сақтаған екен. Бөріктің тысы мен жалғыз жеңсіз қамзолдан басқа барқыты болмаса да, бəрі де қынамалап қиыстырып əдемі тігілген. Өз қолы бас білетін байғұс шеше арзанды қымбаттай ажарлай біліпті.Киініп болған соң — қыздың көркі шүберек, Шынардың бойы өсіп, белі қыналып, көзі жарқырап кетті. Шешесі де онша мосқал емес екен. Өз киімі де жұпыны болғанымен жарасымды тігіліпті. — Құдағи! —деп жайраңдай күліп Жаниша келді. Қос құдағи əуелі қолдарын ұшынан ұстап, құлаштарын екі жағына үш-үштен көріп барып құшақтасты. — Бауырым, айна кезім! — деп Жаниша Шынарды еті бетінен кезек-кезек сүйді.— Ал, шайға жүріңдер... Төсек-орынды жинап жауып кетейік...Қазір қайын ағаң келіп пешті түзеймін деп отыр. Науша мен Шынар келіп кірген соң Əсіреп кетуге айналды. — Құдағилар, өздерің оңаша отырып сырласыңдаршы бір, Əсіреп — Мүсірептің құлағын шулатып! — Əсіреп шығып кетті. — Кəне, Шынаржан, шайды сен құй. Құдағилар отыратын келіндер жүгіріп жүретін! — деді Жаниша. Қос құдағи оңай ашылысып кетті. Шақшақ жақсыетікші болған екен... Шынардың аяғындағы кебіс-мəсті бұдан төрт жыл бұрын өзі тігіп берген. Алдыңғы жылы сүзектен қайтыс болды. Ағайын өздеріңде де бар шығар, белгілі ғой... Жетісі деді, жылы деді. Қасқыр мен ағайын жеп тауысты. Жаздыгүні ауылдың шетінде, қыстыгүні желдің өтінде жұрдай болдық та қалдық... Биыл жаз бойы бір тамшы жаңбыр жауған жоқ. Ауылымыз біртіндеп-біртіндеп ішке қарай көшіп кетті. Жалғыз үй мен де отыра алмадым. Ақнарға міндім де, кете бердім. Қалтамда Шақшағымның тігіп тапқанынан қалған үш теңге алпыс жеті тиын ақшам бар түйіп алған. Содан басқа түгім болса бұйырмасын. Өзіне таныс əңгімелердің бірде-бірі Шынардың құлағына кірген жоқ. Жаниша өз үйлерінің, жайын айта бастағанда ғана сергек отырды. Əсіреп бірдеме істемей отыра алмайтын адам екен. Қолынан келмейтіні жоқ. Əкесінен жастайынан жетім қалған екі бала — Əсіреп пен Мүсіреп əуелі қой бағыпты, сиыр бағыпты... Жиырмаға жақындағанда Түмен қаласына барып бес жыл жүкші болыпты. Кемеге бидай, кірпіш, көмір, тері-терсек артады екен. Содан əйтеуір мал басы құралып еліне қайтыпты. Осы күні құдайға шүкір, қазанымыз тоқ, ешкімнің қолына қараған емеспіз... Мүсіреп жайына көшер екен деп Шынар шыдамсызданып отыр еді: Келінімнің көңіліне келіп отырған шығар, деп күлді.— Мырзажігіттей жігіт қайда! – деп бастады. Ағайын арасының қақ-соғында жұмысы жоқ, ағасы ұрсып жатса да үндемейді, қалжың айтып жеңеді. Егін салғанда, шөп шапқанда ондай ерінбейтін адамды көрген емеспін. Содан кейін ауылдан таба алмайсың. Əнші-күйшілерге еріп кете барады. Екі аты, екі иті бар... Екі биесін біз сауып ішеміз.. Биыл екі биесін екі дос жар адамы сұрап əкетіп, жақында ғана қайырып əкеліп берді. Құлындары арық-ақ... Былтырғы құлындары биыл тай ғой, өздерің көрерсіңдер əлі, жардай.Былтыр біз сауғамыз... Мырзажігітке жұрты бар болғыр да дамыл бермейді. Ойын-тойына шақырады. Ағайын арасының дау-жанжалына шақырады. Бүгін əне, Есеней шақыртып əкетті... Шынар ақырын ғана күрсініп қойды. —Көп кешікпес. Он-он бес күнде қайтып-ақ қалар. Осы қыздан айрылып қалма, айттырып кел. Қырық жетінің нешеуін сұраса да бер деп ағасын өзі жұмсап кеткен. Шынардың жүзіне қаны ойнап шыға келді. Ақкөңіл шеше: – Бізге онша малдың керегі не, тəңірі... Оны бағатын кіміміз бар? – деп қалды. Шынар күліп жіберді. Іңір кезінде Əсіреп үйіне қайтып келді. — Бəрін де бітірдім... Пештерің гүрілдеп тұр. Кепсін, бір-екі күн от жақпай шыдай тұрыңдар. Ертең үшеуің де білекті сыбанып, етекті түріп жіберіп, Шынардың үйін сылап алыңдар. Біздің шошалада ақ балшық үйіліп жатыр. Айтпақшы, қаңғыбастың шошаласын да, сандық, кебежелерін де астын-үстіне келтіріп ақтарып шығыңдаршы... Құдай біледі, талай дүниесі шіріп жатыр. Шынар үйіне қайтып келісімен əуелі қара сандықты ақтарды. Нағыз салақтық осы қара сандықтың ішінде екен. Жуылмаған киім де, киілмеген киім де ойран-ботқан аралас жатыр. Тігілмеген маталар да бар — ши барқыт, қына сары сəтең ақ зонт, иленген бір-екі қара елтірі. Бір-екі түлкі терісі, қын-қынап, оқшантайлары салпылдаған ескі кісе, етікке жарайтын былғары, мəске жарайтын «көзел»— ешкі терісі. Шынар өзіне керекті бірдемелерді іздеп сандықты түбіне дейін тырналаса да, еш нəрсе таба алмады. — Өмірімде қатынсыз өтем деп жүрген бе? — деп қабағын да шытып қалды. Ауыз үйде кебежені ақтарып болған шешесі бері келіп: — Қант-шай, ұн, майы бар екен— деді. —Онда аштан өлмеспіз,— деп күлімсіреді де Шынар сандықтың қақпағын жаба салды.— Саған болмаса, маған лайық түгі де жоқ... Келгесін сыбағасын да алатын болар!..— Шегірткені маңдайынан шертпейтін жандардың сондай бір қыр көрсететіні болады. Шынар соны істеді. Мүсіреп үйіне жиырма күннен артық жүріп қайтып еді. Ауыл жатып қалған кез еді. Екі үйде де жарық жоқ екен. Əсірептің көк иті шəу етіп қорадан шықты да, екі сары аланы тани кетіп жым болды. Оларға соқтығып керегі не? — «Жəй, əшейінім еді» дегісі келгендей қыңқ етіп қалып, үйшігіне қайта кіріп кетті. Мүсіреп атын қораға кіргізіп байлады да, жымдастырып теңдеп,артына бөктеріп алған қасқыр терілерін шошалаға апарып тастай салды. Содан кейін ғана үйіне кіруге беттеді. «Үй аңырап мұздап тұрған шығар- ау... шай қайнатып ішетін су қайдан болсын»,—деп ойлады. Үйінің есігін ашты да, аңырып қозғала алмай қалды. Басқа біреудің үйі сияқты Үй жып- жылы. Шамы жарқырап жанып тұр. Күле қараған бір қыз, бір мосқалдау əйел төр үйде мұны күтіп тұрғандай екен. Шам жарығына алтындай шағылысқан қына сары шымылдық аз ғана ысырылып, ақ жастықтар көрініп тұр. Тани алмай қалдың ба, шырағым... Біз ғой, Шынар екеуміз. Жоғарылат, – деді Науша. Тануын танып тұрып, сене алмағаның қызық болады екен, – деді Мүсіреп. Құдайдың бұйрығы шығар, осылай болдық. Мүсіреп Наушаға екі қолын бірдей ұсынды. — Аман-сау болдыңыз ба? — Шүкір құдайға... Көздері жарқырап-жайнап тұрған Шынарға бір ауыз сөз тауып айта алмады. «Сол қыздан айрылып қалмадым ба екен?» деп асығып қайтып еді. Екі күндік жерге бір-ақ күнде жетті. Енді, міне, сол қыз алдында тұр. Мүсірептің аузына бір ауыз сөз түспей қойды. Шынар да оны жиырма күн асыға күтті ғой. Есіктен кірген бетінде мойнына асыла кетермін деп ойлаушы еді. Терезе алдынан қарды сықырлатып салт атты өте бергенде: — Апа, шам жақ, Мүсіреп келіп қалды! Сол...— деген. Енді міне, ол да үндей алмай қалыпты. Көздері жарқырап күлімдеген бойы орнынан қозғала алмай тұра берді. — Шешін, шырағым,— деді Науша.— Өзің жоқта үйіңе кіріп алып, жағамыз жайлау, төбеміз қыстау, отырмыз жайланып. Мүсірептің есі шешініп болған соң кірді. — Құдайдан бір сұрағаным болса — осы болар, шеше... көзім көріп тұрса да көңілім сенбей, есімді жия алмай тұрмын,— деді Шынарға қарап. Шынар ақырын басып келіп, екі қолын Мүсірептің иығына салды. — Өзің тоңып қалыпсың ғой. Қарның да ашқан болар... Апа, шай қоймайсың ба? Анау үй білмей қалып жүрмесін.— Көздері Мүсірепте, жұтып жібергелі тұрғандай. Шешесі шығып кеткен соң Мүсіреп Шынарды баладай көтеріп алды: демалысы қандай жақсы еді, сүт иісі келеді. Денесі қандай балғын еді, сымдай бұралады. Даусын күміс қоңырау ма дерсің... Балаша еркелейді екен. Жан-жүрегінде бір кіршік бар ма екен, сірə? Үзіле қарайды екен... — Мен саған көп өкпелеп едім. Қазір бəрі бір-ақ ұмытылып кетті. Сен неге сонша кешіктің? Мүсіреп үйреншікті қалжыңына бұрыла бастады. — Сен үйді түзеп болсын дегенім ғой. — Онда менің осында екенімді есіткен болдың ғой? — Жоқ, түсімде көрдім: екі білегіңді сыбанып алып үй майлап жүр екенсің... Маған салақсың деп ұрсып та жүрсің... — Өтірік... ойнап айтасың! — Ойнап айтқаның шынға айналса, о да шындық емес пе? — Ə? —Шынар аңдай алмай қалды. — Үйді міне жайнатып қойыпсың. Көпіртіп көк шөп төсепсің, жұпар иісі аңқып тұр. Төсек-орнымыз мынау құлпырып тұрған! Осының бəрі шын емес пе! Сен емес пе, бəрін істеген! Əйел жаны мақтағанды қандай жақсы көріп тұрса да, Шынар адалжанның шынын айтты: — Мен жалғыз істегенім жоқ. Көбін істеген жеңешем мен апам... Келе жатқанын білдіре, дауыстай сөйлеп Əсіреп келді. — Қаңғыбасың аман келді ме, Шынаржан?.. Енді үйден шығарма! Шынар Мүсірептің құшағынан сырғып түсті. — Ағеке, жоғары шығыңыз,— деді де, қызарып кетті.— Жеңешем қайда, ағеке? — Тойға барымды киіп келем деп əуреленіп жатыр. Той емес пе, бүгін? Той, айналайын, той! Сен келдің де береке келді, қарағым. Екі үйлі түрікпен дегенмен бір үйлі едік, енді ғана екі үйлі болдық. Оңаша бір отырайықшы! Ат-көлік аман келдің бе? Ертең іздеп шығайын деп Құлан- тұяқты бүгін таң асырып қойып едім. Тіпті Шынаржаннан ұялып өлер болдым. Інісіне бар амандасқаны осы. Əсіреп төрге шығып отыра беріп: — Келін қарағым, қайнат шайды, ас етті, бұрқырат! —деді. Қалың Сибаннан шетірек отыратын екі үй қуаныштары қойнына сыймай таң атқанша отырып, əрең тарасты. Қыз шешесі алдақашан ауыз үйде төсегін əзірлеп алған екен құлағын тығындап, көрпесін тұйықтап айқара бүркеніп алды да, жатып қалды. Шынар азырақ ысырулы тұрған шымылдықты жазып жіберді. «Бұрын жер төсектің бас жағында тұратын қара сандықтың енді аяқ жаққа қойылғаны дұрыс болған екен» деп ойлады Мүсіреп, шешіне беріп... --- Той өтіп жұрт тарағаннан кейін де Есеней ауылы қонақ болып қала берді. Керей-Уақ тойға да келіпті, дау-шарын да ала келіпті. Қолдарына көп түсе бермейтін аға бидің ауызына неше жылғы сұр болған даулар, өтірік- шынымен енді есейе бастаған жаңа даулар келіп орнап қалды. Əлі жайлауға көше алмай отырған алты ауыл Сибанның қайсысына болса да к..малды болып жатып алған дау иелері аз емес. Есеней күн бойы даушылардың ортасында. Өз үйінде іс, қыр басында да солардың қоршауында отырады. Дауды созбай шешеді. Екі жақтан екі- екі адамнан сөйлетеді де кесімін айтады. Көлденеңнен қыстырылып, біреудің аузына сөз салған адамды жазалай отырады: кесімнің төрттен бірін соған төлетеді. Куə дегенге сенбейді, қуып тастайды. Ұрының куəсі көп, өтірік даудың куəсі көп, зорлықшының куəсі көп. Бұл оның бұлжытпай ұстайтын дəстүрі. Дау-шар сонда да бір жетіге созылып кетті. Бұл күндерде Ұлпанның қолы да босай алмады. Қой қырқылып, жылқы күзеліп жатқан кез екен. Əуелі бір кемпір келді. — Қарағым-ай, төрт жетімек немерем тырдай жалаңаш... тым болмаса бір-екеуіне күпі тігіп беретін жабағы берші. — Ала ғой, шеше... Төртеуіне де жететін етіп ал... Одан соң екі кемпір келді. Одан соң екі кемпір, бір жастау əйел, одан соң екі кемпір, екі жастау əйел, одан соң үш кемпір, үш жастау əйел, одан соң, одан соң... келе берді, көбейе берді, келе берді... Жабағы сұрайды, қыл сұрайды, сүт сұрайды, ұн сұрайды, киіз сұрайды, шай сұрайды, бөрікке тыстық, көйлекке түйме сұрайды, жайлауға көшетін көлік сұрайды.. Ұлпан ешкімнің қолын бос қайтармай бере берді. Мырза келін атанғысы келіп берген жоқ, əлденеге іштей наразы, əлденеге іштей намыстанып үлестірді. Тойдан да, даушылардан да, сұраншылардан да Ұлпан əбден қалжырап қалды. Бұл оның бойы үйренбеген кездесермін деп ойламаған күндері еді. Біресе сұраншақтардың осынша көптігіне ыза болып Есенейдің бар байлығын таратып бергісі келеді, біресе Керей- Уақтың осынша даукестігіне ыза болып қудырып тастағысы келеді. Ақылды болса да «ақыл-азуы» деп аталатын даналық азуы əлі шықпаған жас əйел көзі үйренбегенге көндіге алмай жүр. — Ертең келеміз!—деп Шынарға да үш рет кісі жіберіп алды. Қашан баратыны əлі де белгісіз. Аяқ-асты бола бастаған соң шешесін де үйіне қайтарып жіберді. Мұның екеуі де жанына батып жүр. Есеней де үйіне шаршап келіп жығылады. Есенейден жырылып жайлауға көше алмай отырған алты ауыл Сибанның күңкілі де əйелдер арқылы күнде құлағына тиіп отырады... Тойдан кейін тоғыз күн өткен соң, кешке қарай Ұлпан үйден шығып, қыр басында даугерлердің ортасында отырған Есенейге қарай бет алды. Ақырын жүріп келеді. Алтындатқан ақ сəукеле, алтын жіптері көзіне еріксіз шалынып келеді. Даукестер тобы едəуір азайған екен. Сонда да əлі бір жетіге мол жететін... Осы шығарма бойынша эссе жаз

Ответ нейросети

06 марта 2025 13:37

Тема: Отражение социальных и культурных аспектов традиционного общества в произведении

В произведении, основанном на жизни казахского народа, изображены не только события, но и глубокие культурные традиции, социальные связи и внутренние конфликты персонажей. Одним из значительных аспектов текста является взаимодействие между героями, которое отражает как обычаи, так и изменения в их жизни, вызванные обстоятельствами.

Социальные связи и традиции

Главные персонажи — Әсіреп и Мүсіреп — представляют собой образцы традиционных ценностей общества. Они работают, заботятся о своих семьях и стараются сделать свою жизнь лучше, проявляя при этом гостеприимство и заботу о ближних. Встреча с женщиной и ее дочерью под дождем символизирует важность солидарности и помощи в трудных ситуациях. Гостеприимство казахского народа ярко показано, когда Әсіреп предоставляет крышу и еду незнакомцам, что говорит о высоких моральных ценностях.

Кроме того, диалоги между персонажами пронизаны традиционным уважением к старшим и соблюдением социальных норм. Это раскрывает их характеры и жизненные приоритеты. Мүсіреп, которому всего лишь нужно завершить дела, чтобы помочь своей семье, сталкивается с внутренним конфликтом — желанием помочь и необходимостью следовать своим делам.

Изменения и конфликты

С течением времени и изменением обстоятельств, персонажи начинают осознавать меняющиеся реальности. Бойкие разговоры между персонажами о поисках работы, необходимости приспосабливаться к новым условиям жизни показывают, как социальные и экономические изменения влияют на традиционные устои.

Кульминацией становится свадьба между Шынар и Мүсіреп, где проявляются темы любви, семьи и общества. Шынар, несмотря на свою скромность, становится центром внимания, что подчеркивает значение женщин в традиционном обществе — они не просто помощницы, но и главные героини своих историй.

Заключение

В заключение, произведение глубоко исследует социальные и культурные аспекты жизни казахского народа. Через взаимодействия следим за тем, как традиции и обычаи формируют жизни персонажей, и как социальные изменения сталкиваются с этими традициями. Это создает богатую и многослойную картину, в которой прописаны вечные темы дружбы, помощи в трудные времена и изменения, сопровождаемые внутренними конфликтами. Таким образом, данное произведение служит не только повествованием, но и важным комментариям о культуре и жизни настоящего времени.

Задай свой вопрос

Напиши любую задачу или вопрос, а нейросеть её решит

Похожие вопросы 15

Бесплатно Мобильное приложение ГДЗ
Мобильное приложение ГДЗ

Задавай вопросы искуcственному интеллекту текстом или фотографиями в приложении на iPhone или Android

qr-codegoogle-playapp-store

Саша — ассистент в телеграмме

**Тема: Отражение социальных и культурных аспектов традиционного общества в произведении** В произведении, основанном на жизни казахского народа, изображены не только события, но и глубокие культурные традиции, социальные связи и внутренние конфликты персонажей. Одним из значительных аспектов текста является взаимодействие между героями, которое отражает как обычаи, так и изменения в их жизни, вызванные обстоятельствами. **Социальные связи и традиции** Главные персонажи — Әсіреп и Мүсіреп — представляют собой образцы традиционных ценностей общества. Они работают, заботятся о своих семьях и стараются сделать свою жизнь лучше, проявляя при этом гостеприимство и заботу о ближних. Встреча с женщиной и ее дочерью под дождем символизирует важность солидарности и помощи в трудных ситуациях. Гостеприимство казахского народа ярко показано, когда Әсіреп предоставляет крышу и еду незнакомцам, что говорит о высоких моральных ценностях. Кроме того, диалоги между персонажами пронизаны традиционным уважением к старшим и соблюдением социальных норм. Это раскрывает их характеры и жизненные приоритеты. Мүсіреп, которому всего лишь нужно завершить дела, чтобы помочь своей семье, сталкивается с внутренним конфликтом — желанием помочь и необходимостью следовать своим делам. **Изменения и конфликты** С течением времени и изменением обстоятельств, персонажи начинают осознавать меняющиеся реальности. Бойкие разговоры между персонажами о поисках работы, необходимости приспосабливаться к новым условиям жизни показывают, как социальные и экономические изменения влияют на традиционные устои. Кульминацией становится свадьба между Шынар и Мүсіреп, где проявляются темы любви, семьи и общества. Шынар, несмотря на свою скромность, становится центром внимания, что подчеркивает значение женщин в традиционном обществе — они не просто помощницы, но и главные героини своих историй. **Заключение** В заключение, произведение глубоко исследует социальные и культурные аспекты жизни казахского народа. Через взаимодействия следим за тем, как традиции и обычаи формируют жизни персонажей, и как социальные изменения сталкиваются с этими традициями. Это создает богатую и многослойную картину, в которой прописаны вечные темы дружбы, помощи в трудные времена и изменения, сопровождаемые внутренними конфликтами. Таким образом, данное произведение служит не только повествованием, но и важным комментариям о культуре и жизни настоящего времени.